Сөздіктің көмегімен аударыңыз:
саяси тұрақтылық-
әкімшілік-
құрылымдылық-
жинақ түрінде-
қылмыстық-
құқықтық-
салық-
ережелер-
бекітілген-
жаза-
заңдар жинағы-
көркемөнерлік-
жарыққа шықты-
& Келесі мәтінмен танысыңыз.
26-тақырып
Ұлы жібек жолы
ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ — Азиядағы сауда, керуен жолдарының жалпы атауы. Б. з. б. 2 ғ-дан — б. з-дағы 16 ғасырға дейін Орта Азия арқылы Қытайды Алдыңғы Азиямен байланыстырды. Чжан Цяньның жасаған саяхаты нәтижесінде 6. з. б. 2 ғасырда ашылды. (Сканьян Ланьчжоу арқылы Дунь-хуанга апарады, бұл жерден жол 2 торапқа бөлінеді. Солтүстік жол — Тұрфан, Қашғар, Самарқан, Балх, Мервті, Ферғана алабын, ал оңтүстік жол —Хотан, Жаркент, Балх, Мервті басьп өтіп, Памир тау жоталары арқылы Үндістанға, Таяу Шығысқа апарады. Мервте бұл 2 жол торабы қосыльш, ¥. ж. ж. одан әрі батысқа — Ниса, Гекотомпил, Энбатана, Бағдад арқылы Жерорта теңізінің шығыс жағасындағы порттарға, Тир мен Антиохняға дейін созылды. Жазба деректерде Оңт. Қазақстан меп Жетісу қалаларының Византия, Иран, Орта Азия, Кавказ, Алтай, Сібір, Шығ. Түркістанмен осы ¥. ж. ж. арқылы сауда қатынасы болғаны айтылады. Сол деректемелөрдө аты аталғаи қалаларды зерттеу арқылы жібек жолының Қазақстандағы бөлігінің бағыты белгіленді. Ол Шаштан (Ташкент) Газгирдке, Исфиджабқа барды. Одан әрі керуен Таразға беттеді. Тараз аралығында Шараб, Будухкет, Тамтаж, Абараж, Жувикент сияқты елді мекендөрге аялдады.
Тараздан терістікке — қимақтарта қарай Науакет деген жер арқылы өтті, ал мұнда Адихкет, Дех — Нуджикет қалалары орналасты. 10 ғасырдан бастап Іле аңғары боиындағы сауда жоль жандана бастады (қ. Құлжа жолы). Бұл жерге Қордай, Қастек асуларымен келді. Осы жерден көпестер қазіргі Алматы, Талғар (Талһир, Талхиз) қамалының орнындағы қалалар мен қоныстарға беттеді. Талһирдан жол екіге айрылды. 1-сі — оңтүстік Іле жолы (қазіргі Есік, Шелек, Кеген ауд.), 2-сі — Қырғызсай (Подгорное) арқылы Шонжыға баратын. Іленің оң жағасына Бурақожыр өткелі арқьілы өтіп, Коктал, Жаркентті (Панфилов) басып Алмалыққа шығатын. Жолдың тағы бір тармағы Ілеге, Қапшағайға жақын жердегі өткелге және одан кейін Көксу, Қаратал мен Лепсі аңғарына баратьн. Мұнда Екіөгіз (Дүнгене), Қаялық (Антоповское қ. жұрты) қалалары, Коктума қ. жұрты болды.
Достарыңызбен бөлісу: |