Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ministry of education and science of republic of kazakhstan



бет123/153
Дата06.02.2022
өлшемі2,16 Mb.
#34752
түріТезисы
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   153
Исабекова Ұ.К.
Астана/Қазақстан

ОРТА ЕСКЕРТКІШТЕРІНДЕГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНІҢ ФОНЕТИКАЛЫҚ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Орта ғасыр жазба ескерткіштері – түркі халықтарының өткен тарихы, мәдениеті, әдебиеті, тілі, тұрмыс-тіршілігі, дінінің өткен тарихынан мәлімет алуға мүмкіндік беретін асыл мұралары. Тілдің уақыт өткен сайын дамуы тамырының тереңдігімен де өлшенеді. Арада мың жылдай өтсе де, уақыт тезіне шыдас беріп, қазіргі түркі тілдерімен тамырластығын жоғалтпаған тарихи маңызы зор жазба ескерткіштерді зерттеп, қазіргі тілдермен туыстық дәрежесін анықтау – бүгінгі ұрпақтың еншісі. Түптамырын түркі халықтарының тым әріден басталатын тарихи мұраларынан алып, қазіргі тіліміздің пайда болу, өсу, дамуының заңдылықтарын, қалыптасу жолдарын білу үшін орта түркі жазба ескерткіштерінің тілін жан-жақты зерттеп, қазіргі ана тілімізге қатысы қанша екендігін анықтау қажет.


Орта ғасырдағы жазба ескерткіштері сол дәуірдегі этикалық топтардың сөйлеген тілдері туралы ақпараттарды сақтап қалған бірден-бір тілдік материалдар болғандықтан, оларды жан-жақты зерттеудің нәтижесінде қазіргі түркі тілдерін, соның ішіндегі қазақ тілінің де тарихы туралы нақты мәліметтер ала аламыз. Осыған байланысты орта ғасыр ескерткіштер тілінің дыбыстық құрылымын түбірлер деңгейінде зерттеу арқылы түркі тілдерінің көне дәуірлері мен жаңа дәуірдің тарихи сабақтастығын анықтауға болады.
Орта ғасыр жазба ескерткіштерінің тілін қазақ тілімен салыстыра келе, лексикалық және фонетикалық жағынан толық сәйкес келетін сөздер; фонетикалық әрі лексикалық өзгеріске түскен сөздер; фонетикалық өзгеріске түскенмен, мағынасы толық сәйкес сөздер; мағынасы өзгерген, ал фонетикалық құрылымы толық сәйкес сөздер деп жіктеуге болады. Зерттеулер көрсеткеніндей, орта ғасырлық жазба мұралар тілдің сабақтастығын көрсету арқылы таным-түсініктің, дүниетанымның, салт-дәстүрдің ортақтығын да дәлелдейді.

Karini Jahangir
Астана/Қазақстан



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет