2.20 тақырып Тізбектер.
10-ға дейінгі/ 20-ға дейінгі/, ондықтармен 100-ге, 1000-ға дейінгі сандар тізбегін құрастыру. 1 000 000-ға дейінгі сандар және жай бөлшектермен өрнектелген сандар. Тізбектерінің заңдылықтарын анықтау.
2.21 тақырып Нысандардың комбинациялары
Қоршаған ортадағы заттардан «екі-екіден», «үш-үштен» комбинациялар жиынын құрастыру. «Мүмкіндіктер тармағы» туралы түсінігінің болуы.
2.22 тақырып Жүз көлеміндегі, мың көлеміндегі сандарды оқыту.
Жүз, мың көлеміндегі сандар тақырыбының мақсат-міндеттері, қолданылатын көрнекіліктер.Ұқсастығы мен айырмашылығы.
Практикалық жұмыс:
Сан аралығын зерттеу бойынша сабақтан үзінді.
2.23 тақырып Көп таңбалы сандар
Көп таңбалы сандар тақырыбының мақсат – міндеттері, қолданылатын көрнекіліктер. Разряд, класс ұғымы. Сандарды жазу, оқу, салыстыру.
Практикалық жұмыс:
ІІ кластың разрядтарын таныстыруға арналған сабақтан үзінді.
2.24 тақырып Кестелік қосу және азайту
Бір таңбалы сандарға 2,3,4 сандарын қосу мен азайтудың сәйкес жағдайлары. Бір таңбалы сандарға 5,6,7,8,9 сандарын қосу мен азайтудың сәйкес жағдайлары. 20-ның көлеміндегі қосу кестесі мен азайтудың сәйкес жағдайлары.
Практикалық жұмыс:
Санға алтыны қосу мен азайтудың сәйкес жағдайларына арналған сабақтан үзінді.
2.25 тақырып Ауызша арифметикалық амалдарды оқыту әдістемесі
Арифметикалық амалдарды орындаудың ерекше және дербес жағдайлары.
Практикалық жұмыс:
1) Арифметикалық амалдарды орындау тәсілдеріне арналған сабақтан үзінді.
2) Қатемен жұмыс және оны болдырмау жолдары. Бақылау және өзбетіндік жұмыстармен тест құрастыру.
2.26 тақырып 100 (1000) көлеміндегі қосу және азайтудың ауызша жағдайлары
100 (1000) көлеміндегі ауызша есептеу тәсілдері. Ондықтан аттамай және ондықтан аттап қосу мен азайтудың ауызша жағдайлары.
Практикалық жұмыс:
Ауызша есептеу тәсілдеріне арналған сабақтан үзінді.
Достарыңызбен бөлісу: |