Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ» АҚ филиалы



Pdf көрінісі
бет24/56
Дата08.02.2022
өлшемі6,63 Mb.
#124220
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   56
Байланысты:
Монтессори

 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


36 
ҚОРЫТЫНДЫ 
 
ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық 
технологиялық бағытты дамыту мақсатымен атауымыз үлкен үміттің басты 
нышаны болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр 
болмайды. Жас ұрпаққа мән — мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру — 
бүгінгі күннің басты талабы екені бәрімізге белгілі. 
Баланың жеке тұлға ретіндегі дамуы өзіндік көзқарасының қалыптасуы, 
ой — өрісінің кеңеюі балабақша қабырғасында басталатыны сөзсіз. 
Бүгінгі күні мектепке дейінгі ұйымдарда Монтессори педагогикасының 
элементтері кеңінен қолданылып жүр. Монтессори педагогикасы көбінесе 
бала мен оның жеке қасиеті басты орынға қойылатын педагогикалық әдіс 
ретінде сипатталады.
Бүгін заманауи баланың бұдан бірнеше онжылдықтар бұрынғы 
құрдасындай еместігі фактісіне ешкім де шүбә келтірмес. Баланың өзінің 
табиғаты немесе даму заңдылығы өзгергенінен емес. Негізінен өмір, заттық 
және әлеуметтік әлем, үлкендердің балалардан күтетіндері, отбасындағы 
тәрбиелеу моделдері, балабақшадағы педагогикалық талаптар өзгерді. 
Балалардың дағдыларын қалыптастыру педагогтың ұзақ, тынымсыз, 
мақсатты әрекетті қажет етеді. Мұнда педагогтың түпкі ойы: ортада 
эмоциялы - психолоигялық жағдай туғызып, баланың қызығушылығын ояту 
болып табылады.
Мектепке дейінгі балалардың өзіне – өзі қызмет көрсету дағдыларын 
қалыптастыру арқылы педагог еңбек тәрбиесінің міндеттерін орындайды. Ал 
еңбек тәрбиесі болса, балалардың еңбек сүйгіштіктерін, ұқыптылықтарын, 
басқа да адамгершілік сапалары мен эстетикалық көзқарастарын 
қалыптастырады.
Оқудың соңына қарай мектепке дейінгі жастағы балалалар келесі 
қасиеттерге ие болады:
- дербес танымдық әрекет дағдылары бар, олар қоршаған ортаны зерттеуде 
білімқұмар, белсенді; 
- заттармен өздігінен қатынас жасай алады, материалмен жұмыс істеудің 
тиімді әдісін таңдайды, онымен әрекет етудің алгоритмін біледі; 
- өз қателіктерін табады және оларды түзете алады;
- жұмысты ынтамен жасайды, басталған істі аяғына дейін жеткізеді; 
- оқуға ықылас танытады; 
- түрлі нысандарды бақылайды, сараптама жасайды, салыстыра алады, 
оларды белгілері бойынша топастыра алады, өз қателіктерін табады және 
оларды түзетеді;
- бала дамуының ең жақын аймағына сәйкес әлеуметтік тәжірибе алады; 
- бастапқы математикалық түсініктерге ие болады; 
- бояу, қарындаш, бор, табиғи материалдармен жұмыс істей алады. 
М.Монтессори жүйесі дәстүрлі педагогикадан едәуір ерекшеленеді, 
бірақ ол мақсаты жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде 
жеке бас мәдениетін меңгеруші бала тұлғасын дамыту болып табылатын


37 
ҚР Мемлекеттік Стандартына қайшы келмейді. М.Монтессори әдісі 
балаларға жауапкершілікті сезінуге, өздігінен шешім қабылдауына, топта да, 
жеке де жұмыс жасай алуына, таңдау жасай алуына, өз уақытын 
ұйымдастыра білуіне, өзіне сеніммен қарауына мүмкіндіктер береді, қолайлы 
жағдай туғызады. 
Бұл әдістің мақсаты—балалардың табиғи мінезін, қабілетін, тәрбиешінің 
нұсқауымен емес, өз еркімен тәуелсіздік рухында тәрбиелеу.
Қорыта келе, Монтессори әдістемесі баланың назарын дамытуға, 
шығармашылық және логикалық ойлауға, жадын, сөйлеу қабілетін, қиялын, 
моториканы қалыптастыруға көмектеседі деген тұжырым жасауға болады. 
Бұл әдістеме айналадағы адамдармен араласу дағдысын меңгеруге септігін 
тигізетін ұжымдық ойындар мен тапсырмаларға аса мән беріледі. Сондай-ақ, 
баланың дербестігін дамыту үшін күнделікті өмірдегі әдеттерді меңгеруіне 
көңіл бөлінеді. 
Қай кезеңде болмасын балабақшада Монтессори әдісі еш уақытта 
орнын жоғалтқан емес. Бала табиғатынан білуге құмар, тумысынан — ақ 
өсуге, жетілуге ұмтылысы басым. Сондықтан да қарқынмен дамып бара 
жатқан мына заманда балабақшадағы педагогтардың ұлттық қалып, ұлттық 
мінезді сақтай отырып, бала тәрбиесінің әдістерін тынбай ізденіп, жиі 
жаңартып отыруы заңдылық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет