Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ» АҚ филиалы



Pdf көрінісі
бет2/56
Дата08.02.2022
өлшемі6,63 Mb.
#124220
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
Байланысты:
Монтессори
1557917413, 1575551429, 1539699345, олимпиада по каз яз5-6,9-10 кл, 6сынып мектепішілік олимпиада тапсырмалары ҚАЗАҚ ҰЛТЫ мен ӨЗГЕ ҰЛТ, АПФ слайд 23-24, мәтін
ӘОЖ 373 
КБЖ 74.102 
ISBN 978-601-7914-57-8 
© «
Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы
бойынша 
педагогикалық 
қызметкерлердің 
біліктілігін арттыру институты, 2018 
 



Кіріспе 
 
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту үздіксіз білім беру жүйесінің 
қазіргі заманғы үнемі өзгерісте болатын әлемге бейімделе алатын бала 
тұлғасының қалыптасуы мен дамуына жағдай жасайтын алғашқы деңгейі 
болып табылады.
Осы орайда Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-
ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жолдауында: 
«Мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту керек. Ойлау 
негіздері, ақыл-ой мен шығармашылық қабілеттер, жаңа дағдылар сонау 
бала кезден қалыптасады. Білім беру ісінде 4К моделіне: креативтілікті
сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуға және командада жұмыс істей 
білуге басты назар аударылуда». 
Білім беру жүйесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу 
арқылы оқыту үрдісін жетілдіру, балалардың танымдық қабілетін дамыту, 
саналы деңгейге көтеру – бүгінгі күнгі күрделі мәселе. Білімді жеке тұлғаға 
бағыттау,оқушының өзін-өзі тануы, өзін-өзі тәрбиелеуі, ақыл-ойын дамытуы, 
яғни, жан-жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеу педагогтардың алдына тың 
міндеттерді жүктеп, жаңашыл іс-әрекетке жетелейді. 
Бәсекеге қабілетті технологиялар инновациялық экономиканың өзегі 
ретінде өздігінен пайда бола қоймайды. Бұл ұзақ үдеріс, ғылыми 
зерттеулердің, күрделі де шығынды эксперименттердің және ақыр аяғында, 
ғалымдардың идеялық нұрлануының қиындықпен келетін жемісі...» деген 
пікірлерін басшылыққа ала отырып, білім беру технологияларын білім беру 
ұйымдарына мақсатты түрде енгізуге міндеттіміз. 
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім беру дамуының қазіргі заманғы 
тенденциялары мектепке дейінгі ұйымдарды балаға қанық және қауіпсіз 
өмірге жағдай жасайтын бірегей білім беру кеңістігі ретінде қарастыруға 
мүмкіндік береді. Бұл балалардың қоршаған ортаны танудағы алғашқы 
әлеуметтік ортасы. Уақытында алынған мектепке дейінгі білім әр бала үшін 
де, жалпы тұтас елдің болашағы үшін де өте маңызды.
М.Монтессори педагогикалық технологияларын білім беру жүйесіне 
ендіру, Қазақстан 30 дамыған елдердің қатарына кіруге бетбұрыс жасап 
отырған сәтте, ерікті, өз басының қадір-қасиетін сезетін, дербес, қабылданған 
шешімдеріне жауапкершілікпен қарауға қабілетті адамдардың пайда болуын 
қажет етіп отыр. Мұндай адамды тәрбиелеп шығару үшін, қазіргі заманның 
сұранысына жоғарғы дәрежеде жауап беретін бағдарламаны, жеке тұлғаны 
тәрбиелейтін технология керек. Осындай жүйе ретінде қабылдауға болатын 
бірегей Монтессори жүйесін қазіргі кезде әлемнің 146 мемлекеті қолданады. 
М.Монтессори педагогикада алғашқылардың бірі болып тәрбиелеу мен 
оқытудың нормасын баланың өз табиғатын негізге ала шығарды. Бұл 
жүйенің негізгі қағидаты ойын арқылы оқыту және баламен дербес тіл 
табысуға негізделген жаттығуларды таңдау болып табылады. Сол арқылы 
баланың зейінін, шығармашылық және логикалық ойлау қабілетін, есте 
сақтауын, сөйлеуін, елестете алуын, қимылын дамыту. Мұндағы оқытудың 



ерекшелігі бала дидактикалық материалдар мен сабақ уақытының ұзақтығын 
өзі таңдай отырып, өзіндік ағымдағы қарқында дамиды. Сондай-ақ олар өз 
қателіктерін өздері көріп, соны өздері түзеп отырады. Монтессори 
әдістемесінің маңызды ерекшелігі – баланың жеке қабілетін көрсете алатын 
және көрсеткісі келетін арнайы ортаны құру. Бұл Монтессори ортасы деп 
аталады. Бұл ортада психологиялық жайлылық, таңдау еріктілігі және 
педагогтің сабырлы адамгершілігі құрылады. Бұл жүйені ұзақ жылдар бойы 
пайдаланып келе жатқан АҚШ, Жапония, Қытай, Сингапур, Германия т.б. 
мемлекеттерде интеллектуалды дамыған адамдардың көптігі осыған 
байланысты екеніне біртіндеп көз жеткізіп келеміз. Тіпті сол дамыған 
мемлекеттерде тек жеке адамдар ғана емес, ұлттың өзі интеллектуалды ұлт 
ретінде қалыптасып отырғаны белгілі. Бала жас кезінде жас шыбық сияқты. 
Қалай исең, солай қарай иіледі. Жақсыға үйретсең, жақсылап үйретсең тез 
қабылдайды.
М.Монтессори жүйесі бойынша білім берудің міндеттері дегеніміз - 
баланың өз әлеуетін аша алуына мүмкіндік жасайтындай, оны қоршап тұрған 
заттық және әлеуметтік әлемге бейімделетіндей материалдық, әлеуметтік 
және психологиялық ортаны құру, оған осы ортаны тани отырып, сол арқылы 
қоршаған дүниені тануда еркін әрекет етуіне көмектесу. 
Бала дамуының әр бағыты дамытушы ортаның белгілі бір бұрышында 
және кеңістігінде – өмірлік тәжірибе жаттығулары кеңістігі, сенсорлық даму 
кеңістігі, математика, тіл, мәдениет негіздері және табиғат кеңістіктерінде - 
әрекет ету арқылы іске асырылады. Өнімді шығармашылық әрекеті мен 
құрастырудың заттық кеңістігі, театрланған әрекет үшін сахна, сюжеттік-
рөлдік ойындарға арналған бөлме және қозғалыс белсенділігін дамыту 
бөлмесі қарастырылады.
Қазіргі уақытта мектепке дейінгі білім берудің жаңартылған мазмұны 
Мария Монтессоридің педагогикалық жүйесінің негізгі қағидаларымен 
сәйкес келеді: 
- баланың балалық шақтың барлық кезеңдерін басынан өткізуі, бала дамуын 
байыту; 
- білім беруді әр баланың жеке қабілеттерін ескере отырып құру, бұл жерде 
бала өз білімінің мазмұнын таңдауда белсенді болады; 
- балалар мен ересек адамдардың әрекеттестігі мен ынтымақтастығы, баланы 
білім беру қатынастарының толыққанды қатысушысы (субьектісі) ретінде 
мойындау; 
- түрлі әрекеттерде балалардың бастамасын қолдау; 
- мектепке дейінгі білім беру ұйымдардың отбасымен ынтымақтастығы; 
- баланы отбасы, қоғам және мемлекеттің әлеуметтік мәдени нормаларына, 
дәстүрлеріне тарту; 
- түрлі салаларда баланың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру; 
- мектепке дейінгі білім берудің жасқа сәйкес барабарлығы (баланың жасы 
мен даму ерекшеліктеріне шарттар, талаптар, әдістердің сай болуы); 
- балалардың дамуының этномәдени жағдайын ескеру. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет