Менің ойымша, нағыз әртіс дегеніміз...................
3-тақырып
Туыстық атаулар
Шаттыққа кенелген шаңырақ
Берілген мәтінмен танысыңыз
Шаттыққа кенелген шаңырақ.
Жүз жасау, жүзден асып ғұмыр кешу- екінің бірінебұйыра бермеген сирек құбылыс. Біздің шаһарда дәл осындай аузында Алласы, артында ұрпағында деген аманаты бар қазыналы қарттар жоқ емес. Бұл кісілер ғасырмен құрдас қариялар.
Жарты Өтегенов ақсақал 103-те, кемпірі Нұрғайша Қыдырова 95 жаста. Құлагер ықшамауданының тұрғындары атанып, қала басшысының қолынан пәтер кілтін алған қарияларға алла тағала 30 немересін, 20 шөбере немересін, 2 туажатын көруге жазыпты. Бүгінде қариялардың күтімі жақсы, көнілдері сергек, жанға батар ауру-сырқаудан аман. Қазір үлкен қыздары. Бишан апайдың қамқорлығында. Бишан апамыздың өзі 65-те екен.
- Апай, қоныс жайлы болсын!-дедім жаңа көршіме.
- Рахмет, айналайын, құдайы көршің боламын, есімім- Бишан, 103-те
әкем, 95-те шешем бар, Иманғали баламыздың қолынан пәтер кілтін алып, қуанып жатырмыз,- деді әңгіме арасында.
- Әжей, өмірден не түйдіңіз, ұзақ ғұмыр кешудің сыры неде?-деп сұрақтарымды жаудыра жөнелдім. Әжей иығын көтеріп бір күліп алды да, өмір тарихынан қысқаша әңгімесін басып кетті.
- Е, балам- ай, біз не көрмедік? Соғыстың зардабын да тарттық, талай қиыншылықты бастан өткердік қой ... Ең бастысы, жаратқанның маңдайымызға жазғанын көрдік. Ішер сусынымыз сары қымыз, жеген асымыз құнарлы болды. Таза ауамен тыныс алдық. Мінекей, бауырың бүтін, деніңнің сау болатынына осы нәрселер қажет, қарағым. Мұндай керегесі кең, еңселі, биік пәтер сыйлап, үлкен шаһарда табиядай тіршілік жасап жаткан қаланың басшылығына рахметіміз бен алғысымыз шексіз. Бақытты ғұмыр кешіңдер, айналайындар!- деп ақ батасын берді («Алматы Ақшам»).
2.Жүз жасау, жүзден асып ғұмыр кешу дегенді Сіз қалай түсінесіз?
3. Сөз тіркестерінің аудармасын тауып жазыңыз, оларды жаттап алыңыз:
екінің біріне бұйыра бермеген сирек құбылыс-
дәл осындай-
ғасырмен құрдас-
жанға батар ауру-сырқау-
құдайы көрші-
әңгіме арасында-
соғыстың зардабы-
ең басты-
жаратқанның жазғанын көрдік-
бақытты ғұмыр кешу-
тіршілік жасап жатқан-
алғысымыз шексіз-
Жаңа лексиканы пайдалана отырып алты сөйлем құрастырып
Достарыңызбен бөлісу: |