Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ» АҚ филиалы



Pdf көрінісі
бет5/56
Дата08.02.2022
өлшемі6,63 Mb.
#124220
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
Байланысты:
Монтессори

 
 
 
 
 
 



М.МОНТЕССОРИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ 
ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРІ 
 
Монтессори педагогтары (ары қарай–педагогтар) білім берудегі 
гуманистік тұжырымдаманы ұстанады, оның ең басты ережесі балалардың 
тұлғалық қадір-қасиетін қорғау, олардың табиғи дамуы мен өз қабілеттерін 
еркін көрсету құқықтарын мойындау болып табылады. Олар балалардың 
туылғаннан тәуелсіздікке (дербестікке) ұмтылатынын, сондай-ақ олардың 
ересектер тарапынан қабылдау мен қолдауды қажетсінетінін де түсінеді.
Педагогтар балалармен ашық және сенімді қарым-қатынас құрады және 
балалардың өз арасында, сондай-ақ балалар мен ересектер арасында
мақсатты бағыттап достық және мейірімді қатынас мәдениетін 
қалыптастырады. 
Заманауи педагогтың зерттеу жұмысы балалардың жеке сауалдарын 
жауап беру үшін үнемі даму ортасын жетілдіруді талап етеді. Осылайша, 
заманауи педагогтар Мария Монтессори ұсынған критерийлерге сүйене 
отырып авторлық дидактикалық материалдар құрастырады.
Мария Монтессоридің ұраны: «Маған оны өзім істеуге көмектес». 
«Педагогикалық 
жүйе» 
түсінігі 
монтессори-педагогиканың 
философиялық, психологиялық және педагогикалық аспектілерде бірлігі мен 
біртұтастығын 
білдіреді. 
М.Монтессори 
педагогикалық 
жүйесін 
дидактикалық дайындалған ортада балалардың өзін-өзі дамыту жүйесі деп 
атады. Ол баланың даму және білім алу үдерісін оның негізгі сенситивті өсу 
кезеңдерін бөліп көрсететін және өсу ағынына барынша қолайлы жағдай 
жасайтын антропология тұрғысынан қарастырған. Бала тұлғасының 
қалыптасу құралы өз әрекет құралын, серіктесті, жұмыс орны мен қарқынын 
(Монтессори термині) еркін таңдауға негізделген, оның қоршаған ортаны 
танудағы белсенді әрекеті болып табылады.
М.Монтессори 
жүйесінің философиялық аспектісі
мына тұжырым 
болып табылады: «Балаларды өзін-өзі тәрбиелеуге, білім алуға және 
дамытуға бағыттау».
Бұл келесідей тезистерге негізделеді:
1.Бала туылғаннан бірегей тұлға.
2.Барлық балаларға өзін-өзі жетілдіруге ынталану және еңбек сүйгіштік 
табиғатынан берілген. 
3.Ата-аналар мен педагогтар мінез бен қабілеттерді жасайтын мүсінші емес, 
бала әлеуетінің ашылуына тек көмекші болуы керек. 
4.Педагогтер мен ата-аналар балаларға бір нәрсені үйретпей, олардың дербес 
іс-әрекетін тек дұрыс бағыттап отыру керек.
Жүйенің психологиялық аспектісі:
Монтессори дайындаған жастық 
кезеңге бөлінуіне және бала дамуының табиғи сәйкестілігіне сай жасалған.
Монтессори жастық кезеңдерге байланысты айырмашылықты былайша 
бөліп көрсетеді: 
-
 
0 ден 6 жас —құрылысшы адам (бала дамудың барлық функцияларына
дайын);



- 6 дан 12 жас-зерттеуші (бала өзінің қоршаған ортасын тануға қызығады);
-12 ден 18 жасқа дейін — ғалым ( бала деректерді үйлестіреді, әлемнің
суретін салады, ондағы өзінің орны туралы ойланады).
Монтессори-мектептеріндегі сыныптарды жас ерекшеліктеріне қарай
аралас жасайды: 6 дан– 9 ға дейін немесе 9 дан – 12 жасқа дейін.
Әсіресе туғаннан жеті жасқа дейінгі баланың сезімталдық кезеңін 
ерекше бөліп көрсетеді: 
- сезім, қозғалыс, тілдің дамуы; 
- ұсақ заттарды реттеу және қызығушылық таныту кезеңі, сондай-ақ
әлеуметтік мінез-құлықты меңгеру. 
Монтессори жүйесі балалардың максималды бостандығы мен жеке 
тұлғалық көзқарасына негізделген. Монтессори жүйесі бойынша рұқсат 
етілмейді:
Балаларды салыстыруға болмайды;
- балалар арасындағы жарыс;
- баланы жалпы қабылданған критерийлер бойынша бағалау: 
- сыйақыларды және жазаларды қолдану;
Мәжбүрлеу.
Әрине балаларды мәжбүрлеуге болмайды: 
- әрбір кішкентай адам өмірге ересектермен тең дәрежеде қатысуға 
ұмтылады;
- тек оқу мен өмірлік алған тәжірибесі оны жасауға мүмкіндік береді; 
- бала тезірек даму және ересек өмірге ену үшін өзі қуана оқиды;
- педагог бейтарап бағытты ұстанады, керек жағдайда бақылаушы мен 
көмекшінің ролін атқарады.
Балалар өздері таңдайды:
- тәжірибе мен білім алудың қарқыны мен ырғағын;
- жұмыс ұзақтығын;
- ойын материалын;
- өзінің даму бағытын.
Педагогтарға тек қана керегі:

Балалардың дербестігін барлық қол жетімді тәсілдер арқылы дамыту. 

Үнемі баланың таңдауын сыйлау. 

Сенсорлық қабылдауын, әсіресе сезімін дамыту. 

Жайлы қоршаған орта құру. 

Балалардың қалауы бойынша жағдайды өзгертуге (орнын таңдауға, 
жиһаздарды ауыстыруға, материалдарды жылжытуға) рұқсат беру. 

Тек бейтарап тәрбиешілер мен бақылаушылар болу. 

Баланың еркіндік үдерісіне өзгертулер енгізбеу.
Монтессори бойынша даму жүйесі үш негізгі ережелерге құрылған: 
бала, орта, тәрбиеші. Монтессори жүйесі қағидаларының сызбалық көрінісі: 
1. Ортасында – өзіндік шешім қабылдайтын бала.
2. Айналасы – баланың дамуына мүмкіндік беретін орта.
3. Жанында – баланың өтініші бойынша көмектесетін тәрбиеші.



Дамытушы орта–жүйедегі негізгі элемент, онсыз әдістеме жүзеге 
аспайды. Ол баланың өз бетімен дамуына көмектеседі, сезім органдарының 
барлығын қатыстыра отырып тануға итермелейді. «Дайындалған орта» 
арқылы зияткерлікке жол ашылады. 
Дұрыс орта баланың қажеттіліктерін қанағаттандырады және белгілі бір 
логикамен құрылады. Ол нақты функционалдық аймақтарға бөлінеді.
Монтессори әдістемесі: 

ережемен өмір сүруге емес, оны құруға үйретеді; 

оқуға ынталандырады - балалар тек қана қызығушылықпен 
оқиды; 

өз қызметін өзі ұйымдастыруға және жоспарлауға үйретеді; 

өз іс-әрекетіне жауапты болуды үйретеді; 

өзара көмектесуге үйренеді; 

ересек жастағылар–жауапкершілікке; кішкентайлар - сенімділікке 
үйренеді;

өз сұрақтарына өзі жауап іздеуді үйретеді;

өз қателіктерін табуға және оны өзі түзетуге дағдыланады; 

қоршаған әлем негізімен таныстырады; 

қуатты логикасын және сараптамалық қабілеттілігін дамытады; 

интеллекті дамиды;

ұсақ моторика арқылы сөйлеу дағдысын дамытады.
Осы қасиеттерді ерте жастан баланың бойында қалыптастыру, оның 
келешек өмірінде, қоғамда жақсы бейімделуіне көмектеседі. 
Әдетте 
Монтессори әдісі бойынша оқыған бала ересек өмірінде өте табысты 
болады.
Өз педагогикалық жүйесінің негізіне М.Монтессори биологиялық алғы 
шарттарды негіз етіп алады, яғни кез-келген тіршілік иесі еркіндік 
белсенділігінің көрінісі. Дамыған сәби өзінің еркіндігі мен еріктілігіне деген 
қажеттіліктермен дүниеге келеді. Монтессори бір ғана нәрсені талап етеді – 
баланың еркін өзіне беру, оның таңдауына, өз бетімен жұмысына араласпау. 
Осыған орай Монтессори мынадай ұранды ұстанады: «Маған өзімнің 
жасауыма көмектес». Сондықтан сабақтардың көпшілік бөлігі (75%) баланың 
еркін қызметіне арналады. Бала өзі таңдап алуға ерікті: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет