Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс ауданы



бет8/9
Дата09.04.2018
өлшемі2,92 Mb.
#40092
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Ет мүшелерінің атаулары.




Мүше атауы.

Төрт түлікте аталуы.

1.

Бас.

Ірі қарада екі шеке

2.

Жақ.

Қой ешкіде тілмен тұтас жүреді, ірі малдың жағы екіге айырылып, тілі бөлек мүше саналады.

3.

Жақ ет, ұрт ет.

Ірі қараларда бөлек алынады, көбінесе қуырдаққа пайдалынылады.

4.

Мойын.

Алты буын. Бұл қонаққа, сыйлы адамдарға арналған табаққа салынбайды.

5.

Мойын ет.

Ірі қарада бөлек салынып алынатын ет, көбінесе қуырдақ қуырылады.

6.

Бұғана.

Екі жақта үш талдан алты тал. Мүше орнына салынады.

7.

Қара қабырға.

Алты тал. Мүшелермен бірге әр уақытта табаққа салына береді.

8.

Сүбе.

Етіменен алынған алты қабырға. Таңдаулы мүшелердің бірі.

9.

Қазы.

Семіз жылқыдан 20-ға жуық қазы айналдырады, кейбіреуі қабырғасыз, басқа малдың ішегіне айналдырады.

10.

Төс.

Қыз – күйеулер үшін таңдаулы мүше.

11.

Төс ет.

Жылқы, сиырда осылайша айтылады. Көбінесе қуырдақ жасалады.

12.

Төстік.

Қойда осылай аталады. Терісеімен істікке шаншып отқа қақатап құйқасымен жейді.

13.

Ауыз омыртқа.

Соғым сойған күні табаққа салынады немесе мал сойған кісіге шикідей беріледі.

14.

Кәрі жілік.

Қолда болады,жілік мүшелеріне кіреді. Қыз балаға берілмейді.

15.

Ортан жілік.

Жұмыр жілік деп те аталады.Қолда болады мүшелік жілік.

16.

Асық жілік.

Санда болады, соңғы таңдаулы мүше.

17.

Тоқпан жілік.

Санда болады, ең етті жілік.

18.

Жамбас.

Ірі малдың әр жамбасын міндетті түрде екіге бөліп асады. Қойдың ешкінің, жамбасы тұтас асылады. Ең таңдаулы мүше.

19.

Жая.

Жылқының жауыр еті, оны сүрлейді қақтап кептіруге болады.

20.

Белдеме.

Қой, ешкіде бел омыртқа, ірі қарада жалпақ омыртқа деп аталады, таңдаулы мүше қатарына жатады.

21.

Мойын омыртқа.

Отбасының өзі жейді.

22.

Ұзын омыртқа.

Арқа омыртқа деп те аталады, сүрленеді, қонаққа салынады.

23.

Жүрек.

Көбінесе қыз баланың сыбағасы.

24.

Үлпершек.

Жүрек қабына толтырылған, шұжық тәрізді май, кесек ет.

25.

Бауыр.

Майлы өкпеге қосып жеуге жақсы. Оны қатырмай пісіреді, қуырады.

26.

Көк бауыр.

Талақ деп те аталады. Асып та, қуырып та жейді.

27.

Бауыр ет.

Ірі малда бөлек салынып алынады. Асып қақтап жеуге қуыруға, --------- қосуға пайдаланады.

28.

Бүйрек.

Балалар сыбағасы саналады.

29.

Ұлтабар.

Ұсақ малдың таңдаулы, ең майлы мүшесі.

30.

Қата.

Жылқы малының ең таңдаулы мүшесінің бірі.

31.

Қима.

Сиырдың майымен айналдырып, шумақтаған тоқ ішегі.

32.

Тоқ ішек.

Тоқ ішектің соңғы ұшы майлы болады, бірақ қонақтың табағына салынбайды.

33.

Ащы шек.

Өкпе – бауырға қосып қуырылады.

34.

Желін.

Шап майымен бірге алынап сүрленеді.

35.

Қарын.

Қойдың етімен бірге табаққа түседі, қуырылады да, жылқы қарны қарта орныныа да жүреді.

36.

Өкпе.

Қуырдаққа жарамды, оны пісірерде көп қайнатады, қонақтың табағына салынбайды.

37.

Жал.

Жылқы етінің таңдаулы мүшесі. Ол көбінесе сүрленеді.

38.

Сирақ.

Қой – ешкінің (кейде тайыншаның)сирағын үйтеді. Балалар сыбағасы.

39.

Бүйен.

Ертеректе май, ет тығып өсіп, түйрек, жұмыр дейтін тағамдар жасаған.

Қыз – келіншектер сыбағасы.




Еттен табақ тарту дәстүрі.




Жасалатын табақ түрлері.

Табаққа салынатын ет мүшелері.

1.

Бас табақ.

Бас, жамбас салынады. Басты мал арнайы сойылған қонақтың ең жасы үлкені немесе оның ұсынуы бойынша басқа бір белді кісі ұстайды.

2.

Сый табақ.

Сый табаққа да бас, жамбас салынады, сыйлы қонақтың алдына қойылады.

3.

Орта табақ.

Асық жілік, кейде жамбас та түседі.

4.

Аяқ табақ.

Еттің басқа мүшелерінен жасалып, ауыл адамдарына қойылады.

5.

Күйеу табақ.

Күйеу табаққа бір сан жілік пен төс аслынады.

6.

Келін табақ.(беташар табағы)

Келін табаққа ұлтабар және жүрек салынады.

7.

Қыздар табағы.

Қыздар табағына жүрек, бүйрек, жағы мен тіл салынады.

8.

Құдағайлар табағы.

Құдағайлар табағында жамбас немесе асық жілік пен сүбе болады.

9.

Жерік асының табағы.

Екі қабат әйелдерге арнап мал сойып, тамақ жасап жерік асын апарған. Жерік асының табағына кексе әйел болса жамбас, жас әйел болса асық жілік, төс, ұлтабар салынып үстіне жаңа соғылған болат кездік(пышақ)салып апару салты болған.


Ұлттық тағамдар.




Түрлері.

Атауы.

І.

Сүт тағамдары.

1.Айран. 5.Сүзбе.

2.Қаймақ. 6.Сүт.

3.Құрт. 7.Шұбат.

4.Қымыз. 8.Ірімшік.



ІІ.

Ет тағамдары.

1.Әсіп. 11.Ет қошын.

2.Бас. 12.Қазы.

3.Борша – кіме. 13.Қарта.

4.Бұжығы. 14.Қимай.

5.Бітеу. 15. Қуырдақ.

6.Жал. 16.Қыранбөрте.

7.Жау – жұмыр. 17.Мипалау.

8.Жая. 18.Сырбаз.

9.Жөргем. 19.Үлпершек.

10.Ет. 20. Шұжық.



ІІІ.

Сорпа тағамдары.

1.Жас сорпа. 2.Кәкірім.3.Қалжа.4.Тармы.5.Нарын.


IV.

Ұн тағамдары.

1.Бауырсақ. 4.Быламық.

2.Бөкпен. 5.Жайма.

3.Бүкпелер. 6.Нан.


V.

Дән тағамдары.

1.Боза. 5.Палау.

2.Бадырақ. 6.Сүркүріш.

3.Жарма. 7.Талқан.

4.Майсөк. 8.Тары көже.





Қазақ халқының дәстүрлі қолөнері.
Дәстүрлі қолөнер түрлері.

1. Ағаштан бұйымдар жасау.

2. Жүннен бұйымдар жасау.

3. Арқан жіп бесу.

4. Киіз басу.

5. Киізден бұйымдар жасау.

6. Киім тоқу.

7. Теріден бұйымдар жасау.

8. Сүйктен, тұяқтан және мүйізден бұйымдар жасау.

9. Металдан бұйымдар жасау.

10. Зергерлік.

11. Тасатан, қыштан бұйымдар жасау.

12. Ши тоқу.

13. Ер – тұрман жасау.

14. Кесте тігу.

15. Киім тігу.

16. Аяқ киім тігу.

17. Сабын жасау.

18. Бояу жасау.

Ағашатан жасалатын бұйым түрлері.

1. Киіз үй сүйегі.

2. Киіз үй жиһаздары.

3. Ыдыс – аяқтар.

4. Сазгерлік аспаптар.

5. Мал шаруашылығында қолданылатын құрал – жабдықтар.

6. Егіншілікте қолданылатын құрал – жабдықтар.

7. Аң аулауда қолданылатын құрал – жабдықтар

8. Тұрмыста қолданылатын құрал – жабдықтар

9. Ойын жабдықтары.

10. Бесік.
Киіз үй атаулары.

1. Абылайша. Керегесіз, уықтан тігінен шағын киіз үй.

2. Ақ шаңқан үй. Сүттен ақ , аппақ киіз үй.

3. Ақтағыр. Екі қанатты, екі үзікпен жабылатын шағын киіз үй.

4. Жаппа үй. Уыққа киіз жауып, уақытша тігілген шошақ үй.

5. Қара құрым үй. Киізінің тозығы жеткен, ескі үй.
6. Қара үй. Киіз үйді кейбір жерде қара үй деп аталады.

7. Қараша үй. Қоңыр түсті, жыртық, тесік, ескі үй.

8. Орда. Еңселі, салтанатты киіз үй.

9.Отау. Ұлға енші беріп, бөлек шығарған киіз үй.

10.Тоңқайма. бірнеше уықпен ғана көтерген киіз үй.

11. Ұраңқай. Уық тірізді сидам ағаштардан басын түйістіріп тігілген үй.

Киіз үйдің сүйегі.


№1.

2.Сүйегінің бөліктері.

3. Құрамдас бөлшектерінің атауы.

1.


Шаңырақ.


1.Бақалақ.

2. Күлдіреуіш.

3. Қаламдық.

4. Табақ.

5. Тарам.

6. Тоғын.



2.

Уық.


1. Қалам.

2.Қары.


3. Иін.

4.Уық бау.


3.

Кереге.


1. Балашық.

2. Ерісі.

3. Желі.

4. Көк.


5. Қанат.

6. Сағанақ.


4.

Сықырлауық.


1.Босаға.

2. Жарма бет.

3. Маңдайша.

4. Табалдырық.





Киіз үй жиһаздары.
1. Абажа. Ас, та,ғам салуға, арналып жасалған сандықтың (кебеженің)үлкен түрі.

2. Абдыра. Киім – кешек, әр түрлі бұйымдар салатын үлкен сандық.

3. Ағаш төсек. Жату үшін пайдаланылатын үй жиһазы.

4. Адалбақан. Киім және тағы басқа үй мүліктерін ішуге арналған жиһаз.

5. Асадал. Тамақ пен ыдыс – аяқ сақтауға арналған үй жиһазы.

6. Бөгіре. Кішкене қол сандық (шай жабдықтары үшін).

7. Жағылан. Былғарыдан істелген сандық.

8. Жозы. Жерге отырып, тамақ ішуге арналған аласа үстел.

9.Жүкаяқ. Жүк астына қоятын төрт аяқты бұйым.

10.Кебеже. Ас, тағам салуға арналып, ағаштан жасалған үлкен сандық.

11. Сандық. Әр түрлі бұйым салуға арналып, ағаштан не металдан жасалатын үй жиһазы.

Киіз үй жабдықтары.
1.Аяқбау. Көшер кезде уықтардың аяқ жағын буып байлайтын жіп.

2. Бақан. Киіз үй тіккенде, шаңырақ көтеруге, үзіктер мен түніктерді көтеріп жабуға керекті ашалы ағаш.

3.Бас арқан. Киіз үйді желден, дауылдан сақтау үшін, туырлықты бастыра, қазықтарға байлапйтын ұзын арқан.
4.Басар. Қатты жел тұрғанда, киіз үйдің үстінен бастыра, қазықтарға байлайтын ұзын арқан.

5.Басқұр. Керегелердің бастарын тартып, үйді айналдыра байлайтын жалпақ бау.

