Шаймұрат Н.
Астана/Қазақстан
АРМЯН – ҚЫПШАҚ ЕСКЕРТКІШТЕРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ МЕН ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ
Орта түрік жазба ескерткіштерінің ішінде XVI – XVII ғасырларда армян жазуымен хатқа түсіп, бүгінгі күнге жеткен қыпшақ тіліндегі мұралар қазіргі түріктану ғылымында «армян-қыпшақ» ескерткіштері деген жалпы атаумен белгілі. Осы бай мұраны қалдырған этникалық топ XІV – XVII ғасырларда қазіргі Украина, Молдава, Румыния жерлеріне қоныс теуіп, ірілі-ұсақты колония болып өмір сүрген христиан дінінің армян григориан бұтағын ұстанған, жазуда қыпшақ тілінің дыбыстық жүйесіне бейімделген армян жазуының батыс нұсқасын пайдаланған, ғылымда армян – қыпшақ деп аталса, олардың тілдері армян-қыпшақ тілі делініп жүр.
Көлемі мол жанры әр түрлі армян – қыпшақ ескерткіштерінің зерттелу тарихын қарастыратын болсақ, мынадай негізгі қолжазба, еңбектерге назар аудару қажет:
XVII ғасырдағы Симион Лекаси еңбегі. Ондағы қазіргі Украина жеріндегі Армян қауымдастығы және олардың (армяндардың) өз ана тілдерін білмейтіндігіне, шіркеуге барғанда қыпшақ тілінде дұға айтатындарына, іс – қағаз жүргізгенде қыпшақ тілін қолданғандықтарына тоқталған.
«Төре бітігі». Бұл - заң кітабы. Сот процесі жүргізілген Азаматтық Кодекс. Мхитар Гош «Төре бітігін» армян тілінде құрастырып, жазып шыққан. Ол діни заңдар және азаматтық заңдар деген екі бөлімнен тұрады. 1519 жылы армян-қыпшақтар қыпшақ тілі сол дәуірде халықаралық қатынас тілі болғандықтан «Төре бітігінің» азаматтық заңдар бөлігін қыпшақ тіліне аударды. (А.Н. Гарковец)
«Дана Хикар сөзі». Қай жерде, қашан, кімнің жазғандығы туралы нақты деректер жоқ, бірнеше нұсқалары да бар. Алғаш рет шет елдік ғалымдар Э. Трыянский, Ж. Денилер зерттеумен айналысса, ғалым С. Ж. Құдасов қазақ тіліне аударып, грамматикалық ерекшеліктерін жан-жақты зерттеді.
Бұл саладағы жұмыстар негізінен мына бағыттарда жүргізіліп келеді:
Армян-қыпшақ колонияларының тарихын саяси әлеуметтік мәселелерінің (армян - славян) тілдеріндегі жазылған деректерге сүйеніп зерттеу. (Григорян В.Р, Дашкевич Я.Р.);
Қолжазбалардың негізінде олардың жазылған әліпбиіне сипаттама беру, қыпшақ тілінде дұрыс оқылуына мән беру.(Шютц Е, Александр Гарковец, С. Ж. Құдасов т.б.);
Жекелеген қолжазбаларды дайындау, электронды дискіге түсіру; олардың лингвистикалық аудармаларын, глоссарий дайындау;
Диалектілердің атауы бойынша жұмыстар жүргізу;
Достарыңызбен бөлісу: |