Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ» АҚ филиалы



Pdf көрінісі
бет44/56
Дата08.02.2022
өлшемі6,63 Mb.
#124220
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   56
Байланысты:
Монтессори

Келесі жаттығулар:

Әр түрлі гүлдерден және шоқ бүршікті бұтақшалардан гүлшоқтарды 
құрастыру.

Әр түрлі гүлсауыттарда гүлшоқтарды құрастыру.

Экибаноларды кұрастыру.

Кілті бар құлып 
Тікелей мақсат 

Кілтпен және құлыппен пайдалануды үйрену. 
Жанама мақсаты 

Ұсақ моторикасын дамыту. 

Көз бен қол үйлесімдігін дамыту. 

Ұстау үшін бұлшық етті дамыту. 

Көзбен қарап ажыратуды үйрену. 
Материалы: 
Жайпақ табақ, кілттері бар төрт құлып.
 
Винилді кілемше.
 
Тұсаукесер 

Баланы практикалық өмір тапсырмалары бар сөреге шақырыңыз және 
«құлпысы бар кілтті пайдаланамыз» 
жаттығуын көрсетіңіз.

Баланы жайпақ табақты үстелге алып келуін сұраңыз, бұл кезде сіз 
винилді кілемшені алып келесіз.

Құлыптарды жайпақ табақтан алып бірінің артынан бірін бір қатарға 
солдан оңға қойыңыз. 


53 

Сол жақтан бастап құлыптардан кілттерді шығарып, оларды 
құлыптардың алдына қойыңыз.

Сол жақтағы құлыптан бастап құлыпты жұмыс істемейтін қолда, ал 
кілтті жұмыс істейтін қолда ұстаңыз.

Ұқыптап және жайлап кілтті өзекке салыңыз. 

Кілтті ілмек ашылғанша сағат тілімен бұраңыз. 

Кілтті құлыпта қалдыра тұрып, құлып имегін бір жағына бұрыңыз және 
құлыпты үстелге қойыңыз.

Құлыптар мен кілттер солдан оңға қарай қойылған.

Бала құлыпты жұмыс істейтін қолымен таңдап алады. 

Бала құлыптар имектерін бір жағына бұрып қояды. 

Осының барлығын қалған құлыптармен қайталаңыз. 

Сол жақтан бастап құлыпты алып құлып имектерін бұрып, оны 
құлыпқа салып жабамыз. 

Шыртылға құлақ салып, имекті баса түсіңіз. 

Барлық құлыптар жабылғанда оларды себетке қайта салыңыз. 

Осының барлығын баланың қайталауын өтініңіз және тапсырманы 
аяқтаған соң барлық материалдарды орнына қоюды сұраңыз. 

Балаға енді ол осындай тапсырманы қимыл тәртібін сақтай отырып, өз 
бетінше орындай алатынын айтыңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет