Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» баұо ақ филиалы жамбыл облысы бойынша біліктілікті арттыру институты


Білім беру жүйесінің негізгі міндеттері



бет50/66
Дата18.10.2022
өлшемі4,08 Mb.
#153599
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   66
Білім беру жүйесінің негізгі міндеттері:

  1. Жеке адамды қалыптастыру және дамыту; 2. Жеке адамның өзіндік ерекше қабілеттерін ашу. 3. Адамгершілік пен салауатты өмір салтының негіздерін қалыптастыру. 4. Жеке адамның интелектісін байыту. 5. Жеке адамның шығармашылық қабілетін арттыру. 6. Жеке адамды қоғамның экономикалық, саяси және мәдени өміріне қатыса білуге тәрбиелеу. 7. Адамның кәсіптік білім алуына мүмкіндік жасау.

& Ғылым мен техника
Ғылым мен техниканың бірегей, бір-бірімен сабақтаса, біртіндеп дамуы. Ол 16–18 ғ-лардағы мануфактуралық өндірістен, ғылыми-теориялық және техникалық қызметтер өзара жақындасып, тоғыса түскен кезден бастау алады. Бұған дейін материалдық өндіріс негізінен эмпирикалық тәжірибені, кәсіби құпияны қорландырып, машық-тәсілдерді жинақтау есебінен баяу дамып келді. Сонымен бірге табиғат туралы ғыл.-теор. таным аясында да ілгерілеу ниеті байқалды, бірақ ол теологиялық-схоластикалық қасаңдыққа қамалып, өндірістік амалшараларға ұдайы әрі тікелей ықпал ете алмады.
16 ғ-да адамзат баласының сауда-саттықты өрістетіп, теңіз жолын меңгеруі, ірі мануфактураларға ие болуы бірнеше келелі міндеттерді теор. және тәжірибелік тұрғыдан шешу қажеттігін алға тартты. Нақ осы кезде ғылым Қайта өркендеу дәуірі идеяларының әсерімен схоластикалық дәстүрлерден қол үзіп, практикаға жүгіне бастады. Шығыс жұртының компасты, оқ-дәріні ойлап табуы және кітап басу тәсілін меңгеруі ғыл. және тех. қызметтердің берік одағын құруға жетелеген ұлы жаңалықтар болды. Жалпы, бұл – ғылыми-техникалық прогресстің бірінші кезеңі саналады. Кейінгі кезеңдерде ұлғая түскен мануфактуралық өндіріс мұқтажы үшін су диірменін пайдалану әрекеті кейбір мех. процестерді теор. тұрғыдан зерттеуге жетеледі. Тісті дөңгелектер қозғалысының теориясы, науа теориясы, су қысымы туралы, қарсыласу мен үйкелу туралы ілімдер пайда болды. Яғни, мануфактуралық кезең ірі өнеркәсіптің бастапқы ғыл. және тех. нышандарын дамытып, Г.Галилей, И.Ньютон, .Торричелли, кейін Д.Бернулли, Э.Мариотт, Ж.Л.Д’Аламбер, Р.А.Реомюр, Л.Эйлер, т.б. ғалымдар тарихқа «өндіріс қызметшілері» деген атпен енді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет