6 сынып оқушыларына арналған
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен олимпиада тапсырмалары (қазақ ұлты)
І. Тест тапсырмалары
1.Буынның түрлерін көрсетіңіз.
а) жуан, жіңішке ә) үнді,ұяң,қатаң б) бітеу,ашық,тұйық в) жуан,ашық,бітеу
2.Қазақ тілі қандай тілдер тобына жатады?
а) түркі ә) татар б) монғол в) түрк
3.Дыбыс үндестігін көрсетіңіз.
а) сыныбым ә) балалар б) қыздың в) Асанмен
4.Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалы сөзді көрсетіңіз.
а) көйлегім ә) әсемпаз б) оқушылар в) бағу
5.Сын есім + зат есім сөз тіркесін көрсетіңіз.
а) менің добым ә) сұлу ат б) өзімнің апам в) киноға бар
6.Бағытты білдіретін септік жалғауын көрсетіңіз.
а) ілік септік ә) табыс септік б) барыс септік в) жатыс септік
7.Сөйлемді дүрыс құра: «отбасым(1),тұрады(2),менің(3),тату-татті(4)
а) 2,3,4,1 ә) 3,4,1,2 б) 3,1,4,2 в) 3,4,2,1
8. -дау,-деу қай сын есімдерге дұрыс келеді, белгіле.
а) әдепті,ұқыпты ә) ескі,жақсы б) толық,жіңішке в) жақын,көңіл
9. Әрі есім, әрі етістік қызметін атқаратын етістіктің түрі:
а) етіс ә) есімше б) көсемше в) тұйық етістік
10 .Деректі зат есімді табыңыз: а) Парасат ә) Ағаш б) Қуаныш в) Сезім
10 ұпай
ІІ. Лексика-грамматикалық тапсырмалар
Берілген сөздерге фонетикалық талдау жасаңдар:
Құрмет, білгіш.
5ұпай
Көп нүктенің орнына оң жақтағы сөздердің тиістісін қойып, сөйлемдерді
көшіріп жазыңдар.
Мен кеше ... хат алдым. сөреден
Гүлсім ... оқу залында кітап оқып отыр. білімде
Ол ... екі жас үлкен. кітапхананың
Мұғалім журналды ... алды. жолдасымнан
Күш - ... , білім - кітапта менен
5ұпай
Көп нүктенің орнына тиісті тәуелдік жалғауын қойып жазыңдар.
Біздің кабинет..., сендердің сынып..., оның бөлме ..., сенің өшіргіш..., сіздің балалар... .
5 ұпай
Диалогты жалғастырып жазыңдар. Әрбір дұрыс сөйлемге 1 ұпай.
- Сенің мектебің қаланың қай жерінде орналасқан?
- Біздің мектеп қаланың оңтүстігінде орналасқан.
- Мектеп ауласы қандай?
- ... ... ... .
- ... ... ... .
Білім туралы 3 мақал-мәтел жатқа жазыңдар.
3 ұпай
Мектепішілік олимпиадалық тапсырмалары (өзге ұлты өкілдері үшін)
6 сынып
Оқылым.
Қазақстандағы ең биік әрі танымал таулардың бірі - Іле Алатауы. Ол республиканың оңтүстік шығысында орналасқан. Бұл Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстік тізбегі.
Тянь-Шаньнің орталық бөлігінде, Қазақстан, Қырғызстан мен Қытай шекараларының қиылысқан жерінде ең биік шыңдардың бірі, Қазақстанның ең биік нүктесі Хан-Тәңірі шыңы жатыр. Оның биіктігі - теңіз деңгейінен 6 995 метр. Ал республиканың оңтүстік-батысында Жоңғар Алатауы тауы жатыр. Бұл тұмса табиғатының көркі таңдандыратын тамаша жер. Мемлекеттің шығысында Зайсан көлінен Қара Ертіс алабына дейін Алтай таулары созылып жатыр. Оларды үш аумаққа бөледі: Оңтүстік Алтай, Кенді Алтай, Қалба жоталары. Мұнда Алтайдың символы Мұзтау тауы орналасқан. Ол - басын мәңгі қар мен мұз басқан Алтай мен Сібірдің ең биік нүктесі. Оның биіктігі - теңіз деңгейінен 4 506 метр.
1 тапсырма. Мәтінге 5 сұрақ құрастырып жаз.
2 тапсырма. Сан есімдерді теріп жазып, олардан реттік сан есім құра.
3 тапсырма. Мына сөздерге синоним тауып жаз: мәңгі, көркі.
4 тапсырма. Мына сөздерге антоним жаз: биік, үлкен.
5 тапсырма. Мәтіннен 5 негізгі тірек сөзді теріп жаз. 5 балл
2. Лексика –грамматикалық тест
1.Екі буынды сөзді белгілеңіз.
A) орамжапырақ
B) арзан
C) мемлекеттік
D) қалашық
2. Сөздері үнді дауыссыздан басталған сөйлемді табыңыз.
A) Ағам жоғарғы оқу орнында оқиды.
B) Елімізде ақылды балалар көп.
C) Мен нағыз маман Ләззатқа ризамын.
D) Вокзалға қандай автобуспен баруға болады?
3.Негізгі түбірді анықтаңыз.
A) Атамекен.
B) Ата-ана.
C) Дос.
D) Ағалық.
4.Туынды зат есімді табыңыз.
A) Білімді.
B) аспан.
C) отан.
D) жер.
5.Синонимдік жұпты анықтаңыз.
A) Күшті – қорқақ.
B) Сыйламау – сыйлау.
C) Әсем – көркем.
D) Ұзын – қысқа.
6. Еңбек туралы мақал-мәтелді белгілеңіз.
A) Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.
B) Кітап – ғылым, тілсіз мұғалім.
C) Отан үшін күрес – ерге тиген үлес.
D) Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті.
7. Жіктік жалғауы бар зат есімді көрсетіңіз.
A) Оқушының.
B) Оқушыны.
C) Оқушымын.
D) Оқушынікі.
8. Мақалдың екінші бөлімін табыңыз.
«Отансыз адам, ...».
A) ......оттан да ыстық.
B) ....., қаларсың ұятқа.
C) ......ормансыз бұлбұл
D) ..... ескісі жақсы.
9. Синоним сөздерді табыңыз.
А) Сұлу, бай, байтақ
В) Ұлаң-байтақ , кең, ұлаң-ғайыр
С) Жақын, шалғай, биік
D) Алыс, үлкен, кең
10. Тань-Шяньнің ең биік нүктесін тап
А)Сарыарқа таулары
В) Жұмбақтас
С) Хантәңірі
D) Алатау 10 балл
3.Жазылым. Өзіңнің шетелдік досыңа «Қазақстанның таулары» туралы хат жаз. (хаттың стилі мен жанрын сақта). 5 балл
Достарыңызбен бөлісу: |