Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ» АҚ филиалы



Pdf көрінісі
бет7/56
Дата08.02.2022
өлшемі6,63 Mb.
#124220
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   56
Байланысты:
Монтессори

МОНТЕССОРИ ТОБЫНДАҒЫ ШЕҢБЕР 
Монтессори педагогикасының ең бір қажетті бөлшегінің бірі –шеңбер 
болып табылады. “Шеңбер дегеніміз не?”- деген сұрақ Монтессори сабағына 
келген барша ата- ананы толғандыратыны табиғи құбылыс. Монтессори 
педагогтарының бірі оны “атмосфералық құбылыс” деп атаған екен. 
Монтессори педагогикасынын басты ерекшелігі - ол әлемнің қай мемлекетіне 
барсаңыз да барлық жерде бірдей жабдық пен дидактикалық материалдың 
қолданылуы. Әлемнің түкпір- түкпіріндегі кез-келген Монтессори- 
кабинеттен эллипс түрінде сызылған сызықты көруге болады. Бұл 


12 
Монтессори шеңбері өтетін орны. Монтессори педагогикасының негізгі 
ұстанымы – баланың еркіндігі мен бар әрекетті өз бетімен орындауы болып 
табылатынын бәріміз білеміз. Ал шеңберде балалар бір –бірімен қарым –
қатынасқа түседі, яғни әлеуметтік жағынан пайдасы мол. Шеңбер 3 жасқа 
дейінгі және 3жастан 6жасқа дейінгі топтарда екі түрлі жүргізіледі. Топтарда 
баланың жас ерекшеліктеріне сай жаттығулар, тапсырмалар қолданылады. 
Мысалы: 3 жастан 6 жасқа дейінгі топтағы шеңбер барысында балалар 
көптеген жаңа ұғымдармен танысады. Бір –бірінің алдында өз ойларымен 
бөліседі, бірін-бірі тыңдауға дағдыланады. Монтессори тобындағы шеңберді 
қарастырайық. Бұл топта сабақ барысында 2 шеңбер болады. Біріншісі 
жұмыс басында, екіншісі жұмыс соңына қарай өтеді. Балалар кабинетке 
келген соң, музыка қосылып, эллипстің бойымен жүреді. Балалардың 
арасынан күнде бір бала кезекші болады. Жүру барысында балалар 
кезекшінің көрсеткен қимылдарын қайталайды. Одан соң бәрі отырып, ауа-
райын, апта күнін, айдың нешесі сияқты мәселелерді талқылайды. Осы
жерде сұраққа кімнің жауап беретінін кезекші таңдайды. Барлық сұрақтар 
талқыланып болғанда тыныштық уақыты өткізіледі, осылайша бірінші 
шеңбер аяқталып, балалар еркін жұмысқа кіріседі. Ал екінші шеңбер жұмыс
соңына қарай өтеді. Екінші шеңберде белгілі бір тақырып қозғалады. 
Шеңберді әрқашан педагог жүргізеді, бірақ ол жалпы әңгімеге көмек беріп 
қана отырады. Мұнда бала өз бетімен ойын айтып, сезімдерін басқаларға 
жеткізу мүмкіндігіне құқылы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет