ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ»
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті әріптестер!
Өрлеу» БАҰО» акционерлік қоғамының операциялық жоспарына сәйкес, «Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» «Өрлеу» БАҰО» АҚ 5-жылдығына арналған Халықаралық «Орта білім беру мазмұнын жаңарту: оқытудың жаңа стратегиялары, бағалаудың жаңа жүйесі» вебинарын (бұдан әрі-вебинар) өткізеді.
Өткізу мерзімі: 30.11.2017жыл.
Өткізу орны: «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты»
Вебинардың басталуы: сағ. 10.00 –де (Астана уақытымен)
Вебинардың жұмыс тілі: қазақша, орысша, ағылшынша.
Өткізу форматы: сырттай, онлайн.
Вебинарға қатысу үшін таяу және алыс шетелдердің, Қазақстан Республикасының ЖОО профессорлық-оқытушылық құрамы, академиялық және ғылыми дәрежедегі ізденушілер, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының қызметкерлері, жалпы білім беретін және инновациялық мектептер мұғалімдері, психологтар, әдіскерлер және т.б. мүдделі тұлғалар шақырылады.
Вебинарды ұйымдастырушы: «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты».
Онлайн-вебинарды өткізудің өзектілігі: жаңартылған білім беру бағдарламасын енгізу және әрбір оқытушы мен мұғалімнің оқыту жүйесін өзгертуінің салдары ретінде оқу үдерісінде пайдаланылатын дәстүрлі әдіс-тәсілдерді қайта қарау және тұлғаны дамыту мен қалыптастырудың инновациялық тәсілдерін енгізу қажеттілігіне негізделген.
Вебинардың мақсаты:
Халықаралық білім беру саласында жүріп жатқан жаңғырту үдерістерінің және оқытудың жаңа стратегиялары мен бағалау жүйесін теориялық-практикалық негіздеу маңыздылығын анықтау үшін пікірталас кеңістігін құру
Вебинар міндеттері:
Білім беру тәжірибесін дамыту үрдістерін ескере отырып, әлемдік білім кеңістігіне кірігуге бағытталған Қазақстан білім беру жүйесін дамыту жолдарын іздеу;
Оқыту стратегиялары мен бағалаудың жаңа жүйесі мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу және ашық талқылау үшін жағдай туғызу;
Креативті білім беруді дамыту саласындағы идеялар және жаңа жобалармен алмасу.
Вебинар жұмысының негізгі бағыттары:
Білім беру мазмұнын жаңарту мәнмәтінінде педагогтің кәсіби құзыреттіліктерін дамытудың негізгі проблемалары мен бағыттары;
Пәндерді оқытудағы инновациялық әдістемелерді қолданудың тиімділігі;
Оқыту сапасының маңызды құралы ретінде оқу жетістіктерін критериалды бағалаудың тиімділігін жетілдіру тәсілдері;
Көпмәдениетті әлемде еркін бейімделуге қабілетті заманауи тұлғаны қалыптастырудың жаңа жолдары;
«Мәңгілік ел» ұлттық идеясы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттары мәнмәтінінде құндылықтарды қалыптастыру. Вебинарға қатысу тәртібі:
Онлайн-вебинарға талқылау үшін ұсынылатын сұрақтарға сәйкес қатысушылар өтінімі (1-қосымшаны қараңыз) және баяндамалар тезистерін (2-қосымша) konforleu@mail.ru электронды поштасына 2017 жылдың 20 қарашасына дейін жіберу қажет.
Автордың баяндамасы PowerPoint презентациясымен сүйемелденуі тиіс.
Өтінім мен жұмысты жеке файлдарда ресімдеген жөн.
Тезистерді құрған кезде төмендегі бағалау критерийлерін ескеру керек:
Жұмыстың өзектілігі;
Мазмұнының вебинар тақырыбына сәйкестігі;
Жұмыстың ғылымилығы;
Тақырыптың толық ашылуы;
Жұмыстың практикалық маңыздылығы.
Онлайн-вебинарды ұйымдастырушылар ұсынылған тезистер негізінде жұмыстарды алдын-ала іріктеуге және бағалау критерийлеріне сәйкес келмейтін тезистерді қабылдамауға құқылы. Тезистер рецензияланбайды және қайтарылмайды.
Вебинар материалдары бойынша баяндамалардың электронды жинағы дайындалып, Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» сайтында (http://www. аkmol – orleu.kz) (курсаралық іс-шаралар қосымша бетінде) жарияланады.
Вебинарға қатысушылардың пошталарына электронды сертификат жіберіледі.
Барлық сұрақтар бойынша «Инновациялық технологиялар және жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасына хабарласуға болады: тел: (8716 2) 25-55-62
Вебинар жұмысына қатысу үшін 2017 жылдың 20 қарашасына дейін ұйымдастыру комитетінің мекенжайына төмендегілерді жіберу керек:
Конференцияға қатысуға өтінім;
Баяндама мәтіні;
Электронды мекенжайға «Халықаралық вебинар» белгісімен.
Ұйымдастыру комитеті: «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» инновациялық технологиялар және жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасы.
Ұйымдастыру комитеті: 020000, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 71 үй
e-mail: konforleu@mail.ru
Анықтамалар үшін байланыс тел: телефон: 8(716) 2255562.
ұялы.тел.: Дигенова Ботагоз Каирбаевна 87027549338
Алькенова Ботагоз Камзовна 87713777576
Самуратова Рауза Тукеновна 87013268963
Кишибаева Алина Еркиновна 87024465561
1-қосымша
Өтінім
«Орта білімс беру мазмұнын жаңарту: оқытудың жаңа стратегиялары, бағалаудың жаңа жүйесі» халықаралық онлайн-вебинарына қатысу
1
|
Тегі, аты, әкесінің аты (толық)
|
|
2
|
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, құрметті атағы
|
|
3
|
Лауазымы (толық, қысқартусыз)
|
|
4
|
Баяндама тақырыбы
|
|
5
|
Ұйым, ел, қала, облыс (аймақ) (қысқартусыз)
|
|
6
|
Байланыс телефондары
|
|
7
|
E-mail
|
|
8
|
Қатысу форматы (сырттай, күндізгі)
|
|
2-қосымша
Баяндамалар тезисін ресімдеуге қойылатын талаптар
Тезистердің көлемі 5 беттен аспауы тиіс.
Тіркеу формасы МS Word мәтіндік редакторында жазылуы тиіс.
Бет өлшемдері: жоғарғы жиек – 2 см, төменгі жиек – 2 см, сол жағы – 3 см, оң жағы –2 см.
Шрифт: Times New Roman, кегль 12
Жоларалық қашықтық: 1 интервал
Абзац сызығы: 1,25 см
Баяндама тақырыбы бірінші жолда үлкен әріптермен жазылады, қалың қаріп, ортасы бойынша туралау. Екінші жол бос болады. Үшінші жолда автордың тегі мен аты-жөні жазылады; қалың курсив қаріп, оң жақ бойынша туралау. Төртінші жолда –ұйымның толық атауы, қала, ел қалың курсив қаріппен, оң жақ бойынша туралай отырып жазылады. Бесінші жол бос болады. Алтыншы жолдан мақаланың мәтіні жазылады.
Кестелер мен суреттер жеке бір нысан ретінде салынады да, тезистің жалпы көлеміне кіреді.
Библиографиялық сілтемелер әдебиеттер тізімі бойынша номерін және қайнаркөз бетінің номерін көрсете отырып, шаршы жақшалармен беріледі, мысалы, [5, .54-56 б.] немесе [512б.]
Дәйексөздер тырнақшамен беріледі, дәйексөздің мазмұны тырнақшасыз келтіріледі. Интернет көздерінен алынған дәйексөздер аумақты кіріспе және жалпылау түрінде болмауы тиіс. Дәйексөз төрт сөйлемнен аспауы тиіс және міндетті түрде әдебиеттер тізімін ресімдеу үлгісінде келтірілген форма бойынша пайдаланылатын интернет көздеріне сілтеме болуы тиіс.
Әдебиеттер тізімі тезистердің жалпы көлеміне кіреді және мақаланың соңында жазылады, әліпби бойынша соңына дейін нөмірленеді. «Әдебиеттер тізімі» сөзі қалың курсивпен жазылады.
Әдебиеттер тізімінің алдынан бос жол қалдырылады.
Әдебиеттер тізімін ресімдеу үлгісі
Безрукова В.С. Педагогика. Проектная педагогика. – Екатеринбург: деловая книга, 2009. – 230 б..
Достарыңызбен бөлісу: |