6. Белбеу. Киіз үйдің туырлығын кереге бастыра тартатын ұзын арқан.

7. Белдеу. Туырлықты айналдыра буатын арқан.

8. Дөдеге. Сән үшін үзәіктің шетіне айналдыра бастыратын өрнектелген киіз.

9. Жел арқан.Киіз үйдің жел жағына байлайтын арқан.

10.Жалбау. Дауылды жел болғанда, шаңырақты тартып, байлайтын бау.

11. Құр. Киіз үйдің керегелері менуықтарын және үзіктің ішкі жағын байлайтын ені 2-3елідей тоқып немесе есіп жасалған жалпақтау бау.

12.Тегеріш. Киіз үй керегесі, уығын сыртынан қысып, айналдыра ұстайтын әрі сәндік қызметін атқаратын жалпақ бау.

13.Туырлық. Уықтың орта тұсынан керегенің үстін жабатын киіз.

14.Түндік. Киіз үйдің шаңырағын жабатын киіз.

15.Уыққап.Көшкенде, сынбас үшін, уықтардың екі басына кигізілетін киіз.

16.Үзік. Уықтың үстіне жабылатын киіз.
Киіз үй – мал баққан көшпелі халықтардың қысы – жазы отыратын өте қолайлы және төзімді баспанасы. Ол тез құрылып, тез жиналады. Қыста жылы, ал жазда салқын болады. Көлеміне және сыртқы кейпіне қарай әр түрлі болып келеді.

Киіз үйдің негізгі қаңқасы – киіз үйдің сүйегі деп аталады. Олар: кереге, уық, шаңырақ есік немесе сықырлауық. Бұл сүйекткрі көлеңкеде кептірілген талдан, жіңішке қайыннан немесе теректен жасалады. Киіз үй жасаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Оны тек шебер – үйші жасайды.

Киіз үйді тігу оңай емес. Алдымен керегені жаяды. Керегенің биіктігі екі метрдей болады. Кергенің әр бөлігін – қанат деп атайды. Қанат саны үй көлеміне қарай көбйе береді. Киіз үй төрт, алты, сегіз, он екі қанатты болады. Ал, хан ордасының қанат саны отызға дейін жеткен.

Осыдан кейін шаңырақты көтереді. Қазақтың өмірінде шаңырақтыңмаңызызор. Шаңырақ – үй,әулет мағынасында да пайдалаылады. Оны «қра шаңырақ»

дп атайды. Ұл бала әке шаңырағының иесі,мұрагері болып саналады. Киіз үйдің басқа сүйектері ескірсе, жаңартады, ал шаңырақты жаңартпайды. Әдетте шаңырақты үй иесі, ер адам көтереді. Үлкен киіз үйлердің шаңырағын ат үстінде тұрып бақанмен көтерген. Бақан – ір ұшын екі аша етіп жасаған екі сырық. Сонан соң уықтарды шаншыған. Уықтардың кереге басына байланатын жағы жалпақтау болып келеді. Және сол жерді тесіп бау өткізеді., оны «уық бау» деп атайды. Осы бау арқылы уық, пен кереге басын біріктіріп байлайды. Шаншылып біткен уықтың сыртынан айналдыра құмен шамалап таңады.

Шаңырақтан кейінгі ерекше қастерленетін бөлшегі – босаға. Ол табалдырық пен маңдайшадан тұрады. Ал, есіктің екі жақтау ағашын «таяныш» дейді. Оған сықырлауық орнатылады.



Сықырлауық – киіз үйдің өте әшекейленіп жасалатын сәнді есігі. Бұл ортасынан ашылып – жабылатын жарма есіктерге ұқсас. Ол екі таянышқа ілмек арқылы ұстасады, ашып – жапқанда сықырлап тұрады, сондықтан оны сықырлауық деп атайды.

Осыдан кейін үйдің киізін жабады. Киіздің төрт түрі бар. Олар: туырлық, үзік, түндік, киіз есік. Алдымен туырлықты кереге керіп ұзын баулары арқылы уыққа бекімдеп байлайды. Сонан соң бақанның көмегімен үзік пен түндікті жабады. Үзік кереге басынан шаңырақ шеңбаріне дейінгі аралықты қамтиды. Атауына сай олар үзік – үзік киізден тұрады.


Түндік – шаңырақты, киіз есік сықырлауықты жауып тұрады. Түндік арнаулы бояу арқылы оңай ашылып – жабылады. Киіз есіктің сырты киіз, ортасы ши, астары жарғақ теріден жасалады. Ол шыршықтап түріп қоюға ыңғайлы.

Киіз үйдің іші екіге бөлінеді. Олар: төр жақ (төрдің оң жағы, сол жағы) есік жақ (оң босаға, сол босаға). Қазақ халқы киіз үйдің ішін әсемдеп безендірген. Желбау -өрнекті, төгілме шашақты құр, шаңыраққа үш жерден байланып, кереге асылады. Ол киіз үйге сәндік – жиһаздық сипат береді. Оның негізгі міндеті – дауыл кезінде шаңырақты салмамен басып тұру.

Әдетте, үйдің оң жағына ағаш төсек орнатылып, оның тұсына түскиіз ұстап, шымылдық құрады. Төрге жүкаяқ, оның үстіне абдыра (сандық)қояды.

Абдыраға көрпе – жастық тағы басқа жүктерді жинайды. Үйдің сол жағына тамақ салатын кебеже, қазан – аяқ салатын аяққап, ыдыс – аяқтар (саба, торсық, ожау, кесе, тостақ және т.б.)қойылады да, осы араны шым шимен қоршап жабады. Бұл «ас-су бұрышы» деп есептелінеді.

Ал, үйдің ортасына тамақ асатын ошақ (таған)немесе темір пеш орнатып қояды. Киіз үйді осылай әр отбасы өз қалауларынша безендіріп, жабдықтаған. Жабыдқталған үйдің сәнді, әдемі болуы үй иелеріне байланысты.


Үш санындағы ұшқыр ой

Үш жұрт.

  1. Ағайын жұрт. 2. Нағашы жұрт 3. Қайын жұрт

Үш байлық.

Брінші байлық –денсаулық. Екінші байлық –ақ жаулық. Үшінші байлық – он саулық.



Үш би.

  1. Үйсін Төле би. 2. Арғын Қаз дауысты Қазыбек би. 3. Алшын Әйтеке би.

Үш дана.

  1. Абай 2. Шоқан 3. Ыбырай.

Үш қат.

  1. Жоғары қат (аспан) 2. Орта қат. (жер үсті) 3. Төменгі қат (жер асты)

Үш қуат.

  1. Ақыл қуат. 2. Жүрек қуат. 3. Тіл қуат.

Үш ғайып.

1. Ажал ғайып. 2. Қонақ ғайып. 3. Несібе ғайып.



Үш арсыз.

1.Ұйқы арсыз. 2.Тмақ арсыз. 3. Күлкі арсыз.



Үш дауасыз.

  1. Мінез. 2. Кәрілік. 3. Ажал.

Үш қадірлі.

1. Ырыс. 2. Бақ. 3. Дәулет.



Үш қадірсіз.

Адам жастық шақтың, денсаулықтың, жақсы жардың қадірін білмейді.



Үш жамандық.

1.Нақақ қан төгу. 2. Кісі малын нақақ алу. 3.Ата – бабаның көзі – ескі жұртты бұзу.,.



Үш жақын.

  1. Жан тәтті. 2. Бала тәтті. 3. Жар тәтті.

Үш ақиқат..

  1. 1. Қымбат – шындық, арзан - өтірік, дауасыз – кәрілік.

Үш қуаныш.

  1. Алғыс алу.2. Өзіңді көптің іздеуі. 3. Ісіңнің өшпеуі.

Үш биік.

  1. Билік. 2. Дәулет. 3. Даналық.

Үш асыл.

1. Көз. 2. Тіл 3. Көңіл.



Үш артық.

  1. Адалдық. 2. Еңбексүгіштік. 3. Өнерпаздық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет