53
Сол жақтан бастап
құлыптардан кілттерді шығарып, оларды
құлыптардың алдына қойыңыз.
Сол жақтағы құлыптан бастап
құлыпты жұмыс істемейтін қолда, ал
кілтті жұмыс істейтін қолда ұстаңыз.
Ұқыптап және жайлап кілтті өзекке салыңыз.
Кілтті ілмек ашылғанша сағат тілімен бұраңыз.
Кілтті құлыпта қалдыра тұрып, құлып имегін бір жағына бұрыңыз және
құлыпты үстелге қойыңыз.
Құлыптар мен кілттер солдан оңға қарай қойылған.
Бала құлыпты жұмыс істейтін қолымен таңдап алады.
Бала құлыптар имектерін бір жағына бұрып қояды.
Осының барлығын қалған құлыптармен қайталаңыз.
Сол жақтан бастап құлыпты
алып құлып имектерін бұрып, оны
құлыпқа салып жабамыз.
Шыртылға құлақ салып, имекті баса түсіңіз.
Барлық құлыптар жабылғанда оларды себетке қайта салыңыз.
Осының барлығын баланың қайталауын
өтініңіз және тапсырманы
аяқтаған соң барлық материалдарды орнына қоюды сұраңыз.
Балаға енді ол осындай тапсырманы қимыл тәртібін сақтай отырып, өз
бетінше орындай алатынын айтыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: