2.12 тақырып Санау жүйелері. Ондық санау жүйесінде көп таңбалы сандарды қосу, азайту, көбейту, бөлу Санау жүйелерінің жазылуы мен атаулары. Позициялық және позициялық емес санау жүйесі..
Ондық санау жүйесінде көп таңбалы сандарды қосу, азайту, көбейту, бөлудің теориялық-жиынтық мағынасы.
2.13 тақырып Сандардың бір жүйедегі жазылуынан екінші жүйедегі жазылуына көшуі Ондық санау жүйесінен басқа жүйеде сандардың жазылуы, оларға арифметикалық амалдар қолдану.
2.14 тақырып Сандардың бөлінгіштігі. Теріс емес бүтін сандар қосындысының, айырмасының және көбейтіндісінің бөлінгіштігі Сандардың бөлінгіштігінің анықтамасы, санның бөлгіші мен еселік ұғымдары. Бөлінгіштік қатынас қасиеттері.
2.15 тақырып Құрама сандардың бөлінгіштік белгілері Ондық санау жүйесіндегі сандардың бөлінгіштік белгілері. Құрама сандарға бөлінгіштік белгілері.
2.16 тақырып Ең үлкен ортақ бөлгіш, ең кіші ортақ еселік, негізгі қасиеттері Ең үлкен ортақ бөлгіш, ең кіші ортақ еселік ұғымы, анықтамасы, қасиеттері. Канондық жіктелуі.
2.17 тақырып Жай және құрама сандар. Эратосфен елегі. Евклид алгоритмі Жай және құрама сан ұғымы. Эратосфен елегін құру жолы. Евклид алгоритмі. Жай сандардың қасиеттері.
Практикалық жұмыс: 1) Сандардың бөлінгіштігі.
2) Ондық санау жүйесінде сандардың бөлінгіштігінің белгілері.
3) Сандардың ең кіші ортақ еселігі мен ең үлкен ортақ бөлгішін әр түрлі тәсілмен табу.
2.18 тақырып Қарапайым түсініктер. Сандар нумерациясы «Қарапайым түсініктер» тақырыбының мақсат – міндеттері, мазмұны, қолданылатын көрнекіліктер. Сандарды жазу, оқу, салыстыру.Санның жазылу үлгісі, оқылуы.
2.19 тақырып Он көлеміндегі сандар «Он көлеміндегі сандар» тақырыбының мақсат – міндеттері, қолданылатын көрнекіліктер. Сан, цифр ұғымы
Практикалық жұмыс: Сан мен цифр ұғымын таныстыруға арналған сабақтан үзінді.