Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» баұо ақ филиалы жамбыл облысы бойынша біліктілікті арттыру институты



бет46/66
Дата18.10.2022
өлшемі4,08 Mb.
#153599
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   66
Мағжан Жұмабаев: «Тіл- адам жанының тілмашы. Тілсіз ұлт, тілінен айрылған ұлт болып жасай алмақ емес, ондай ұлт құрымдық. Осы күнге түрік тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, оралымды, терең тіл жоқ...».
Платон Мелиоранский, орыс ғалымы: «Қазақ тілін зерттеушілердің бәрі де бір ауыздан қазақ тілі түркі тілдердің ішіндегі ең таза әрі бай тіл деп куәландырып отыр».
Герольд Бельгер, неміс жазушысы: «Қазақ тілінің дәстүрі әрі бай, әрі ұлттық топыраққа тамыры терең бойлап кеткен».
Сергей Малов, орыс ғалымы: «Қазақ тілі өзінің бейнелілігі, суреттілігі жағынан басқа түрік немесе түркі тілдерінен әрдайым бөлекшелініп тұрады. Қазақ- өзінің ауызекі көркем тілімен, айшықты әсем фольклормен бұрын да, кейбір реттерде бүгінде сол сомдалған және біртұтас тіл деп танылып келеді».


30 – тақырып
Қазақстан әлемдік кеңестікте
Еліміздің жыл басынан бері ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі, Еуропаның қазақ жұртына төрін ұсынуы оңайлықпен келген жоқ. Бұған біздің мемлекетіміздің ұстанған саясаты мен батыл қолға алған бастамаларының арқасында қол жеткіздік. Бұл төрағалық – Қа­зақ­стан үшін үлкен абырой әрі мәртебе. Төрағалыққа қол жеткізуіміз – біздің еліміздің күллі ТМД елдері мен Орталық Азия мемлекеттерінің арасындағы беделін айқындап қана қоймай, олардың арасында бұл мәртебені бірінші болып иеленгендігін көрсетеді. Яғни, бұл Қазақстанның осы елдердің арасынан суы­рылып шығып, “бірінші мемлекет” болғанды­ғын айғақтайды. Ең бастысы, біз бұл табысқа еліміздің биік беделінің, Елбасымыздың мінсіз абыройы­ның арқасында жетіп отырмыз. Міне, ең баянды бақыт – туған еліңнің ба­қыты екеніне, мемле­кетіңнің мәртебесі екеніне көз жеткізіп отырмыз.
Бізді әлемге мойындатқан ұлы күш – ын­ты­мақ пен бірлік. Себебі, татулық тетігі Қазақ­стан­да берік сақталған. Біздің Қазақ елі жа­һан­ға ынтымақтың ұясы ретінде танылды. Еліміз­дің Еуропа төріне шығуы – мемлеке­тіміздегі толе­ранттылық­тың жоғары деңгейге көтерілуі­нің арқасы, елдегі тыныштық пен діндер ара­сын­дағы тату-тәттіліктің нәтижесі. Ынтымағы жарас­қан ырысты елге құт қонады. “Бектер кет­се, ел қалар; бетеге кетсе, жер қалар; бере­кең кетсе, не қалар?” дейтін қазақтың керемет сөзі осындайда есіңе түседі.
Енді бірнеше күннен кейін Астанада ЕҚЫҰ-ға мүше елдер мемлекет басшыла­ры­ның көптен күткен саммиті өтеді. Қазақ халқы бұл тарихи саммитте “төртеу түгел болғанда төбе­дегінің келеріне” әлем елдерінің көзін жет­кіз­бек. Мәртебелі форумды Астанада өткізу тура­лы ЕҚЫҰ-ға мүше елдер Сыртқы істер минис­трлері кеңесінің шешімі – қазақстандық дип­ломатияның жеңісі ғана емес, Орталық Азия аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету­дегі Қазақстанның орны мен маңызын бүкіл әлем­нің мойындауы. Бұл – Қазақстанның әлем­дік қоғамдастықтың тең құқылы және бе­дел­ді мүшесі болып отырғанының көрінісі. Саммит жұмысына 55 мемлекеттің жетекші­лері, 65 халықаралық ұйым өкілдері, 6 мың шет­ел­дік қонақ, 1500 шетелдік журналист қатыс­қалы отыр. ЕҚЫҰ-ның соңғы саммиті 1999 жылы Ыстамбұлда өткен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет