Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ministry of education and science of republic of kazakhstan



бет145/153
Дата06.02.2022
өлшемі2,16 Mb.
#34752
түріТезисы
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   153
Маемерова А.Р.
Астана/Қазақстан


«ДИУАНИ ЛҰҒАТ-ИТ-ТҮРК» ЕСКЕРТКІШІНДЕГІ ЭКОНОМИКА САЛАСЫ СӨЗДЕРІНІҢ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРІК ТІЛДЕРІНДЕГІ КӨРІНІСІ

Түрктану тарихында тұңғыш рет тарихи салыстырмалы әдісті қолданып, түрк тілдерін зерттеген көрнекті ғалым Махмұд Қашқаридің «Диуани лұғат-ит-түрк» (Түрк тілдерінің сөздігі) атты шығармасы барша түрк әлемі үшін құнды еңбек болып табылады. Түрктердің тұңғыш тіл маманы Махмұд Қашқаридің XІ ғасырда жазылған бұл еңбегінің мақсаты - араптарға түрк тілін үйрету болғандықтан, түрк тілдерінің грамматикалық құрылымы мен диалектологиялық ерекшеліктері жайлы кеңінен мәлімет беріледі. Сонымен қатар түрк әлемінің бай тарихы, географиялық жағдайы мен этнологиялық ерекшеліктері туралы нақты деректер де орын алған. Сөздік болғандықтан түрк тілінің тілдік қазынасынан да көп мысалдарды табуға болады. Әсіресе келтірген мақал мәтелдер мен байырғы жырлар тіл маржандары іспетті.


Түрк әлемінің тұңғыш энциклопедиялық анықтамалығы болып саналатын «Диуани лұғат-ит-түрк» атты құнды еңбек түрк тілдерінің лексикасы тұрғысынан біздерге кең мәлімет береді. «Түрк тілдерінің сөздігінде» қазіргі қазақ және түрік тілдерінің қолданыс аясындағы сөздерінің түп төркінін көруге болады. Осы мақсатпен түрк тілінің асыл тілдің қазынасы «Диуани лұғат-ит-түрктегі» сол кездегі түрк экономика саласына қатысты сөздер зерделеніп, қазіргі қазақ және түрік тілдеріндегі көрінісі айқындалады. Бұл ретте Түркиялық ғалым Бесим Аталайдың 1939-1941 жылдар аралығында Махмұт Қашқаридің сөздігін қазіргі түрік тіліне тәржімалап, жүйелеп жарыққа шығарған еңбегі түрк халықтарының басқа тілдеріне аударылуында негізге алынғандықтан бұл баяндамада да аталмыш еңбек негіз етіп алынды.


Ержанова Ф.
Алматы/Казахстан




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет