Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ» АҚ филиалы



Pdf көрінісі
бет16/56
Дата08.02.2022
өлшемі6,63 Mb.
#124220
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   56
Байланысты:
Монтессори
1557917413, 1575551429, 1539699345, олимпиада по каз яз5-6,9-10 кл, 6сынып мектепішілік олимпиада тапсырмалары ҚАЗАҚ ҰЛТЫ мен ӨЗГЕ ҰЛТ, АПФ слайд 23-24, мәтін
Ғарыш аймағында
балаға география, астрономия, ботаника, зоология, 
физика, химия негіздерімен танысуға көмектесетін материалдар қойылған. 
Мұндай оқытулар баланың шығармашылық ойлауын дамытуға ықпал етеді 
және табиғат пен мәдениеттің түрлі салалары бойынша құзыреттілігін 
қалыптастырады.
Ғарыш аймағының мақсаты:
- балаларды қоршаған ортадағы заттардың түрлі қасиеттерімен, жануарлар, 
өсімдіктер әлемімен және адамдармен таныстыру; 
- жануарлар әлемін жіктеу; 
- адамның дене құрылысын зерттеу; 
- жер құрылысы туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру; 


25 
- қоршаған әлем, табиғат мезгілдерінің өзгерістері, адам еңбегі және т.б. 
туралы білімдерін кеңейту; 
- уақытты тану, «тәулік» ұғымын бекіту, оның бөліктерге бөлінетінін білу: 
уақыт категорияларын, жыл мезгілдерінің алмасу кезектерін зерттеу; 
- Күн жүйесімен: оған не кіретінімен, планеталардың атауы және олардың 
орналасу тәртібімен танысу; 
- жұлдызды аспан картасымен танысу, негізгі шоқжұлдыздарды тани білу;
Ғарыштық тәрбие Монтессори мектебінде ерекше орын алады. Ол 
балаға әлемді біртұтас дүние ретінде сезінуге және сол әлемдегі өзінің орнын 
анықтауға көмектеседі. Ақпараттар белгілі бір бөлімдерге бөлінгенмен бұл 
жаратылыстану бойынша пәндердің жиынтығы емес, бұл баланы табиғаттағы 
өзара байланысқан күрделі әлемге ендіру, өзін Ғаламның бір бөлшегі ретінде 
сезінуге жол салу. Ғарыштық тәрбиенің негізгі идеясы – әлемдегі барлық 
нәрсенің өз ғарыштық міндеті бар.Біз бәріміз бір-бірімізбен өзара 
байланыстымыз. Тіршілік жансыз табиғат табиғи жағдайдадың әсерінен 
өзгерген кезде ғана пайда болды. Жануарлар өсімдіктер оларды 
қоректендіруді қамтамасыз ете алатын кезде ғана пайда болды. Өсімдіктер 
өлі табиғаттан қоректік заттар, жылу, жарық, су алады және оны өздерінің 
жемістері арқылы қайтарады. Адамда да өзіндік ғарыштық міндеттер бар.
Әрбір бала жаңа ақпарат алатындай, оны өңдеуді үйренуге, әртүрлі 
мәліметтерді байланыстырып біріктіруге жағдай жасау өте маңызды болып 
табылады және нәтижесінде – әлемді танитындай өз пайымдауын 
құрастырады. Ғарыштық тәрбие аймағы – астрономия, география, тарих, 
ботаника, зоология, химия негіздері, физика бойынша көптеген үйретуші 
және көрнекілік материалдар жинақталған аймақ. 
6-9 жастағы бала – бұл әлемді зерттеуші, сынақ жүргізуші. Ғарыштық 
тәрбие аймағында балалардың судың, топырақтың, т.б. қасиеттерін 
зерделейтін қарапайым тәжірибелерді өздігінен жасайтын мұқият 
жабдықталған зертхана міндетті түрде болуы керек.Анықтамалық 
әдебиеттер, энциклопедиялардың көп болуы оқушыларға өздігінен немесе 
мұғалімнің көмегімен баяндама, хабарлама жазуға ақпараттар іздеуге 


26 
мүмкіндіктер береді. Кітапхананы, әсіресе, 9-12 жастағы оқушылар белсенді 
пайдаланады. 
Ғарыштық тәрбие бойынша жұмыста келесі әдіс-тәсілдерді қолдану 
тиімді: үйрету мақсатындағы материалдармен оқушылардың өздігінен жұмыс 
істеуі; зертханаларда өздігінен жұмыс істеу; әдебиеттермен өздігінен жұмыс 
істеу, хабарлама мен баяндамалар дайындау; мұғалімнің басшылығымен 
жалпы сабақ. 
Монтессори-мектеп үшін бастауыш сыныптарға қатысты ерекше 
материал уақыт таспасы болып табылады. Бұл таспалар қоршаған ортадағы 
кейбір құбылыстардың бір - бірімен және алдағы уақыт аралығындағы өзара 
байланысын байқай білуге көмектеседі. Сонымен қатар, олар балалардың 
белсенді өздік жұмыстарын жүргізуге тиімді, бұл белгілі бір ақпараттарды 
сенсорлық және эмоциялық қабылдауға сүйене отырып, ұғынуды, оны 
түсінуді ғана емес, есте сақтауға да мүмкіндік береді. 
Жалпы сабақтардың ішінде Үлкен Тарих деп аталатын сабақ ерекше 
орын алады. Ол туралы мұғалім оқу жылы басында, өте көп уақыт 
аралығында емес айтып береді. Әрбір тарихи оқиға қандай да бір білім 
саласына кіріспе, қандай да бір тарауға қажетінше толық жалпы шолу ретінде 
ұсынылады. Бұл оқушыларды ынталандыруда және олардың бағдарламаны 
бағамдай алуында үлкен рөл атқарады. Оқиғаларды айту барысында 
тәжірибелерді, уақыт таспасын, сызбаларды, суреттерді көрсету қатар 
жүргізіліп отырады. 
Педагогтың міндеті–бала табиғат пен адамзат мәдениетін өз бетінше 
тануы үшін дидактикалық материалдардың көмегімен балаға ойландыратын 
және сезіндіретін құралдарды беру. Қоршаған әлемді зерттеу деген – 
зерттеуші ретінде әрекет жасауды білдіреді: сараптау, салыстыру, ақпаратты 
жинақтау. Бұл кеңістіктің дидактикалық материалдары Ян Амос 
Коменскийдің «Чувственный мир в картинках» атты әйгілі оқулығының 
қағидалары бойынша құрастырылған. Бала бүкіл әлемді елестете алмайтын 
болғандықтан, мәдениетті адам үшін негізгі, маңызды заттардың суреттері 
беріліп, аттары жазылған. Сурет – белгілі бір жағдайларда баланың ашып 
көруге, 
талдауға 
және 
түсіндіруге 
ықыласын 
оятатын 
белгі.
Ғарыштық тәрбие бойынша жұмыста басқа да жалпы сабақтар болады, 
оларды мұғалім өзінің жылдық, айлық, апталық жоспарларына сәйкес 
дайындайды. Бірақ жалпы сабақтар балалардың өзіндік белсенділіктері 
тұрғысында құрылады. Жалпы сабақтарды жүргізуде мұғалімнің міндеті 
оқушыларға жаңа ақпараттарды беру емес, керісінше балаларды қызықтыру, 
оларды пікірлерімен, ойларымен, көргендері және естігендерімен бөлісуге, 
қандай да бір жаңа құбылыс, оқиға жайлы өздіктерінен түсінік беруге тарту. 
Жалпы сабақтарда әңгімелесу мен талқылаудан басқа тәжірибелерді көрсету, 
табиға және жасанды нысандарды (минералдар, қазба байлықтар, өнімдер, 
жеміс-жидек,саңырауқұлақ, гербарий муляждары) қарау және зерттеу 
маңызды орын алады. Сонымен қатар нысандарды барлық сезім мүшелері 
арқылы зерделеу мүмкіндіктері де өзекті болып табылады. Жалпы сабақтар 
оқушының баяндамасы және хабарламасымен басталуы мүмкін. Баяндама 


27 
мен хабарлама келесі жоспарланбаған жалпы сабақтарға түрткі болуы жиі 
кездеседі. Оқушылар жаңа сұрақтар қоюы немесе мұғалім тақырыпты басқа 
қырынан қарастыруды немесе баяндамада айтылғандарға басқа көзқараспен 
қарауды ұсынуы мүмкін. Баяндама, зертханалық тәжірибе бойынша есеп 
дайындау барысында әдебиеттермен өз бетімен жұмыс істеу кезінде балалар 
анықтамалық және энциклопедияларды қолдануды, өте көлемді емес 
мақалалар бойынша конспект жасауды, оқығанын айтып беруді, өз 
жұмыстарын рәсімдеуді үйренеді. Мұның бәрі келесі сыныпта (9-12 жас) 
жеке және топтық жобалар бойынша жұмысты жүргізуге көмектеседі. 
Бағдарлама сыныптарға бөлінбейді, тек жас шамасы бойынша бөлінеді 
(6-9 және 9-12 жас). Бұл бөлу мазмұндық тақырыптар арқылы емес, тереңірек 
және оларды қайта қарау тәсілі арқылы бөлу. Әдетте «6-9 жас» сыныбында 
балалар нақты материалдарды пайдалану арқылы жұмыс істейді, бірте-бірте 
абстрактілі деңгейге өтеді. «9-12 жас» сыныбының оқушылары сол 
тақырыптарды қарастырады, бірақ көбінесе абстрактілі деңгейде талдау, 
салыстыру, жинақтау, ережені өздігінен құрастыру, анықтау, заңдылықтар 
қорытындысын шығару жұмыстарын жүргізеді. Дегенмен барлық балалар 
бірдей емес, бірдей жастағы балалардың жұмыс істеу деңгейі мен тереңдігі 
әртүрлі болуы мүмкін.Мұғалім кез-келген тақырыппен сол балаға қолжетімді 
деңгейде жұмыс істеуге дайын болуы тиіс.
- өз бетінше тәжірибе жасай алуы, көргенін бақылай және талдай алуы
- логикалық ойлауын, қиялын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

М.Монтессори методикасы құрылған күнінен бастап бүгінгі күнге дейін 


танымал болып, үлкен жетістіктерге жеткен. Берілген методика - Монтессори 
сыныбындағы тақырыптық аймақтар баланың жан-жақты дамуы үшін үнемі 
материалдармен толықтырылып отырады. 
Мысалы, қозғалыстық, музыкалық, өнер және басқа да аймақтар.
Әлеуметтік даму аймағының мазмұны алғашқы әлеуметтік 
сипаттамаларды меңгеру мақсатына және балаларды әлеуметтік қарым-
қатынасқа енгізуге бағытталған, бұл мынадай міндеттерді шешуден тұрады: 
-
Қоғамда қабылданған нормалар мен құндылықтарды, оның ішінде
моральдық және адамгершілік құндылықтарды (балалармен бірге 
«әлеуметтік өмір сабақтарында», мұның сыртында бір-бірін құрметтеу, 
қолдау, көмек көрсету және т.б. нормалары бар) өмірлік жағдаяттарда 
меңгеру.
-
Баланың ересектермен және құрдастарымен қарым - қатынас
дағдыларын дамыту, Құрдастарымен бірлескен іс-әрекетке дайындығын 
қалыптастыру (педагог балалардың бір-бірімен жағымды қарым –қатынас
жасауға, даулы жағдайларды шешуге ұмтылысын қолдау арқылы).
-
Дербестікке, мақсатқа бағытталушылыққа өз іс-әрекетін өзі реттеуге
қалыптасуы (баланың кез - келген іс-әрекетінде дербестік көрсетуін және 
проблемалық жағдайлардың шешімін табуына ұмтылысын қолдаудың арқасында). 
-
Өзінің отбасына сыйластық қарым-қатынасы сезімін қалыптастыру және
балалар мен ересектер арасындағы қоғамдастықта шынайы сезімді 
қалыптастыруды ұйымдастыру (баланың отбасы мүшелерімен отбасылық 


28 
альбомын жасауы, отбасы тарихының таспасын, отбасы ағашы мен отбасы 
таңбасын жасау арқылы). 
-
Әлеуметтік және эмоциональдық интеллектісін дамыту, эмоционалдық
бауырмалдық 
және 
жанашырлық 
таныту 
(балаларда 
эмоционалдық 
бауырмалдықты және жанашырлықты дамыту үшін өмірдегі әртүрлі
жағдаяттарды пайдалану: өзінен әлсіз балаларға және кез - келген көмекке 
мұқтаж адамдарға көмектесу арқылы).
Еңбектің және шығармашылықтың әр түріне оң көзқарасты 
қалыптастыру (әр балаға өзіне өзі қызмет көрсетуді және қоршаған ортаға 
қамқорлық жасау жаттығуларын көп рет іс - тәжірибеде қолдану мүмкіндігін 
беретін дайындалған орта арқылы).
Тұрмыста, әлеуметтік ортада, табиғатта балалардың қауіпсіз мінез-
құлық негіздерін қалыптастыру (педагогтың қоршаған ортадағы қауіпсіз 
өзара іс-әрекет түрлерін көрсетуі. Балалармен назар салу мен абай болуды 
талап ететін мүмкін жағдайларды ойнау және талқылау арқылы).
Бала тұлғасын әлеуметтендіруді қалыптастыру бойынша ұсынылған 
барлық міндеттер негізінен тек ойын іс-әрекеті арқылы жүзеге асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет