МАҒЖАН ЖӘНЕ ТҮРКІЛІК ӘЛЕМ
Түркі тектес халықтардың арман мұраты мен қарым қатынасы олардың тілі мен діні, әдебиетті мен мәдениетіне, дүниетанымдық және концептуалды ой талғамдарына тікелей қатысты. Түркі әлемі құпия әрі жасырын емес. Қазақстан елі тәуелсіздік алғаннан кейінгі уақыта кезінде бауыр жазысып қалған қазақ елі мен түркі елдері рухани әрі мәдени тамырластығын, туыстығын қайта жалғастырып, адами әрі рухани мұрат мүддесін бір арнаға тоғыстыруда.
Қазақ елі мен басқа да түркі тектес халықтардың мәңгілік бірлестігі көненің көзіндей болған асыл да маржан тілі мен сөз құдіретінде жатыр. Оны дәлелдеудің қажеті де жоқ . Біздің айтпағымыз сонау өткен ғасырдағы ауыр талайлы тағдыр жазуындағы Мағжан Жүмабаев поэзиясындағы түркі халықтарға ортақ мұң мен арман, мұрат мүдденің сабақтастығының бір арнаға тоғысқан ортақтастығын айта кету. Мағжан қазақ халқының мұң мұқтажын жоқтаған ақын ғана емес бүкіл түркі халықтарының жоғын жоқтаушы, осы халықтардың елдік, туыстық тамырластығын сақтаушы. Мағжан поэзиясы өз кезінде қазақ әдебиетіне түр, көркемдік жағына жаңалық әкелген, тек қазақ елінің әдебиетіне қозғау салмай түркі халықтарының әдеби әлеміне үлкен бетбүрыс жасап әдебиет қозғалысының жаңа бастауларына тікелей ықпал еткен дара түлға тұлғаларымыздың бірі екені әлемге аян.
Мағжан өз поэзиясын қазақ халқының өмірлік күресін, талайлы тағдырын ел үшін жер үшін азаматтығы асқақ мәртебесі биік абзал ұлдарын, «тәтті, дәмді, тармақты, Ұзын Ертіс, Жетісу» жерлерін өзіне мәңгілік тақырып етіп алды әрі түркі халықтарына ортақ атаулар мен туыстығының айғағы болатын мәнділік мәселелерді өз туындыларына арқау етті Қазақ және түркі халқтарына ортақ ұлттық мәдени дәстүр – салтын, таным – сенімін, ондағы халық тіршілігі мен тынысын халық шежіресін, халық өмірін, халық тағдырын поэтикалық тілі арқылы жеткізеді. Адамзат баласының рухани жан – дүниесіне тәнті ету рухы биік мойытпас мұң мен сыр шертетін қазақтың асыл ұрпақ әлеміне жетелеп апарар жол – Мағжанның поэзиясында жатыр. «Сөйтіп, рухты ертек жырлар, батырлар әңгімелер халықтың рухы көтерілген шақты шыққан сөз болады. Батырлардың рухынан, батырларды жыр қылған ақын сөздерінің рухынан сол жыр шыққан замандағы халық рухы қандай болғанын білеміз. Ертегілер бұрынғының қалпынан, салтынан дерек бергенде, ертек жырлар бұрынғының рухынан дерек болады.»[1, 145 бет]
Мағжан поэзиясында қазақ және түркі халықтарына ортақ ономастикалық және топонимикалық атауларының сырлы да жырлы концептуалдық мәні бүкіл түркі халықтарының санасы мен көңіл рухының тамыр тамырын қуалап қозғау салдырған еді осындай алып әлем дүниесінен сыр шертеді. Сөз еткелі отырған ономастикалық және топонимикалық атаулар біздің баға жетпес асыл қазынамыз, бағалы тарихи мұра ел жер – су атауы, қымбат қазыналы жер ел –азамат ежелгі ел арманы, ел мұраты. Ұлттық санамыздан мәдениет пен тарихты ысыру үшін бұл тарихи тұлғалар мен жер – су атаулары біраз уақыт аталмай кетіп, тәуелсіз мемлекет дүниеге келуі арқасында ұлттық ономастиканы қайта қоғам өмірінен орын алуы Мағжан поэзиясының тағы бір қырының маңыздылығын көрсетеді. Әр түрлі саяси жағдайлардың отаршыл саясат, би саясат әсерінен рухани мәдениетті көзден бұлбұл ұшыру үшін жер – су, елді мекендердің, адам есімдерінің тарихи себептердің құрсауында өзгертіліп жатқанмен поэзиясының тілдік әлемінде оны ешкім өзгерте алмайды екен. Мағжанның сөз өнеріндегі түркі халықтарының ортақ рухани байлығын жырлаған, сондықтан поэтикалық әлем адамзаттың рухани жан – дүниесімен ғұмыр кешеді. Поэзия тіліндегі ономасикалық атауларда түр – түріне бөліп қарстыруды қажет етпедік. Өнер тілінің өн бойында лексикалық қазынаның лингвистикалық тұрғыдан ономастикалық, топонимикалық атаулар деген топтарға енуі заңды құбылыс болғанмен олардың мағыналық әрі мәнерлік сипатта қолданыстарының сөз ету – поэзия тіліне тән авторлық шеберлік қызыметін танытады.
Достарыңызбен бөлісу: |