Сіз қалай ойлайсыз?
«Өзге тілдің бәрін құрметте, ал өз тіліңді жақсы біл» деген дұрыс па?
«Тіл халықтың жаны», «Халық бар жерде –тіл бар, тіл бар жерде халық бар» деген сөздердің мағынасын түсіндіріңіз.
«Тіл туралы» Заңның 4-бабында; «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру- Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы», деп жазылған. Ал менің ойымша, «парызы» сөздің орнына «міндеті» деп жаза, басқа ұлт өкілдері мемлекеттік тілді тезірек үйренер еді! Сіз мені қолдайсыз ба?
& «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы.
4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.
Осы Заң Қазақстан Республикасында тiлдердiң қолданылуының құқықтық негiздерiн, мемлекеттiң оларды оқып-үйрену мен дамыту үшiн жағдай жасау жөнiндегi мiндеттерiн белгiлейдi, Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тiлге бiрдей құрметпен қарауды қамтамасыз етедi.
4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi - қазақ тiлi.
Мемлекеттiк тiл - мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi.
Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы.
Үкiмет, өзге де мемлекеттiк, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар: Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдi барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға;
Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға;
қазақ диаспорасына ана тiлiн сақтауы және дамытуы үшiн көмек көрсетуге мiндеттi.
5-бап. Орыс тiлiн қолдану
Мемлекеттiк ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |