Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ministry of education and science of republic of kazakhstan



бет110/153
Дата06.02.2022
өлшемі2,16 Mb.
#34752
түріТезисы
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   153
Муқәддәс Мирза
Үрімжі/ҚХР
ҚАЗАҚ-ҰЙҒЫР МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ ЭТНОМӘДЕНИ СИПАТЫ
Бүгінгі жаһандану дәуірінде ерекше байқалатын құбылыс – белгілі бір ұлтқа тән өзіндік ерекшеліктердің азайып бара жатқандығын адамзат өкілдерінің мойындауы. Әрине, мұндай өзгерістер өмірдің бір саласында тым жылдам көрінсе, енді бір саласында баяу орын алуда. Сондықтан ғылымда «этникалық мәдениет» және «этнос мәдениеті» деген түсініктер қалыптасқан. Қазір жер бетінде басқа халықтар мәдениетінің әсерін сезінбеген этникалық қоғамдастықты табу мүмкін емес. Мұндай жағдай ұлтаралық қарым-қатынастардың тереңдігі мен жан-жақтылығынан байқалады. Өйткені әрбір ұлт өз бетінше жеке өмір сүре алмайды, олардың қазіргі тіршілігі бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Кез келген адам өз өмірінде бір әлеуметтік топтан екінші әлеуметтік топқа, бір мемлекеттен басқа мемлекетке ауысуы мүмкін, бірақ өз бойында қалыптасқан этникалық тамырларынан мүлде ажырап кете алмайды. Осы әркімнің ұлттық-этникалық көзқарасын, салт-санасын берік сақтап, атадан балаға мирас ретінде жеткізетінхалық мақал-мәтелдері. Академик Ә.Қайдардың; «Мәдениет жеке адам басына тән қасиеттен басталып, бүкіл ұлттық менталитетті, ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық сана, дүниетаным, салт-дәстүр, рухани материалдық байлықтың бәрін түгел қамтитын өте күрделі ұғым»,  деуі мәдениетті тілмен байланыстыра зерттеудің маңыздылығын аша түседі. ҚазақҰйғыр мақал-мәтелдері – этностың бүкіл рухани, мәдени байлығының өзегі. Осы мақал-мәтелдерде халықтың ғасырлар бойы жинақталған заттық рухани байлықтарында терең білімі, тәжірибесі, көзқарастары мен талғам дағдылары көрініс табады. Әрбір этностың өзіне ғана тән рухани мүмкіншілігінен, өзіндік ұлттық логика мен ойлау жүйесінен туындаған, өз тілінің болмысына сәйкес айтылған даналық қорының қалыптасуы заңды. Мақал-мәтелдерді дүниеге келтіру, обьективті болмыс туралы логикалық, философиялық пайымын, ой-толғаныстарын, ұлттың салт-дәстүр, әдет-ғұрып, наным-сенімі сияқты құндылықтарын ментальдық тұрғыдан қабылдап, бейнелі түрде, қысқа да нұсқа етіп айта білу тек сол ұлт өкілдеріне байланысты ерекше құбылыс. Сондықтан тіл деректері, оның ішінде мақал-мәтелдер тұла бойы тұнып тұрған шежіре саналады. Тілде қалыптасқан мақал мәтелдер ұйғыр және қазақ халқының, қайсысының болмасын салт-дәстүрлерін, сол халықтың мінез-құлқын, қасиеттерін бейнелейді. Әсіресе, екі ұллтқа да тән бауырмалдық, ақжарқындық, кеңпейілдік. Бұл екі ұлттың мақал-мәтелдерінде өз ерекшеліктерімен қалптасып бізге дейін келген болса ,соған ұқсас Қазақ халқына тән қонақжайлық,төрт түлік малдың қыр сырын жетік білү жағынан, Ұйғыр халқына тән еңбекқорлық, атыз-арық істерін ігерү, көкат өнімдеріне жақындығы, ұйымшылдық сынды қасиеттерін таныта алады. Әрине, бұл қасиеттер басқа халықтарда да кездеседі. Бірақ осы сапалар әр халықта әр қырынан көрінеді. Әсіресе бұл ойымызды ұйғыр ғалымы Ғ.Османның: «Уйғур мәдәнийити өзигә хас хусусийәткә егә. Шинжаңниң әтрапини егіз тағлар, қумлуқлар, бипаян яйлақ түзләңликләр айрип туриду. Башқа мәдәнийәт районлири билән болған мунасивәттә әлвәттә чәклимигә учрайду. Шуңа мустәқил мәдәнийәт қурулмиси вә миллий услупни шәкилләндүргән археолегийтлак материялларға қариғанда, бизниң әждатлиримиз кона таш қурал дәвридин тартипла Шинжаңда тирикчилик қилип кәлгән», - деген сөзі нақтылай түседі [2;95б ]. Нақты түсіндірсек, ұйғыр мәдениеті өзіндік ерекшеліктерге ие. Шинжаң өлкесін айнала заңғар таулар, құм далалар, жайлаулар, түз далалар қоршап тұрады. Олардың басқа мәдениет аймақтарымен қарым-қатынастары шектеулі. Соған орай өзіне тән мәдени құрылымы және ұлттық стилі қалыптасқан. Археологиялық материалдарға қарағанда, біздің ата-бабаларымыз ежелден көне тас құрал дәуірінен бастап, Шинжаң өлкесінде тіршілік етіп келген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет