Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ministry of education and science of republic of kazakhstan


«ТӨРЕ БІТІГІ» ЕСКЕРТКІШІНІҢ ЛЕКСИКА-СЕМАНТИКАЛЫҚ СИПАТЫ



бет153/153
Дата06.02.2022
өлшемі2,16 Mb.
#34752
түріТезисы
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   153
«ТӨРЕ БІТІГІ» ЕСКЕРТКІШІНІҢ ЛЕКСИКА-СЕМАНТИКАЛЫҚ СИПАТЫ
Қазақтың құқықтық тарихын зерттеудің қосымша көзі болып орта ғасырлардағы қыпшақ жазба ескерткіштері саналады. Осы салада көлемі жағынан аса зор армян жазуымен 1519-1689 жылдары жазылған төрелер жинағын, іс жүргізу кодексін, кәсіптік және қоғамдық ұйымдардың жарғыларын, діни және азаматтық, өзін-өзі басқару актілерін қамтитын заңи ескерткіштерінің маңызы ерекше құнды. Осы ескерткіштердің арасындағы маңыздысы 1519 жылы армян тілінен латын тіліне аударылып, поляк королі бекіткен, содан кейін Львов қыпшақ тілінде сөйлейтін армяндардың ана тіліне аударылған заңдар жинағы - «Төре бітігі» болып саналады.
Қыпшақ нұсқасының мәтіні алғашқы армян тілінен жинақтың нормаларын сол кездегі жағдайларға сәйкестендірілуімен және қыпшақ тілінің ғасырлар бойы қалыптасқан терминологиялық байлықтарын және оның түсініктеме қазынасын шығармашылық жаңалық тұрғыдан пайдаланумен көп жағынан ерекше. Осыған байланысты армян заңдар жинағының қыпшақ нұсқасын жариялау өзекті мәселелердің бірі.
Арменистикада армян қыпшақтары - өздерінің ана тілін жоғалтып, қыпшақ тілін меңгерген армяндар деп қарастырады. Осындай пікір түріктану ғылымында да орын алған. Оның басты себебі көлемі жағынан, жанры жағынан әртүрлі. Армян қыпшақ ескерткіші көлемі жағынан өте мол, стилі жағынан ғылыми айналымға түскен жоқ. 2 ғасыр бойы хатқа түскен жалпы орта ғасыр түркі жазба ескерткіштерінің ішінен үлкен орын алатын жазба мұралардың бірі.
«Төре бітігі» ескерткіші тілінің фонетикалық, грамматикалық және лексикалық жүйесі ғылыми негізде жүйеленіп зерттелген жоқ. Сондықтан аталған салалар бойынша зерттеу жұмыстары қажет. Оның сыртында армян-қыпшақ тілінің орта ғасырлық қыпшақ ескерткіштерімен өзара сабақтастығы көне түркі әдеби тілімен дәстүр сабақтастығы және қазіргі қыпшақ тобындағы тілдердің қайсысына қандай деңгейде жақын, алыстығы жалпытүркілік лексикалық қордың армян-қыпшақ тілінде көрініс табуы және бұл тілдің концервациялануының нәтижесінде іштей дамуының сипаты, өзге жүйедегі тілдердің (армян, славян, латын) сөздік қор мен сөйлем жүйесіне әсері.
Армян-қыпшақ жазуын өзара салыстыру арқылы диалектілік негіздерін анықтау осының барлығы зерттеу жұмысын қажет етеді.

«ТҮРК ӘЛЕМІ: ТАРИХ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН»
Халықаралық түрктану симпозиумы тезистерінің жинағы
2011 жылғы 28-29 сәуір
Жауапты редактор: Н.Г. Шаймердинова
Корректорлары: Б. Бутеев, А. Купаева

Басуға 04.04.2011 қол қойылды.


Қалыбы 60×84/1. Офсеттік қағаз.
Көлемі 7,0 б.т. Тиражы 100 дана. №247 тапсырыс.

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ баспасы.


Астана қ., Қажымұқан көшесі, 13.


Каталог: bitstream -> handle -> 123456789
123456789 -> Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰу хабаршысы №5 (84) 2011
123456789 -> Республикалық Ғылыми-әдістемелік конференция материалдар ы
123456789 -> Қазақ халық педагогикасы негізінде оқушыларды еңбекке тәрбиелеу
123456789 -> Ғаділбек Шалахметов бейбітшілік бақЫТҚа бастайды астана, 2010 жыл Қызыл «мұзжарғыш кеме»
123456789 -> А. Ж. Кунанбаева
123456789 -> Б. О. Джолдошева из Института автоматики и информационных технологий нан кр, г. Бишкек; «Cинтез кибернетических автоматических систем с использованием эталонной модели»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет