Міндеттері:
- бала денсаулығы мен өмірін сақтауды қамтамасыз ететін пәндік-дамытушы
орта құру;
-балалардың физикалық және психикалық денсаулықтарын сақтау және
нығайту, сондай-ақ салауатты өмір салты құндылығын қалыптастыру;
-әр баланың толыққанды дамуына бірдей мүмкіндіктер ұсыну;
-балалардың
физикалық,
зияткерлік,
адамгершілік,
эстетикалық,
шығармашылық қабілеттерін, өзін-өзі дамытуға ұмтылыстарын жетілдіру;
-танымдық, қарым-қатынастық және шығармашылық әрекеттегі балалар
бастамасын және дербестігін қолдау;
-математикалық ойлауды, есептеу дағдыларын дамыту;
-бақылау, сараптау, салыстыру, заттар мен құбылыстардың ерекше белгілерін
ажырату, оларды осы белгілері бойынша топтастыру қабілеттерін дамыту;
-балаларға өзін қоршаған әлемнің бір бөлігі ретіне сезінуге мүмкіндік беру;
-өмір ағысын, уақытты, жанды және жансызды, үш стихия – жер, ауа, отты
және табиғаттың басқа құбылыстарын сезінуді тәрбиелеу;
-өз табыстарына таңдану, қуану, өздігінен сұрақтарға жауап іздеу
қабілеттерін ынталандыру;
-сабақ оқуға қолайлы жағдайлар жасау: оған педагогтің жағымды ұстанымы
мен мінез-құлқы ықпал етеді;
-әр балаға оның физикалық және психикалық қабілеттеріне, даму ырғағына
сәйкес жеке амал тұрғысынан келу;
-оқу әрекетіне (мектепке дейінгі жастағы балаларда) бастауыш жалпы білім
берудің міндеттерін сәтті орындауға қажетті және жеткілікті алғы шарттар
қалыптастыру;
-даму және білім беру, денсаулық сақтау және нығайту мәселелерінде ата-
аналарды психологиялық-педагогикалық қолдауды қамтамасыз ету және
құзыреттіліктерін арттыру.
Достарыңызбен бөлісу: |