Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ» АҚ филиалы



Pdf көрінісі
бет25/56
Дата08.02.2022
өлшемі6,63 Mb.
#124220
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   56
Байланысты:
Монтессори

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


38 

Қосымша 1 
 
Тәжірибелік өмір 
Дайындыққа арналған жаттығулар топтамасы 
 Заттарды тасымалдау.
Тікелей мақсаты:
Балаларға түрлі заттарды тасымалдауды үйрету.
Жанама мақсаты:
зейін тұрақтандыру, қимыл-қозғалысты үйлестіру. 
Материал: керамикалық табақ.
Тұсаукесердің жүру барысы: 

Балалардың назарын табаққа аудару. 

«Қазір біз табақты үстел үстіне апарып қоямыз. Алдымен мен 
көрсетемін, содан соң сен өзің апарасың».

Үш саусақ: сол қолдың сұқ саусағын, ортаңғы және аты жоқ саусағын 
табақтың сол тұтқасының астына қойып, үстінен бас бармақпен 
қысамыз.

Үш саусақ: оң қолдың сұқ саусағын, ортаңғы және аты жоқ саусағын 
табақтың оң тұтқасының астына қойып, үстінен бас бармақпен 
қысамыз. 

Табақты екі қолмен бірге көтереміз.

Табақты көлденең ұстап жүреміз.

Үстел үстіне қоямыз.

Балаға: - «Тыныш», - деп айтамыз.

Балаға табақты қайтадан сөреге апарып қоюды ұсынамыз.
Келесі жаттығулар:

Құмыраны тасымалдау

Су құйылған құмыраны тасымалдау

Қақпағы жоқ қорапшаны тасымалдау

Қақпағы бар қорапшаны тасымалдау

Іші бос құмыраны табақтың үстіне қойып тасымалдау

Әр түрлі заттарды тасымалдау

Ыдыс аяқты тасып орнына жинау


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет