Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ» АҚ филиалы



Pdf көрінісі
бет39/56
Дата08.02.2022
өлшемі6,63 Mb.
#124220
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   56
Байланысты:
Монтессори

Келесі жаттығулар:
1. Басқа көлемдегі түймелер, дөңгелек, бірақ, біршама ұсақ немесе едәуір ірі 
түймелер.
2. Түймелер пішіндерімен әр түрлі, мысалы: жидек, қарындаш тәрізді, 
төртбұрышты және т.б.
3. Әр түрлі ілмектер: көлденең, үлпілдеген және т.б.
4. Киімдегі түймені тағу, алдымен басқа балаларға, содан соң өзіне.
Жас мөлшері
:
3,5 жас.
Қызығу нүктесі
: ілмектен көрініп тұрған түйменің жартысы.
Сөздік:
түйме, ілмек, әрекет атауы - ағытамыз, тағамыз.


48 
Қателіктерді бақылау
: көзбен шолу - ағытылып тұрған түйме.
Сыдыртпаны ашу және тағу.
Материал:
сыдыртпа. 
Мақсаты:
баланы сыдыртпаны ашып және жабуға үйрету.
Жанама мақсаты
: ұсақ моториканы дамыту, зейін тұрақтандыру, 
дербестікті дамыту, қимыл-қозғалысты үйлестіру.
Тұсаукесер:

Балаға дұрыс отыруын үйретеміз.

Балаға сыдыртпаны қалай ашу және жабу әдісін көрсетеміз. 

«Бұл сыдыртпа, қазір біз оларды ағытамыз».

Сол қолымыздың үш саусағымен: сұқ, ортаңғы және аты жоқ 
саусағымен тасбақаның сол жақ аяғынан ұстаймыз.

Оң қолымыздың сұқ және ортаңғы саусақтарын жоғарғы сыдыртпаның 
үстіне қоямыз да, бас бармақпен созылғанша тартамыз.

Басқа балаға қайталауды ұсынамыз.

«Ағыттық».

«Ал енді, тағамыз».

Оң қолымыздың үш саусағымен (сұқ, ортаңғы және бас бармақпен) 
жоғарғы сыдыртпаны тартамыз.

Сол қолымыздың сұқ саусағымен балаға бір бөлігіндегі қуысты және 
екінші бөлігіндегі қадауышты көрсетеміз. 

Оң қолымыздың үш саусағымен жоғарғы сыдыртпаны ұстаймыз, сұқ 
саусағымыз сыдыртпаның үстінде болады, ал бас бармағымыз матаны 
төменгі жағынан ұстап тұрады.

Сыдыртпаның қадауышын тереңдетіп бастырып салып, сұқ саусақпен 
шерткен дыбыс естілгенше қатты басамыз.

Дәл осылай тағы бір балаға ұсынамыз.

Сыдыртпа тағылып болған соң тексереміз - матаның екі бөлігін екі 
жаққа алақанымызбен созамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет