Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ministry of education and science of republic of kazakhstan



бет113/153
Дата06.02.2022
өлшемі2,16 Mb.
#34752
түріТезисы
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   153
Сартқожаұлы Қ.
Астана/Қазақстан

БАЙЫРҒЫ ТҮРІКТЕРДІҢ ОҒУЗ, ИОЛЛУҒ АТАУЛАРЫНА ҚАҚЫНДА

Автор бұл сраптамалық (аналитикалық) мақаласында түркология ғылымында талас тудырып, әртүрлі тұжырым жасалып келген өзекті проблеманы қайта көтеріп, ғасырдан астам уақыт бойы ондаған ғалымдардың жасаған талдауларымен тарихи нұсқалардың бұлжымас деректерін автор салыстыра, сараптай отырып, талдау жасап, өз ұсынысын білдірген. Онда:



  1. Қытайдың ежелгі және ертеортағасырдағы у-ху (uo-γurt~wou-ho), у-гэ (uo-γuo~wou-hou), Ювэнь-хэ (jiwan-γuәt~yuan-ho), Вэй-гэ (wou-hou~wei-ge) деп белгілеген атауларға байланысты Т. Ханэда (1957, 154-324 бб.), А. Катаяма (1981, 39-55 бб.), В. Томсен (1896, 148 б.), Ж. Ошан (2009, 496 б.), Лю Мэйсун (1980, 97-103 бб.), Т. Зәкенұлы (2005, 109-114 бб.), Қ. Сартқожаұлы (2005, 109-114 бб.), Э. Пуллибланк (1956, v. XXVIII), Ж.Р. Гоамилтон (1962, 23-64 бб.) еңбектеріне сараптама жасай отырып, байырғы түрік бітіг мәтіндерінің түпдеректерімен салыстыра қарастыра келіп, байырғы түріктердің ОҒУЗ атты тайпалық одағының атауы екенін дәлелдеген.

  2. Ертеортағасырда Орталық Азиядағы түрік текті оғуз тайпаларынан бастап, бас қосып, бір тудың астына жиналып, тайпалық одақ құрып, халықтың менталитетінде қасиетті деп кие тұтқан «тоғыз» санын әрбір тайпалық одақтар атауларына қосып атайтын дәстүр пайда болған. Аталмыш тайпалық одақ басқалармен терезесі тең болғанын көрсетіп, халықтың символы есебінде түсінілгені туралы автор тұжырым жасайды. Онымен қатар, тоғыз-оғуз этникалық атау емес, саяси атау екенін дәлелдейді.

  3. Қытайдың Таң патшалығының ресми шежірелерінде деп белгіленген иероглифті зерттеушілер yo-wo-ko, немесе yao-lo-ko деп транцкрипция жасап, «jaγlakar (yaγlaqar)» деп жаңғыртып келген еді. Ғылыми әдебиеттерде осы жаңғыртпа қалыптасқан.

Автор байырғы түрік бітіг (рун) мәтіндегі Тэс, Теркін және Орда-Балық (Қарабалғасун)-дағы соғды мәтініндегі Иоллуғ тайпасына байланысты дерек ақпараттарды Қытайдың әлеуметтік шежірелерінде белгіленген иероглифпен салыстыра сараптай отырып, жоғарыдағы yo-wo-ko, yao-lo-ko деген атауларды «Иоллуғ» деп жаңғырту дұрыс деген тұжырым жасаған.
Бұл үш үлкен проблемаға жүргізілген сараптама, Монғол даласында б.з. VIII-IX ғғ. орнаған Біріккен түрік (ұйғыр) қағанаты ертеорта ғасырдағы түрік империясының үшінші патшалығы болғанын дәлелдейтін ғылыми тұжырымдамалардың бірі болып есептелінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет