Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ministry of education and science of republic of kazakhstan


ТҮРКИЯДАҒЫ ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ



бет122/153
Дата06.02.2022
өлшемі2,16 Mb.
#34752
түріТезисы
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   153
ТҮРКИЯДАҒЫ ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

Барлығымызға мәлім болғандай кез-келген мемлекет егемендікке жеткеннен кейін түрлі құрылымдарын, құндылықтарын түгендеу мүмкіндігіне ие болады. Солардың ішінде ең маңызды саласы адам тағдырына байланысты болып табылады. Біздің жағдайымызда, еліміз өз тәуелсіздігіне жеткен күннен бастап алыс және жақын шет елдердегі қазақ диаспорасына ерекше көңіл бөле бастады. Солардың ішінде үлкен тарихи мәнге ие болған Түркия еліндегі қазақ диаспорасы болып отыр.


Түркиядағы қазақ диаспорасы негізінен өткен ғасырдың 50-ші жылдары Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының Алтай округінен («алтай қазақтары») көшіп барған, сондай-ақ ХХ ғасырдың 80-ші жылдары Ауғанстан мен Ираннан босқын ретінде қоныс аударған қазақтардан тұрады. Стамбул консулдық округінде алтай (3450 отбасы) және ауған (740 отбасы) қазақтары тұрады.
Бұл жақтағы қазақтардың саяси рөлін айтар болсақ, жасыратыны жоқ, көздеген жағдайдан көп алыста жатыр. Мұның көптеген себептері бар. Ең бастысы, Түркиядағы қазақтардың саны аз. 80 миллион халқы бар елде небәрі 20 мыңға жуық қазақ өмір сүруде. Сонымен қатар әлсіз диаспораның атамекенге пайда келтірмесі де анық. Сондықтан шетелдегі қазақтарды елге көшіріп әкелудің жолын ғана емес, оларды тұрған елдерінде қалай күшейтуге болатынын да ойластырған жөн. Бұл әсіресе, алыс шетелдегі, яғни Түркия мен Еуропа қазақтары үшін аса маңызды. Өйткені бұл елдерде Қазақстанның имиджін көтеру ауадай қажет. Әрбір елдің табиғи қолдаушыларының өздерінің диаспоралары екені халықаралық тәжірибелерден белгілі [1, 175].
Түркия қазақтары қауымдастық төрағасы Дәруіш Қылыш былай дейді: «Қазақ Президенті мен мемлекетінен тілейтініміз – Қазақстан латын әрпіне тезірек көшсе екен. Түркиядағы қазақтар болсын, Еуропадағы қазақтар болсын, қазақша кітап-журналдарды, баспасөзді оқи алмайды. Мұнда біздің жеке кітапханамыз бар. Онда Қазақстаннан жіберілген 5000-нан аса кітап шаң басып тұр. Оның ішінде Абай атамыздың, Мұхтар Шақановтың, т.б. қазақ ақын-жазушыларының кітаптары бар. Бірақ оны оқуға мүмкіндік жоқ.» - деп қанжылады. Алайда әліпби мәселесі бүгінгі таңдағы өзекті проблеманың бірі болып табылады. Зейтінбұрны ауданында Абай атындағы орта мектеп бар. Бірақ, аты – қазақша да, заты – түрікше. Дәруіш Қылыштың айтуынша, қазақтар қауымдастығы жанында қызмет ететін қордың қазақша мектеп ашуға мұршасы жетпейді екен. Екінші жағынан қандасымыз: «Біз бөлек қазақ мектебін ашып, қазақша бала оқытамыз» деуге ыңғайсызданамыз, - дейді.
Жоғарыда айтылған мәселелерді түйіндей келе, Түркиядағы қазақтардың ана тілі мәселесіне байланысты, әсіресе жас буын өкілдерінің оны ұмытып бара жатқандығы бүгінгі таңдағы өзекті мәселенің бірі болып табылады. Латын әліпбиіне көшу немесе көшпеу келешекте нақты бір шешімін табуы тиіс. Алайда, шет елдегі қазақтардың қазақ тілін, дәстүрін ұмытпас үшін, олармен қатынасты дамыту, оқу құралдарымен қамтамасыз ету, қазақ мәдени орталықтарын құру, мәдени іс-шараларды көптеп ұйымдастыру және ол жақтағы жастарға Қазақстанда білім алуын қамтамасыз етуге жағдай жасалуы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет