Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ» АҚ филиалы



Pdf көрінісі
бет14/56
Дата08.02.2022
өлшемі6,63 Mb.
#124220
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   56
Байланысты:
Монтессори
1557917413, 1575551429, 1539699345, олимпиада по каз яз5-6,9-10 кл, 6сынып мектепішілік олимпиада тапсырмалары ҚАЗАҚ ҰЛТЫ мен ӨЗГЕ ҰЛТ, АПФ слайд 23-24, мәтін
Сенсорика аймағы. 
Бұл аймақта бала қоршаған ортаны зерттеуде өзінің 
сезімдерін қолдана білуге үйренеді, сол сияқты температураны ажырату
заттардың салмағының айырмашылығын білу және есте сақтау қабілеттерін 
жаттықтырады


Көруді дамытуға арналған материалдар. (Түрлі түсті кестелер, көлемі 
мен пішінін ажыратуға арналған материалдар т.б) 

Сипап сезуді дамытуға арналған материалдар: сипау үшін 
тақтайшалар, маталардың қиындыларының жиынтығы т.б 

Естуді дамытуға арналған материалдар: шуылдайтын қорапшалар, 
музыкалық аспаптар т.б 

Ауырлық сезімін дамытуға арналған материалдар.

Жылу сезімін дамытуға арналған материалдар.

Иіс сезуді дамытуға арналған материалдар: иістері бар жәшікшелер. 

Дәм сезуді дамытуға арналған материалдар.

Кеңістікті ажырата білу сезімді дамытуға арналған материалдар.
Математикалық даму аймағы.
 
Балалардың ақыл ойын тәрбиелеуде 
қарапайым математикалық түсініктерді өз бетімен қалыптастыру үдерісі 
үлкен маңызға ие. Балалардың математикалық ойлауының қалыптасуының 
негізіне «заттанған абстракция» түсінігі жатады - Мария Монтессори өзінің 
математика жаттығуларына арналған арнайы дидактикалық материалдарын 
осылай атаған.Мектеп жасына дейінгі балалардың көрнекі-әрекеттік 
ойлауына осы «заттанған абстракциялармен» жұмыс істеуі тірек бола алады. 
Санаудың ондық жүйесін, арифметикалық амалдарды, қарапайым 
геометрияны бала математикалық Монтессори - материалдарымен мақсатты 
іс-әрекет арқылы меңгереді. 
 
Педагогтардың мақсаты–ортаны даярлау және балалардың еркін 
жұмысын ұйымдастыру арқылы әр баланың даму ерекшелігі мен жас 
мүмкіндіктеріне сәйкес математикалық білімнің негізін беру.
Мария Монтессори адамның ақылын математикалық ақыл деп атаған, 
себебі математика әр адамға тән және оның өмірімен тікелей байланысты деп 
есептеген. Жалпы адами мәдениет, бәрінен бұрын жоғары деңгейде дамыған 
техника мен индустрия математикаға негізделеді.
Монтессоридің математикалық материалдарында арифметика мен 
геометрияның байланысы көрсетілген. Олардың көмегімен балалар 
мөлшермен, сан әлемімен, ондық жүйемен, негізгі арифметикалық 
амалдармен және олардың мәнімен танысады. Өздерінің сенсорлық 
тәжірибесін пайдалана отырып балалар заттардың белгілерін ажыратуды, 
бөлуді, оларды салмағына, ұзындығына, санына, көлеміне қарай реттеуді 
және салыстыруды үйренеді. Сонымен қатар балалардың кеңістік пен 
уақытқа қатысты қарапайым бағыт- бағдарлылығын дамытуға көңіл бөлінеді.
-«сан» және «белгі» ұғымдарын, олардың арасындағы байланысты меңгеру 
және бекіту; 
-пәннің сандық есебін бекіту; 
-геометриялық суреттерді логикалық байланыстыру, оларды атау қабілеті; 


22 
-кеңістіктік түсінігін дамыту; 
-салмақ бірлігімен танысу; 
-арифметикалық амалмен таныстыру.
Монтессори жүйесі бойынша математикалық ойлау ересектер мен 
балалардың арнайы құрастырылған өзара әрекетінен емес, кенеттен 
туындайды деп қарастырылады. Сонымен қатар мектепке дейінгі балалардың
математикалық ойлауы арнайы дайындалған пәндік-кеңістіктік ортада 
өрістетіледі, әр балаға жеке даму қарқынына сәйкес әрі қарай ойлауын 
жетілдіруге мүмкіндік береді. Оған күрделілік деңгейі бойынша реттелген 
және изоморфты қасиеті бар дидактикалық материалдар жүйесі арқылы 
көмек көрсетіледі.
Яғни бала әрекеттесетін (сырттай қарайтын немесе оны басқалай 
сезінетін) әрбір математикалық материалдың құрылысы баланың миында 
жүріп жатқан үдерістің элементтерімен өзара сәйкестендірілген. Арнайы 
математикалық монтессори - материалдары «заттандырылған абстракциялар» 
болып табылады- әзірше нақты - әрекеттік ойлауды меңгерген мектеп жасына 
дейінгі балаларға түсініксіз көптеген абстрактілі математикалық түсініктер 
нақты моншақтар, кубиктер, тақтайшалар, штанг, сызбалар түрінде берілген.
Топтың математикалық кеңістігі ойластырылған құрылымға ие, ол 
балаларға есепті игеруге, арифметикалық амалдардың мәнін түсінуге, оларды 
орындауда тәжірибе жинақтауға, сандардың атауын еске сақтауға, сандардың 
құрамын меңгеруге қажет материалдармен қамтамасыз етілген. Сонымен 
бірге балалардың оқу дағдылары мен логикалық ойлауы дамиды.
Педагогтар математикалық материалдармен жұмыста үш негізгі 
қағидаларға сүйенеді:
1.жаңа дағдыларды, қарапайымнан күрделіге қарай білімді игеру;
2.баланың танымындағы нақтыдан абстрактіліге қозғалысы; 
3.санды енгізу, одан кейін белгілерді енгізу.
Балалар педагог жеке немесе топта таныстырған материалды өз бетімен 
таңдайды. Балалардың материалдармен өзіндік жұмысына басымдық беріледі. 
Олар жеке, жұптасып, шағын топтарда жұмыс істей алады. Бірақ педагогтар 
жеке жоспарға сәйкес жеке таныстырылымдар, сонымен қатар, бір баламен 
немесе топпен жаттығулар жүргізеді.
Материалмен берілетін ұжымдық жаттығулар қолданылатын жалпы 
топтық сабақтар да өткізіледі, алайда бұл жиі өткізілмейді, себебі балалардың 
санды игеруі және математикалық түсініктері де әр түрлі деңгейде болады. 
Дегенмен түрлі жастағы балаларға жалпы ортақ сабақтар ересек балаларға 
меңгерген білімдерін қайталауға, өзінен кішілерге үлгі болуға, балаларға 
қолжетімді 
жерде 
орналасқан 
математикалық 
бұрыштағы 
жеке 
автодидактикалық материалдардың мазмұнын қарауға мүмкіндік береді.
Ересек балалардың өзінен кіші жастағы балаларды оқытуы мадақталады 
және қолдауға ие болады. Педагог, балалардың жұмыстарын бақылап, жақын 
арадағы даму аймағын анықтайды және оның математиканы меңгерудегі 
кейінгі бағытын жоспарлайды. Жылына екі рет балалардың математикалық 
материалдармен жұмыс барысында жеткен нәтижелерін диагностикалық 


23 
кестеге тіркеп отырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет