Түсінік хат ұсынылып отырған күнтізбелік-тақырыптық жоспар жаңартылған оқу бағдарламасының негізіндегі «Физика»



бет1/2
Дата25.04.2022
өлшемі84,44 Kb.
#140770
түріБағдарламасы
  1   2
Байланысты:
Монтессори, 1557917413, 1575551429, олимпиада по каз яз5-6,9-10 кл, 6сынып мектепішілік олимпиада тапсырмалары ҚАЗАҚ ҰЛТЫ мен ӨЗГЕ ҰЛТ, АПФ слайд 23-24, мәтін

ТҮСІНІК ХАТ

Ұсынылып отырған күнтізбелік-тақырыптық жоспар жаңартылған оқу бағдарламасының негізіндегі «Физика» пәні бойынша 7 сыныпқа арналған.


Тақырыптық – күнтізбелік жоспар 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына және 2016 жылдың 3 қарашасындағы №668 бұйрықтың негізіндегі типтік оқу бағдарламаларының негізінде жасалынды.
Жаңартылған мазмұндағы 7-сыныпқа арналған «Физика» пәнін оқытудың мақсаты - білім алушылардың ғылыми дүиетанымдық негіздерін, әлемнің жаратылыстанымдық-ғылыми бейнесін тұтастай қабылдауын, өмірде маңызды практикалық мәселелерді шешуде табиғат құбылыстарын бақылау, жазу, талдау қабілеттерін қалыптастыру.
Оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:
1) білім алушылардың әлемнің заманауи физикалық бейнесінің негізінде жатқан заңдылықтар мен принциптер туралы іргелі білімді, табиғатты танудың ғылыми әдістерін меңгерту;
2) білім алушылардың интелектуалдық, ақпараттық, коммуникативтік және рефлективтік мәдениетін, физикалық экспериментті және зерттеу жұмыстарын орындау дағдыларын дамыту;
3) оқу және зерттеу қызметіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;
4) меңгерген дағдыларды табиғат ресурстарын пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауда, қоғам мен адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қолдану.
Жаңартылған бағдарламаның басты мақсаттарының бірі – физиклық шамаларды тәжірибе жүзінде анықтау, қолдағы құралдармен тәжірибе өткізу, көрсеткіштерді оқи білу және нәтижені талдау. Осыған байланысты, бұл қосылған тәжірибелік есептердің есесінен, оқу бағдарламасының әрбір бөлімшесі кем дегенде 3 практикалық жұмыстардан тұрады:
• ауырлық күшін зерттеу («Кинематика негіздері» бөлімшесі);
• түрлі денелердің созылуын зерттеу («Кинематика негіздері» бөлімшесі);
• жұмыстың мәнін график бойынша анықтау («Кинематика негіздері» бөлімшесі);
• ауырлық күші мен үйкеліс күшінің жұмысын салыстыру («Динамика негіздері» бөлімшесі);
• көлік түрлерінің қуатын бағалау («Сақталу заңдары» бөлімшесі);
• үстел теннисіне арналған шариктің тебілу биіктігін анықтау («Сақталу заңдары» бөлімшесі);
7-сыныптарға арналған «Физика» пәнінің жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы 10 зертханалық жұмыс және 22 практикалық жұмыстан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет