Ибраева А.Ғ.
Астана/Қазақстан
ТҮРКІЛЕРДІҢ ДӘСТҮРЛІ ДҮНИЕТАНЫМЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
Дүние жүзіндегі әр халықтың мәдениеті материалдық мәдениет құндылықтарымен ғана шектелмей, әлемнің жаратылысы туралы мифтермен байланысты дәстүрлі және рухани дүниетаныммен байланысты. Бұған тіршілік атаулынының бәріне тиесілі өмір мен өлім, уақыт пен кеңістіктегі адамзат қоғамының даму ерекшеліктері, кез-келген халықтың әдет-ғұрып, салт-дәстүр, тұрмыс-тіршілігінің тарихи негіздері жатады.
Ежелгі түріктер бір құдайға ғана сыйынбаған, бұл мәселеге байланысты әр тайпаның, әр отбасының, тіпті әрбір адамның өзіндік көзқарасы болған. Түркілерде «жарық сана» идеологиясына негізделген «тәңірлік» дін кеңінен тараған. Онда адамды мәжбүрлеу, еріксіз өзіне тарту міндеттері қойылмаған. Сондықтан «тәңірлік» діннің идеологиясы басқа діндердің идеологиясынан рухани жағынан айырмашылығы бар.
Дәстүрлі түркі дүниетанымында адамзаттың тіршілігінің негізі қоршаған ортаны танып білу және өзінің орнын табу болды. Жалпы жер шарының қалыптасуы, адамдардың, жануарлардың, өсімдіктердің пайда болуы және олардың ішкі әлемі туралы түсініктердің шексіз екендігін бүгінгі күнге дейінгі шешімін таппай отырған мәселелермен ұштастыруға болады.
Ежелгі түріктердің космогониялық көзқарастары мифологиялық бейнелер және эпикалық поэмалар түріндегі мәтіндік нұсқада кездеседі. Мұнда тіршілік әлемінің пайда болуына байланысты оқиғалар желісі, адамзат қоғамының алғашқы қауымдық бейберекеліктен өтуі жайында мәліметтер кездеседі.
Түркілердің түсінігінде ағаш ру мүшелерінің өмірімен байланысты. Бүкіл түркі халықтарының фольклорлық жинақтарында ағаш ру мүшелеріне өмір беруші ретінде маңызды рөл атқарады. Сондықтан да бүгінгі қазақ халықындағы ағаш негізінде қалыптасқан шежірелік дәстүр сақталып отыр.
Төлешова Л.Х.
Астана/Қазақстан
Достарыңызбен бөлісу: |