52
әдемі
көрінетіндей етіп, көз мөлшерімен өлшейміз), осы жерден сол
қолдың бас бармағы және сұқ саусағымен қысамыз.
Сабағын легеннің ішіне салып, қайшыны аламыз да, саусағымызбен
ұстап тұрған жерден кесеміз, кескен жері судың астында қалуы қажет.
Балаға: «Гүлдер ұзақ сақталу үшін олардың сабақтарын судың ішінде
кесеміз», - деп айтамыз.
Қайшыны шүберекке сүртіп, орнына жинап қоямыз.
Сабының төменгі жағында тұрған жапырақтарын майлықтың үстіне
жұлып тастаймыз да, легеннің ішінен сабынның кесілген жағын алып
шығып, майлықтың үстіне саламыз.
Гүлді гүлсауытқа саламыз.
Осылайша, біз тағы да бір немесе екі гүлді таңдап алып, гүлсауытқа
саламыз.
Құрастырылған гүлшоқты
қызықтап, балаға өзінің ұнатқан жеріне
қоюды ұсынамыз.
Гүлдердің жұлынған жапырақтарын және қиылған саптарын майлыққа
орап, баладан қоқыстық жәшікке апаруды сұраймыз.
Балаға басқа гүлшоқты құрастырып, таңдаған жеріне қоюды ұсынамыз.
Гүлшоқтарды кұрастырып болған соң, орнын жиыстыруға кірісеміз.
Жинау жұмысын алдыңғы көріністердегідей етіп баланың өзі орындай алады.
Ескерту:
жинау жұмыстары басқа көріністердегідей етіп орындалады.
Достарыңызбен бөлісу: