Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ» АҚ филиалы



Pdf көрінісі
бет20/56
Дата08.02.2022
өлшемі6,63 Mb.
#124220
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   56
Байланысты:
Монтессори
1557917413, 1575551429, 1539699345, олимпиада по каз яз5-6,9-10 кл, 6сынып мектепішілік олимпиада тапсырмалары ҚАЗАҚ ҰЛТЫ мен ӨЗГЕ ҰЛТ, АПФ слайд 23-24, мәтін
ЖОСПАРЛАУ 
 
Бұл жастағы топта балалардың өз іс - әрекеттерін жоспарлауды меңгеруі 
және оны штрих - карта мен күнделік көмегімен бақылауы үлкен маңызға ие 
болады. Мұғалім алғашқы кезде ғана көмектеседі, ал кейінірек тек баланы 
қадағалайды және кеңес береді. Штрих-картада әр білім беру саласы 
бойынша міндетті минимум аясы белгіленген. Штрих - карта негізінде әрбір 
оқушы жеке оқу жоспарын жасайды. Толықтырылуы және мұндағы алынған 
білімнің жоғарғы шегі әр баланың жеке мүмкіндіктеріне байланысты. 
Мұғалімнің міндеті – әр бала үшін ақпараттың тиімді көлемін алуға, жүйелі 
жасалатын өзіндік жаттығуларда алынған білімдерін меңгеру және бекітуге 
мүмкіндік жасау. 
Еркін оқуды оқушылардың өздері жоспарлайды. Әдетте штрих-карта 
негізінде бір жылға, айға, аптаға арналған тақырыптық күнтізбелік жоспар 
үлгісі әзірленеді. Күнделікті оқу жұмыстарының нақты мазмұны бір немесе 
бірнеше күн бұрын жоспарланады. Бірақ бұл жоспар қатаң қағида болып 
табылмайды. Оларды орындауды оқушының өзі өз бетімен бақылап отырады 
және қажет болғанда түзетулер енгізеді. Өзіндік жұмыстар мен тест, бақылау 
жұмыстарын орындауды оқушы штрих-картаға және апталық, айлық 
жоспарға сәйкес жоспарлайды. Алғашқы кезеңде балаға бұл жоспарлауды 
дайындауға мұғалім көмектеседі, 8-9 жастағы және олардан ересектер бұл 
жұмысты өздігінен жасайды. 
Жеке жұмыстарды мұғалім оқушыны бақылау негізінде оның даму 
деңгейі мен қарқынын, оның жаңа материалды қабылдауға әзірлігін, білім 
беру бағдарламаларын, сонымен қатар оқушының өз жоспарын меңгеру 
деңгейі мен қарқынын есепке ала отырып жоспарлайды. Бұл ағымдағы
күнделікті, апталық жұмыс. Мұғалім бала неге жеткенін, білімінде қандай 
олқылықтар бар, бала қандайда бір тоқырау жағдайында емес пе осыларды 
талдайды. Сонан кейін осы талдау нәтижелері негізінде педагог жеке 
жұмыстардың тақырыбы мен түрін анықтайды. Бірақ жұмыстың мазмұны 
мен тәсілін таңдау құқы балада қалады. Көмек көрсетуді және жеке жұмыс 
жүргізуді баланың өзі де сқрауы мүмкін. Сонымен қатар мұғалім үнемі 
оқушымен оның оқу жоспары мен жетістіктеріне бірлесе талдау жасап 
отырады. 
Топтық жұмыстар оқу бағдарламасына сәйкес жоспарланады. Айлық 
және апаталық жоспарлар құрылады, бұл ретте топқа іріктелген балалардың 
даму деңгейі, олардың сол немесе өзге тақырыпты меңгеру дәрежесі, т.б. 
ескеріледі. Жоспарлар міндетті болып табылады, бірақ қатаң емес. Белгілі бір 
аптаға арналған тақырып ерте немесе керісінше кешірек қарастырылуы 
мүмкін, ол балалардың көңіл-күйі мен қызығушылықтарына, олардың 


32 
көңілін аударған басқа бір тақырып, т.б. кездейсоқ жағдайларға байланысты 
болуы мүмкін. 
Бұл жастағы топта аяқастынан болған әртүрлі факторлар кіші топқа 
қарағанда аз мәнге ие болады. Бұл топтағы жалпы сабақтарды тек қана 
Монтессори - мұғалім ғана емес, сонымен қатар арнайы мамандар да жүргізе 
алады. Әсіресе, музыка, дене шынықтыру, еңбекке баулу және шет тілі 
сияқты білім салаларына қатысты. Бірақ бұл мамандар міндетті түрде 
Монтессори-әдіспен таныс болуы және топтық жұмыс барысында оның 
негізгі ұстанымдарын орындауы тиіс. Тіл, әдебиет, математика және ғарыш 
бойынша кейбір сабақтарды өткізу үшін арнайы мамандар шақырылуы 
мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет