Күтілетін нәтиже:
Оқушылар техника жайлы мәліметті алып, техниканың қалай және қандай мақсатта қолданатынын ажырата алады.
Таңдау курстың мазмұны
Курс бойынша түзілген бағдарлама ІІІ тараудан тұрады
Барлығы 34 сағат
І тарау. Механика заңдарын пайдалануға негізделген кейбір техникалық құрылғылар.
Физика курсында оқылатын "Механика" бөлімінің мазмұны механикаландырудыңғ авияцияның, космонавтиканың, энергетиканың бірқатар техникалық мәселелерін талдауға мүмкіндік береді.
Физика курсында бұл мәселелерді оқып үйренудің маңыздылығы кәзіргі кезде айнымалы қозғалыс берілісінің принципі қолданылмайтын бірде -бір техникалық құрылғылардың жоқтығына байланысты.
Айнымалы қозғалыс, центрден тепкіш және құрылыс механизмдері, домалау және сырғанау үйкелістері. Ұшақ қанатының көтеру күші, реактивті қозғалыспринциптері оқушыларға түсіндіріледі.
ІІ тарау. Тербелмелі және толқынды процестерді пайдалануға негізделген техникалық қондырғылар.
Механикалық тербелістер және олардың техникадағы рөлі, Ультрадыбыстың техникалық қолданылуы. Тұрақты және айнымалы ток двигательі.Трансформаторлар. Электр энергиясын өндіру және оны алыс қашықтыққа жеткізу. Байланыс құралдарының дамуы.
ІІІ тарау. Ядролық техника.
Зарядталған бөлшектерді тіркеудің техникалық әдістері.Зарядталған бөлшектердің үдеткіштері. Атом-электр станциялары. Радиоактивті изотоптар және оларды қолданылуы тақырыптары оқытылады.
Достарыңызбен бөлісу: |