Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ» АҚ филиалы



Pdf көрінісі
бет15/56
Дата08.02.2022
өлшемі6,63 Mb.
#124220
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   56
Байланысты:
Монтессори
1557917413, 1575551429, 1539699345, олимпиада по каз яз5-6,9-10 кл, 6сынып мектепішілік олимпиада тапсырмалары ҚАЗАҚ ҰЛТЫ мен ӨЗГЕ ҰЛТ, АПФ слайд 23-24, мәтін
Ана тілі аймағы.
 
Мектеп жасына дейінгі баланың тілдік дамуының 
маңызды бағыты оның механикалық жазуды игеруі, одан кейін, жазбаша 
сөйлеуі, ол балаларда дидактикалық монтессори - материалдар көмегімен 
белсенді және көбіне оқуды үйренгенге дейін бірден дами бастайды. Кейде 
типті оқуды игеру алдында. Осы уақытта, мектепке дейінгі жастағы 
балалардың көбінің қолы кенеттен жаттығуды қажет етеді. Балалар сурет 
салуға, пішіндерді айналдыра қоршауға, сансыз сызықтар салып оларды 
сызықпен түрлендіруге ұмтылады. Оларды салыстырып, сәйкесінше 
дауыспен атау ғана қалады. Математиканы игеру барысында «заттанған 
абстракция» көмекке келеді–ағаштан жасалған қозғалатын және кедір-
бұдырлы алфавиттер көмегі арқылы сөздер құрастырып, оны дәптерге 
көшіре алады. 
 
Сөйлеу, жазу және оқуын дамыту аймағының мақсаты: 
- балалардың тілдік дамуын және білімдерін кеңейту; 
- сөздік қорларын байыту; 
- заттар мен сөздерді жіктеу; 
- жинақтау, тактильді сезіну арқылы алфавитті зерделеу; 
- тілдік белгілерді бейнелі қабылдауын дамыту; 
- зейінін шоғырландыру; 
- сөзді әріп арқылы талдау, дыбыс пен әріпті байланыстыру; 
- жазу мен оқуға дайындау, интуитивті оқу; 
- сөз бен затты байланыстыру; 
- жеке дыбысты бөле алу және оның заттың аталуындағы орнын атай 
алуы; фонетикалық естуінің дамуы. 
Монтессори мектебінде оқу мен жазу жазуды үйретуге аса көп көңіл 
бөлінеді. 
Баланы ерте жастан оқып және жазу жазуды үйретудің қажеті жоқ. 
Ең қолайлы уақыт 6 жас деп есептеген. Бірақ кей жағдайда Монтессори, бұл 
ережені бұзып, балаға 4 жастан әріп танытып, 5 жастан оқытуды да үйреткен. 
Монтессори балаларды сырттай бақылап, жазудағы ең қиын элемент ол 
таяқша салу деп есептеген. Сондықтан бұны, бала өзі дайын болмағанша 
үйретудің қажеті жоқ деп есептеген.
Дайындық кезеңі.
Бұл кезеңде балаларға әріп үйретіледі. Бұл үшін тегіс 
зат қолданылады, үстіне тегіс емес әріптің графикалық түріне келтірілген 
қағаз қойылады. Қағаз бетін сипап, бала әріптің графикалық түрін елестетеді. 
Егер бала қай әріп екенін айта алмаса, онда бала саусақтарымен сипап 
әріптерді таниды.
Әріптерді үйретудің үш тәсілін қолдануға болады: 

Әріптерді таныстыру, мұғалімнің көмегімен бала әріптерді 
саусақтарымен сипап жүргізеді. 

Педагог балаға әріп бейнеленген сурет көрсетіледі. Егер бала 
қателессе, онда баламен жұмыс тоқтатылады. Себебі, бала қабылдауға әлі 
дайын емес.

Педагог алфавит ішінен әріп таңдайды, ал бала оны тануы қажет. 


24 
М.Монтессори болашақта баланың жазуын дамыту үшін, баланың 
қолына бор берген. Бормен жұмыс балаларға жағымды әсер етеді. Алдымен 
бір бала, артынан барлық балалар әріп жазуды үйреніп, олардың 
қызығушылығына айналған. 
Сонымен, өз бетімен жұмыс пен тәуелсіздік балаға еркіндік береді.
Балаларда өзігінен оқуды игеру әдетте 6 жасқа таман болады. Бұған,
баланы жеке жазба таңбаларымен танысудан толыққанды оқуға 
ұқыптылықпен жетелейтін ойластырылған материал жүйесі мүмкіндік 
туғызады. Мектепке дейінгі жаста балаларға оқу мен жазуды игеру 
болашақта туған тілі мен мәдениетіне кеңірек енуге мүмкіндік береді, қарым 
-қатынастың кеңеюі мен әртүрлілігін қалыптастырады. Осылайша, сөйлеумен 
байланысты тілдің, психикалық үдерістердің және қозғаушы (моторлы) 
функциялардың дамуы жүйелі және Бағдарламаның барлық бөлімдерімен 
байланысты жүзеге асады.
Тілдік іс-әрекеттің барлық түрі жалпы және еркін сабақтарда, күнделікті 
назар аударудың және мақсатқа бағытталған оқытудың құралы болып 
табылады. Атап айтқанда: - күнделікті тілдесу; 
- материалдарды жіктеудегі жеке және топтық оқу-іс-әрекеті арқылы сөздік 
қорды кеңейту;
- дидактикалық шеңберде сөздік материалдармен ұжымдық жаттығулар; 
- құрамы балалардың даму деңгейі және қызығушылығымен, ең маңыздысы, 
дайындалған ортада сөздік материалдармен ойын жаттығулар түріндегі 
өзіндік жұмысы арқылы анықталатын балалардың шағын тобындағы оқу-іс-
әрекеті. 
Ойын жаттығуларының мазмұны балалардың тілін дамытуды 
қарастырады. Дидактикалық құралдар бағыттарына байланысты бөлімдерге 
бөлінген және мынадай міндеттерді іске асыруды қамтиды: 
Монтессоридің оқыту ортасында кубиктер, пластинкалар, моншақтар
жіптер сияқты әртүрлі нәрселер қойылады. Бұндағы ең басты міндет – 
қолдың ұсақ моторикасын, тактильді есте сақтау іскерліктерін оқыту. 
Балалардың негізгі іс-әрекеті “еркін жұмыс”, заттармен өзбетімен жұмыс 
істеу болып табылады. Педагог енді ғана өмір жолына тұрып келе жатқан 
балаларды өзіндік жауапкершілікке тәрбиелеуі тиіс. Соған сәйкес бала өзін - 
өзі дамытады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет