2 бөлім Арифметикалық ұғымдар және оны оқыту әдістемесі
2.1 тақырып Жиын ұғымы. Эйлер дөңгелектері.Логика элементтері. Жиындардың қиылысуы, бірігуі, айырмасы.
Жиын элементі. Бос жиын. Шекті және шексіз жиындарға мысалдар. Жиындардың берілу тәсілдері. Тең жиындар. Ішкі жиын. Универсал жиын. Эйлер дөңгелектері. Жиындардың қиылысуының, бірігуінің, айырмасының анықтамалары, белгіленулері және сан сәулесінде кескінделуі.
2.2 тақырып Жиындардың декарттық көбейтіндісі, графигі
Жиындардың декарттық көбейтіндісінің анықтамасы,мысалдары, графиктері.
2.3 тақырып Жиындарға қолданылатын амалдардың заңдары, қиылыспайтын ішкі жиындарға бөлу.
Жиындарға қолданылатын амалдардың классификациясы және заңдары. Жиынды қиылыспайтын ішкі жиындарға бөлу. Бір, екі, үш қасиеттер бойынша жиындарды кластарға бөлу.
Практикалық жұмыс:
1) Жиын ұғымы және жиын элементі.
2) Жиындардың берілу тәсілдері. Эйлер дөңгелектері арқылы кескіндеу.
3) Жиын элементтерінің сипаттамалық қасиетін анықтау.
4) Жиындарды сан сәулесінде кескіндеу.
5) Жиындар арасындағы қатынасты анықтау.
6) Жиындарға амалдар қолдану.
7) Жиындарды кластарға бөлу.
8) Сандардың екі жиынының декарттық көбейтіндісін координаталық жазықтықта кескіндеу.
2.4 тақырып Математикалық ұғым, мазмұны мен көлемі. Ұғымды анықтаудың тәсілдері мен жолдары.
Математикалық ұғым туралы түсінік. Анықталатын, анықталмайтын ұғымдар. Ұғымның мазмұны мен көлемі. Ұғымның анықтамасы.
2.5 тақырып Пікір ұғымы. Пікірлер формасы. Кванторлар
Пікір анықтамасы. Жай және құрама пікір. Құрама пікірлердің логикалық құрылысын анықтау. Ақиқат кестесі. Пікірлік форма (предикат) ұғымы және оларға қолданылатын амалдар. Кванторлар. Кванторы бар пікірді теріске шығару. Пікірлер логикасының заңдары.
2.6 тақырып Математикалық тіл.
«+», «-», «=», «≠», «>», «<» таңбаларын/цифрларды, () белгісіз сан символын қолдану. Жай бөлшектердің құрылуын, салыстыру, қосу және азайтуды бейнелеу үшін жазық фигуралардың бөлігін және сан сәулесін қолдану.
Достарыңызбен бөлісу: |