Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ» АҚ филиалы



Pdf көрінісі
бет34/56
Дата08.02.2022
өлшемі6,63 Mb.
#124220
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   56
Байланысты:
Монтессори

Еденді сыпыру. 
Мақсаты: 
баланы ұзын сапты щетканы қолдануды үйрету. Баланы еденді 
сыпыруға үйрету.


44 
Материал:
еденге арналған ұзын сапты щетка, еденге арналған қалақ, еденге 
арналған қысқа сапты щетка, қоқыс, бор.
Ескерту:

Қалақ, қысқа сапты щетка, бор салынған тостаған, қоқыс салынған 
тостаған - осының барлығы табақтың үстінде тұр, ал табақ сөреде тұр.

Ұзын сапты щетка мен қалақ арнайы бөлінген орында тұр. 

Ұзын сапты қалақ жаттығулар үшін қолданылады. 

Қалақтың және щетканың саптарының ұзындықтары балалардың 
бойына сәйкес келуі қажет. 

Бірінші көріністе қолданатын қоқыс домалап кететін заттардан 
болмауы тиіс, мысалы, апельсиннің кепкен қабықтарын, умаждалған 
қағаздарды, раушан гүлінің кепкен жапырақтарын және т.б. қолдануға 
болады.
Тұсаукесер

«Бүгін мен саған еденді қалай сыпыру қажеттігін көрсетемін». 

Балаға табақтың тұрған жерін көрсетіп, оны қажетті жерге алып келуді 
сұраймыз.

Табақты үстелдің үстіне қоямыз.

Тостағанды алып, ішіндегі қоқысты еденге шашып тастаймыз. Бірінші
көріністе шашылған қоқыстың диаметрі 1-1,5 метрден аспау керек. 

«Қарашы, еденнің үстінде қоқыс көп, ол жан-жаққа шашылып қалды.
Қазір біз оны сыпырамыз. Алдымен дым қалдырмай бормен қоқыстың
жан - жағын белгілеп аламыз.

Борды алып, қоқыстың бір түйірін де қалдырмай, оның жан-жағын
сызып белгілейміз. 

Қоқыстың ортасына диаметрі 20-25 см. етіп шағын дөңгелек сызамыз.
«Ал, мына жерге қоқысымызды сыпырамыз». 

«Қоқысымыз өте алысқа шашылып қалды, сондықтан бізге ұзын сапты
щетка қажет». Балаға оның қай жерде тұрғанын көрсетеміз, ал бала оны алып 
келеді.

Щетканы екі қолмен, оң қолмен жоғарыдан, сол қолмен төменнен
алып, қоқысты жартылай дөңгелек қимылмен шетінен ортасына қарай 
сызылған дөңгелекке сыпыра бастаймыз.

Содан кейін, қоқысты дөңгелектің ішіне сыпырып болып, оны 
қалақтың ішіне үұын сапты щеткамен сыпыру ыңғайсыз болатынындықтан, 
қысқа сапты щетканы алатынымызды айтамыз.

Қалақ пен қысқа сапты щетканы алып, үстелдің үстін сыпырғандай
етіп, қоқысты қалаққа сыпырып саламыз да, оны сәл ысырып қоямыз.

Қоқысты кәрзеңкеге апарамыз. Қалақты өзімізге қарай сәл еңкейтіп,
қоқыс бір жаққа түсетіндей етіп, щеткамен көмектесе отырып төгеміз.

Қоқыс соңына дейін төккен соң, щетканың түгін тексереміз. Егер ол 
жерде қоқыс қалып қойса, оны қалақтың жиектерімен тазартып шығамыз.

Енді бізге бордың ізін сүрту қажет. Швабраны аламыз да, оны бор


45 
жағылған сызықтың бойымен жүргізе отырып сүртеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет