Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ» АҚ филиалы



Pdf көрінісі
бет43/56
Дата08.02.2022
өлшемі6,63 Mb.
#124220
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   56
Байланысты:
Монтессори

Жас мөлшері:
4 жастан бастап.
Қателіктерді бақылау:
өте қысқа гүл, гүлсауыттан көрінбей тұр. Керісінше, 
гүлсауытты аударып тастайтындай тым биік гүл. Аса ықылас аудару: 
гүлшоғы салынған гүлсауытты қалаған жеріне қою.
Сөздік: барлық заттардың және олармен әрекеттердің атаулары.
Тұсаукесер:

«Бүгін мен сіздерге гүлдерден қалайша гүлшоқ құрастыру керектігін 
көрсетемін» 

Бала мен мүғалім алжапқыштарын киіп, жеңдерін түреді, барлық 
әшекей бұйымдарын шешіп тастайды.

«Өзіңе ұнайтын кәрзеңкені және гүлдерді таңдап алуың қажет». 
Ескерту:

Гүлдерді көрініс үшін алдын-ала кәрзеңкеге салып дайындап қоюға да 
болады.

Гүлдерді шелектің ішіне немесе гүлсауытқа қоюға болады, және бала 
өзіне ұнаған гүлдерді өзі таңдап алады.

Бала гүлдерді таңдап алып, оларды кәрзеңкенің ішіне салып, үстелдің 
үстіне әкеліп қояды.

Одан кейін баладан су әкелуді, сосын оны легеннің және кішкентай 
құмыраның ішіне құюды сұраймыз.

Балаға қарап, оған қандай гүлсауыттар ұнайтындығын сұрап, өзімізге 
баланың таңдағанынан басқасын аламыз да (баланың жұмыс жасауына 
таңдап алған гүлсауыты қалады), оның ішіне су құямыз.

Майлықты легеннен солға қарай орналастырамыз.

Гүлді таңдап, гүлшанағын төменге қаратып төңкеріп, гүлсауытқа тақап, 
сабағын қандай ұзындықта қию қажеттігін өлшейміз де (гүл гүлсауытта 


52 
әдемі көрінетіндей етіп, көз мөлшерімен өлшейміз), осы жерден сол 
қолдың бас бармағы және сұқ саусағымен қысамыз. 

Сабағын легеннің ішіне салып, қайшыны аламыз да, саусағымызбен 
ұстап тұрған жерден кесеміз, кескен жері судың астында қалуы қажет. 
Балаға: «Гүлдер ұзақ сақталу үшін олардың сабақтарын судың ішінде 
кесеміз», - деп айтамыз.

Қайшыны шүберекке сүртіп, орнына жинап қоямыз. 

Сабының төменгі жағында тұрған жапырақтарын майлықтың үстіне 
жұлып тастаймыз да, легеннің ішінен сабынның кесілген жағын алып 
шығып, майлықтың үстіне саламыз.

Гүлді гүлсауытқа саламыз.

Осылайша, біз тағы да бір немесе екі гүлді таңдап алып, гүлсауытқа 
саламыз.

Құрастырылған гүлшоқты қызықтап, балаға өзінің ұнатқан жеріне 
қоюды ұсынамыз.

Гүлдердің жұлынған жапырақтарын және қиылған саптарын майлыққа 
орап, баладан қоқыстық жәшікке апаруды сұраймыз. 

Балаға басқа гүлшоқты құрастырып, таңдаған жеріне қоюды ұсынамыз. 

Гүлшоқтарды кұрастырып болған соң, орнын жиыстыруға кірісеміз.
Жинау жұмысын алдыңғы көріністердегідей етіп баланың өзі орындай алады.
Ескерту:
жинау жұмыстары басқа көріністердегідей етіп орындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет