Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» баұо ақ филиалы жамбыл облысы бойынша біліктілікті арттыру институты



бет39/66
Дата18.10.2022
өлшемі4,08 Mb.
#153599
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   66
Ата Заң –алтын Заң
Ата Заңымызбен өзге ұлттың өкілдері түгіл, өз ұлтымыздың өкілдері ұмыта бастаған, тұнығы таза, иірімі күшті, қолдануға икемді, айтайын деген ойымызды төте де, жанамалай да, әзіл-қалжыңмен де, астарлай да жеткізуге мүмкіндігі мол ана тілімізге биік, мемлекеттік мәртебе берілді.
Қазақстан Рспубликасында мемлекеттік тіл – қазақ тілі, мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылатындығы, мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасауға міндетті екені Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабында атап көрсетілген. Мұның өзі мемлекеттің, ұлттың сақталуының, дамуының алтын тірегі қазақ тілі екендігі дәлелдейді.
Ұлтымыздың негізгі қасиетті белгісі ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілуі, халықтың қымбат қазынасы, рухани байлығы, салт-санасы, әдет ғұрпы мен мәдениетінің өркендеуіне кеңінен жол ашты, тектері өзге тілдің негізінде жазылып кеткен қазақ азаматтарына өз тілінде қайтадан өңдеп, қазақша атаумен өз ата тектерін жаздырып алуға мол мүмкіндік берді.
Егемен еліміздің негізгі Заңы біздің қоғамымыздағы қайта құру кезеңінің өзекті мәселерін шешумен қатар, сынды өткелдерден сүрінбей өткізетін бас құжат болды, тәуелсіз жас мемлекеттің басқару, атқару және заң шығару орындарын, елімізде демократиялық қоғам құрудың принциптерін белгіледі.
? Сөйлемдерді аударыңыз:

  1. Конституция Републики Казахстан – основной закон страны.

  2. Президент РК является главой государства, его высшим должностным лицом, определяющим основные направления внутренней и внешней политики государства.

  3. Президент Республики – символ и гарант единства норода и государственной власти, незыблемости Конституций, прав и свобод человека и гражданина.

  4. Президент Республики Казахстан избирается в соответствии с конституционным законом сроком на пять лет.

  5. Президент Республики Казахстан может быть избран гражданин Республики по рождению, не моложе срока лет, свобдно владеющий государственным языком и проживающий в Казахстане последние 15 лет.


& Біздің Президентіміз
Қазақстан бүгінде әлем таныған дербес мемлекет. Өркениетті заманда көзі ашық азамат қай елдің болсын саясаты мен экономикасына баға беру үшін алдымен сол елдің президентінің сара жолына көз жүгіртеді. Бұл айнымас айғақ. Елбасы - бұл ешкімге тәуелсіз тұлға. Дегенмен ол ел үмітін ақтап, сеніміне ие болған халық қалаулысы, халықтың жол бастаушысы. Мемлекеттік маңызды шешімдер тек Президенттің басқаруымен қабылданады. Сондықтан оның бойына қажырлы қайрат пен салмақты ой, ізденіс пен байқампаздық, ұлтқа деген махаббаттың қаншалықты қажет екендігін сараптап көрген боларсыз. 
Мемлекетіміздің қарыштап қалыптасуы ең алдымен Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен байланысты. Оның басшылығымен конституциялық құрылыс процесі кемелдене жүзеге асты. Қазақстанда демократиялық институттарды құруда оның еңбегі зор. Елбасымыздың тікелей ат салысуымен экономикалық тұрақтылық орын алып, тоқтаған өнеркәсіптердің тамырына қан жүгіріп, ел алдына қойылар басым бағыттар айқындалды, қаржы институттары қарқынды жұмыс жасай бастады, инновациялық даму стратегиясы жолға қойылды. Елбасымыздың көрегендігі егемендік пен тәуелсіздігімізді нығайтып, алға қарай дамуымызда қазақстандықтардың көптеген елдермен қарым-қатынасын жолға қойылып, тұрақтылығын сақтап қалуына ықпалды қадамдар жасауында. Бұл атқарылған жұмыстардың тек бір парасы. Оның бастамасымен елімізде маңызы бар бірнеше оқу орындары ашылып, Президенттік «Болашақ» (link is external) бағдарламасы жыл сайын 100-деген студентке шет елде білім алуына мүмкіндік беріп отыр. Ал талантты балалар үшін президенттік «Дарын» (link is external) сыйлығы тағайындалған.
Жаңа тәуелсіз мемлекет басшыларының қатарында есімі ерекше құрметпен аталатын Елбасымыздың мерейі үстем болғай. Біз алатын асулар мен белестер әлі алда деген сенімдеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет