Патша жасы. Бұл жасқа келгендер атқа мініп, ел баскарады. Ақылды азаматтар хан, төре, сұлтан сықылды мансапқа ие болады. Билік айтады. Өнерімен, батырлы-ғымен, ақылдылығымен, шешендігімен жұртқа танылады. Бұған қарағанда қазақтың кезінде қырық жасты патша жасы деуі орынды сияқты.
Бастаңғы.Қазақта бастаңғы шешесі бір жаққа жолаушылап кеткенде бой жеткен қызы жасайды. Қыздың үйіне құрбы-құрдастары жиналады. Шешесі бұған рұқсат етіп асуға ет, немесе союға қой беріп кетеді. Жиналған жастар ән салады, домбыра тартады, ұлттық ойындар ойнап, әзіл-қалжың күлкімен кешті қызықты етіп өткізеді. Бастаңғының екі түрлі жағы бар. Біріншіден — анасы қызының құрбы-құрдастарымен араласып сыйласуына, танысуына мүмкіндік жасап, жол ашады. Өз бетінше қонақ күте білуге баулиды. Екіншіден, қызды келешек отау иесі деп санап, қазан ұстай білуге, асты баптап пісіруге, қонақ күте білуге үйрету көзделеді. Бірақ бастаңғы бақылаусыз болмаған. "Шешесі қыдырмашының қызы бастаңғышыл боладыға" барғызбау үшін бақылау, рұқсатсыз, орынсыз бастанғы өткізбеу қазақта заң.
Бала асырап алу. Баласы қайта-қайта өле берген қазақ жасы ұлғайған сайын мазасызданады. Қартайғанда қу бас атанбас үшін және артындағы мал-мүлкіне ие мұрагер болсын деген ниетпен баласы жоқ адам ағайын-туғандарының бірінің баласын асырап алатын болған. Ал баласын берген туыс ол баланы өмір бойы өзімдікі демейді. Ағайын араздасып, ашты-тәтті жургенде де бала туралы бір ауыз сөз айтпайды. Бала да олардың маңын баспайды. Асырап алған әке-шешесі баланы туған әке-шешесінен кем асырамайды. Барын аузына тосып, үлде мен бүлдеге бөлеп өсіреді. "Күлшелі бала сүйкімді" деген сөз содан қалған. Ал асырап алған баладан кейін анасы өз құрсағынан' бала көтере қалса, алғашқы баланы "акжолтай" атап, оның ит көйлегін екінші балаға ырымдап кигізетін болған. Ол өмірі ұзақ, болсын деген тілектен туған.
Бала асырап алудын, негізгі себебі адамның тіршілікте жиған-терген дүние мүлкіне мұрагер ету, сонымен бірге тұқымы жойылып кетуден қорқып, көбінесе әкенің атын жалғастыратын шаңырақ, иесі ету көзделген.
Тыйым сөздер. Сондай-ақ, қазақ, халқының бағзы заманнан бері балаларына жаман болады, бәле жалаға ұшырайсың, құдайдың, аруақтардың киесі соғады деп ырым етіп, тыйым салған қарекет-қылықтар көп кездеседі. Ал бір топ тыйым сөздер әдептілік мінез-құлықты сіңіруге, тазалык сақтауға арналған.
Амандасу салты. Жас адам жолы үлкен, жасы үлкен адамға алдымен ұмтылып, "ассалаумағалейкум" деп қос қолын ұсынады, (ол "сізге алланың нұры жаусын" деген сөз) ал сәлем алушы қария "Уағалейкум ассалам!" деп жауап береді.Ол "Сізге де соны тілеймін"— деген сөз.
Ауылға келген қонақпен ауыл адамдарының амандасуында белгілі ереже бар. Мысалы, үй сыртына таяп келген үлкен адамға аттан түсіріп алғалы тұрған жасы кіші адам бұрын сәлем беруге тиісті.
Ал сырттан үйге кірген кісі кандай жастағы адам болса да уй ішінде отырғандарға өзі бұрын сәлем беруі керек.
Көріспегелі көп жыл болған тұрғылас, замандас, құрдас, ағайын-туыс адамдар қауышып амандасады. Қауышып амандасу (кеуде тиістіріп)үшін әуелі қос қолдап амандасып, сонан соң құшақтарын қайта жайып барып, бір-біріне төс қағысып, онға бір, солға бір кеуде тоғыстырып, сонан соң екеуі де артқа бір табан шегінісіп, қолдарын алақан айырмастан тағы соғысып, қос қолдап амандасады.
Ауыл адамдарының алыстан келген ағайын-жекжаттан жаңа туған жас нәрестеге, жас келінге көрімдік сұрау рәсімі — күні бүгінге дейін ел арасында сақталып келе жатқан жақсы дәстүр.
Құрбы-құрдас қариялардың бірін-бірі әдейі іздеп барып сәлемдесуі — халқымыздың бауырмалдық дәстүрлерінің белгісі. Ал ауыл аралап жүріп жастар жасы үлкен қарияның үйіне бас сұғып, амандаспай кетсе, сол азаматтың үлкенді сыйлауы кем, надан екенін бетіне басып, "Амандасуға да жарамады", "Жетесіз" деп сөгетін болған. Бұдан туатын қорытынды: қазақ халқының амандасу салты — мазмұны жағынан өте бай, ол жастарды кішіпейілділікке, ибалыққа, сыйласымдылыққа баулуды мақсат еткен ата дәстүрі екені даусыз.
Балалар жырының тәлімдік мәні.Халық баланың тілін ширату үшін, оған сөз үйретіп, дүниетанымын дамыту мақсатында жаңылтпаштар ойлап шығарған.
Балбөбектің тілі шығып, балдырған жасында сөздік қоры молая бастаған кезде, кейбір дыбыстарды айта алмай немесе қинала айтады. Тілін мүкістендірмей , мүдірмей сөйлету үшін, қиналып айтатын дыбыстары бар сөздерді бала неғұрлым жиі-жиі дыбыстап айтып, жаңылмай жаттықса, сөйлегенде де мүдірмей, өз ойын толық жеткізетін болады. Жаңылтпаштарды жаттап, жаттыға айту арқылы ана тілін ардақтау, сөз қадірін білу сезімі кқлыптасып, ой-қиялы дамиды, тәлім алады.
Санамақтарды халық, негізінен, жас балаға сан үйрету мақсатымен шығарған. Санамақтар әрі дүние танытады, әрі баланың ойлау қабілетін дамытады.
Жұмбақ. Нақты бір зат туралы тұспалдап, ұқсатып, бейнелеп айту арқылы баланы ойлату, танымдық, білімдік ұғымдар мен түсініктерді ой-қиял елегінен өткізіп, тұжырым жасап, шешімге келуде тапқырлық пен дүниетанымдық дәрежесін байқау үшін, халық ертеден-ақ жұмбақтардың алуан түрлерін шығарған.
Жұмбақтар, көбінесе үйлесімді ұйқасы әсем де ырғақты өлеңмен құрылады.Қара сөзбен жасалған жұмбақтар да баршылық.
Жұмбақтарды жаттап айтумен қатар, кез келген айтушы өз ойынан құрастырып та айта береді, тек жұмбақтың сөздік қисыны, өлеңдік үйлесімі болуға тиіс.
Жұмбақ айтушы неғұрлым көбірек, күрделірек жұмбақтарды тауып айтып, шешіп, жеңуге тырысады. Егер жұмбақ шешуін мүдірмей, айтылған жұмбақтарды дұрыс және толық шеше алса, оның өзі де жұмбақ айтып, жұмбақ айтысы жалғасып, айтушы мен шешуші өз білімдерін сараптайды. Кім көбірек жұмбақ айтып (көбінесе санап отырады), көбірек жұмбақ шешсе, сол жұмбақ айтысуда жеңіп шығып, білімдігін көрсетеді.
Жұмбақтардың дүниетанымдық, ой дамытарлық мәнімен қатар, тәрбиелік мәні де ерекше. Әйткені жұмбақ айтысу, жұмбақтарды жаттау кезінде тәрбиеленуші өзінің білім дәрежесін байқап, көп білуге талпынады, ынта-жігері артады, жауапкершілікке бейімделіп, өнерге талпынушылығы күшейеді.
Жаңылтпаш, жұмбақ, санамақты айту арқылы бала әрі сан үйренеді, әрі жұмбақтың шешуін тауып, ойын дамытады,тілін ширатады.
Тақпақ. Халық педагогикасындағы балалардың бірден жадында қалатын қысқа-қысқа тақпақтар, оларды тақпақ айтуға ынталандырады, еңбекке, адамгершілікке, Отанын сүюге, өнерге тәрбиелейді.
Арнау-тілек өлеңдерді, сұрақтар мен төрт түлік туралы жырларды, тақпақтарды, көбінесе, отбасында ата-аналар балаларына үйретіп , тәрбие ісіне ондай жырларды орынды пайдалана білген.
Ойын өлеңдері. Халық педагогикасындағы ойын өлеңдері қызықты ойындардың эстетикалық әсерін арттырып, балалардың өлең-жырға деген ықыласын, бейімділігін жетілдіруді көздейді. Мысалы:
"Қуырмаш" ойыны әрі баланың көңілін көтеру үшін, әрі еңбекке тәрбиелеп, дүниетанымын арттыру үшін жүргізіледі.
"Ұшты-ұшты" ойыны қызықты өту үшін ұйқас сөздерді тез тауып, оны да бірнеше түрлендіріп айтып, ойын басшысы өзінің ақындық ауқымы арқылы ойыншыларды көңілдендіре түседі.
Ойынның бұл түрінде балаларды жанды заттар мен хайуанаттардың қасиетін ажырата білуге, аңғарымпаздылыққа тәрбиелеу де көзделеді.
"Айтыс ойыны"— өлеңдерінің де халық педагогикасында өз орны бар, халықтық, тәрбиелік мәні бар өлеңдер. Айтыс өнері — қазақ халқының ең сүйікті, есерлі ұлттық өнері. Сондықтан айтыс өнеріне жастайынан баулу үшін, халық айтыс ойынын шығарып, оның өлеңдерін құраған.
Өсиет — ата-бабаның соңғы ұрпаққа айтып қалдырған даналық мұралары. Өсиеттің әулеттік, рулық, ұлттық мәнде айтылған түрлері бар. Ата ұрпғгына "ақыл-сана, ой-еңбек — имандықты, татулықты сақтай біліңдер, әулеттік кәсіп пен дәстүрге кір келтірмеңдер" дегенді білдіреді.
Жырдың үлгі-өнеге, өсиет, насихат ретінде айтылатын түрі — терме деп аталынады. Терме айтушы оның әуенін, көбінесе домбыраға, гармоньға қосады.
Термеші адамгершілік пен зұлымдықты, әділеттілік пен әділетсіздікті, жаман мінез бен жақсы мінезді салыстыра жырлап, тыңдаушыны әділдікке, достыққа, бірлікке, енңбекке, өнерпаздыққа тәрбиелейді. Терме жырлардың, оның әуенінің авторы белгілі болады. Термені жаттап алып, халыққа таратушы өнерпаз-термеші деп аталады. Термені айтушы оны әуенімен қоса жаттайды, сондықтан баланың әуенді абайлап, әсемдік ырғақтарын ажырата білу кқбілетін бағалай білуі керек.
Ата көрген оқ жонар. Ата-бабамыз ұлды өздеріндей еңбек-сүйгіш, малсақ, жауынгер, әнші, күйші, аңшы, кұсбегі — бесаспап азамат етіп тәрбиелеуді мақсат еткен. Жігіттің бойына өнер мен еңбекті, ізгі адамгершілік қасиеттерді қатар сіңірген. Ер баланы бес жасынан бастап ат жалын тартып азамат болғанға дейін мал бағу мен аң аулауға, отын шабуға, қора салуға, ағаштан, теріден, темірден түрлі тұрмысқа қажетті бұйымдар жасауға, яғни қолөнер шеберлігіне баулыған. Әсіресе әкелері мен аталары ұлдарға мал жаюдан бастап, шаруаның алуан тәсілдерін үйретіп баққан. Мысалы, малды ерте өргізу, саулатып коя бермей, алдын кес-кестеп қайырып, тоқтатып жаю, шаңқай туске дейін жусатпауды тапсырған.
Қазақта қонақ кутудің де жазылмаған, бірақ дәстүр болып қалыптасқан заңы бар. Үй иесі қонақты сыйлап, ас-суға тойдырғаннан кейін, жатар алдында өзі ауылдың алты ауыз өлеңін айтып немесе күй шертіп қонағына құрмет көрсетеді де, қонақтан "қонақ кәде" сұрайды.Қонақ өлең, жыр, қисса, ертек, терме, толғау айтып беріп, немесе күй шертіп өз өнерімен үй иелеріне құрмет керсетуге міндетті болған.
Үнемі үйге келген қонақтан өлең-жыр, ертегі, аңыз әңгіме естіп өскен бала да жастайынан сөз өнеріне бейім,өнегелі, өнерлі болып өсуіне әсер еткен, "Қонақ кәде" мен "ауылдың алты ауызы" жастарды сөзшеңдікке, шешеңдікке, ән мен жырға баулып өсіруде белгілі рөл атқарған.
Қазақта жігіттің үш жұрты бар. Ол — өз жұрты, қайын жұрты, нағашы жұрты деп аталады. Ел азаматы осы үш жұртын (өзінің әке жағындағы туыстары мен шеше жағындағы туыстарын, алған жарының ел-жұртын) жақсы ажырата білуі заң болып саналған. Үш жұрттың жай-жапсарын ұлдың әке-шешесі жігітке айтып үйретіп, құлағына сіңіріп отыруды міндет санаған.
Қыз өссе — елдің көркі. Қай ата-ананы алсақ та, қызының ертең барған жерінде балдай батып, судай сіңіп кетуін, жақсы жар, әдепті келін, аяулы ана болуын армандайды. Қасиетті ана қызының тәрбиелі болып өсуі үшін жасынан ақ шашты қарияның алдынан аттатпай өсіреді. Халқымыз "Келіннің — аяғынан, қойшының — таяғынан" дегенде, жана отаудың береке-құтын, ағайын-туыс, ауыл арасындағы беделін, болашақ, ұрпағына дұрыс тәлім-тәрбие беруін келіннің жақсы-жаман қасиеттерімен өлшеген.
Қазақ халқы келіннің келген жерінде жақсы жар, абзал ана, ұқыпты әйел болуы, біріншіден, оның өскен ортасына байланысты десе, екіншіден, келген жеріне де байланысты деп карайды. Жаңа түскен жас келінге енелері қонақ, күту, ас ұстау, бала күту, т.б. мәселелерде үнемі ақыл-кеңес беріп үйретіп отырады. Сондықтан да "Жақсы ауылға келген келін — келін, жаман ауылға келген келін — келсап болады" деп текке айтпаған.
Әйел қандай биік дәрежелі жұмыс істемесін, қайда болмасын оның ең басты міндеті — өмірге ұрпақ әкелу, бала тәрбиелеу. Көп жағдайда отбасының беріктігі әйелге байланысты. Әйел сабырлылығы, кешірімділігі, сыпайылығы т.е.с. жақсы қасиеттерімен үй-ішіне береке әкеп, шаңырақ бақытын орната алады.
Тән сұлулығы. Қыздарға жан-жақты сұлулық: яғни жан сұлулығымен қоса, тән сұлулығы бірдей болғаны жарасады. Жастықтың өзі сұлулықтың, нәзіктіктің белгісі. Қыз балалардың көрікті болып өсуіне ертеде аналары ерекше көңіл бөлген. "Аттың көркі — жалы, арудың көркі — шашы" деп ұққан аналар қыздың шашын дұрыстап күтіп-өсіруді өнер санаған.
Бойжеткен қыздардың киім киісіне де ерекше көңіл бөлген. Қыз балаларға қынама камзол, дүрия бешпент, кәмшат бөрік, қос етек көйлек, биік өкше етік тіктіріп кигізген. Сырға, білезік, шашбау, шолпы сияқты әшекей заттарды тақтырған. "Қыздың көзі қызылда" деген мақал да қыз баланың әшекей заттарға үйірлігін білдіреді.
Ұзатылатын қыздың аулында айтылатын "Жар-жар", "Жұбату", "Сыңсу" өлеңдерінде, келін түсіру тойында орындалатын "Беташарда" қыздың, жас келіннің басты-басты киімдері, сән-салтанаты мадақтала жырланған.
Жаным — арымның садағасы. Қазақ халқы неке тазалығына, қалыңдықтың арын сақтап, қыздың қасиетін жоғары ұстауына өте зор мән берген. "Қызға қырық үйден тыйым, мың сан үйден сын" деп, ата-бабаларымыз қыздың абыройын бүкіл ауыл-аймақ болып қорғаған.
"Ақ неке түні" қазақтың дәстүрлі үйлену тойындағы— қыз үйіндегі тойдың ең маңызды, әрі жауапты сәті. Бұл түні қыз жеңгелері қалыңдық пен күйеуге арнап төсек салып, үстіне ақ шуберек (неке жаулық) төсеп, тілеуін тілеп, екі жасты жеке қалдырады. Қалыңдық ата үмітін ақтап, абыройлы боп шықса, жеңгелері шүберекті орап алып, күйеу және қыз аналарынан сүйінші сұрауға асыққан.
Ар тазалығы отбасы беріктігіне де себепкер болған. Қазан төңкерісіне дейінгі отбасында айырылысу, баланы тірі жетім ету дегеннің болмауына да осы ар тазалығы үлкен әсер еткен.
Табиғат, шаруашылық және наным-сеніммен байланысты өлең-жырлар
Қазақ ауыз әдебиеті үлгілернің бір тобы табиғатты аялау, оны ерекше күш деп бағалаумен байланысты туындаған.
Тәңір сөзі — бізге ежелгі заманнан жеткен көне архаизмдердің бірі, ел арасына кең тараған ұғым. Қазақ біреуге бата бергенде: "Тәңір жарылқасын!" дейді. "Иттің иесі болса, бөрінің тәңірісі бар" деген мәтел де әр нәрсенің иесі, жебеушісі бар деген ұғымды білдіреді.
Қазақтың қариялары ай жаңа туғанда оған қарап тағзым етеді. Содан соң қолын көтере, алақанын жайып:"Ай көрдік, аман көрдік. Бақытты байлық заман көрдік. Амандықпен
осынша жасқа келдік. Ескі айда-есіркедің! Жаңа айда — жарылқа!"— деп бетін сипап, тілек етеді. Үлкендер: "Көкте тәңір бар, жерде әулие бар"— деп балалардың аяғын аспанға көтертпейді. Жазда алғаш жаңбыр жауса: "Дерт-дербезеден басымды аман сақта"— деп жалаңбастанып, жаңбырға басын төсейді. Күн күркіресе: "Ұлудың сайтан ұрған шыбыртқысының дауысы", —дейді.
Жаңа туған жас сәбиді бесікке бөлерде: "Алас, алас, әр пеледен қалас" деп бесікті отпен аластайды. Аластаған отын далаға тастамайды, күлге тастайды. Қазақтар қыстауға көшіп келгенде немесе көшерде аруақтардың мұрынына иісі барсын деп қарындағы сарымайды ашып, оның аузын майымен кесіп алып, жанып тұрған отқа салады.
Ертедегі тотемдік діни түсінік бойынша дүниедегі заттар мен құбылыстардың тектік-тұқымдық байланысы бар деп түсіндіріліп, ер заттың өз атасы мен анасы болады-мыс, олар туып-өсу арқылы дамиды дегенді уағыздап келді. Бұл пікір тұрпайы болса да, бір табан материализмге, биологиялык, өсу заңдылығына жақындай түседі.
Тірі және өлі заттарды бірдей санау, дүниені жаны бар деп білуден, кейіптендіруден (олицотворение) туған.
Қазақ, ауыз әдебиетіндегі үй хайуандарының пірлері: Шопан ата (қойдың), Зеңгі баба (сиырдың), Қамбар ата (жылқының), Ойсыл қара (түйенің), Сексек ата (ешкінің) болып келуі, малға ауру-індет келгенде әр түліктің иелеріне арнап мал сойып, тасаттық беріп, олардың иелеріне жалынып-жалбарыну — осы төтемдік ұғымның, қазақ арасындағы қалдығы. Қарапайым халық мал басының көп болуы сол түлік аталарының мал иелеріне деген көңіл күйіне байланысты деп білген. Сол себепті мал баққан халық малдың басынан ұруды әсіресе тебуді аса үлкен күнә;құт, байлық қашыратын әрекет деп санаған. Мұндай келісімсіз іс-әрекеттерге "Обал болады!", "Жаман болады!" деп тыйым салып отырған.
Ертедегі қазақтар кейбір жыртқыш аңдарды киелі деп санаған. Қасқыр, жолбарыс, бүркіт сияқты түз аңдарының тұяғын, тісі, құлағын, терісін жас нерестенің бесігіне тұмар ретінде іліп қою немесе терісін бесікке жауып қою рәсәмдері соның қалдығы болып саналады.
Әр түрлі жануарларды аулауға кей кездерде тыйым салынған. Бұл тыйым кез келген уакытта емес, дәл сол жануардың балалау кездерінде болған. "Киесі атады!", "Обал болады!" деп уағыздаған.
Қазақ халқының табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін олардың осындай аңыз-ертегілері мен мақал-мәтел, афоризм сөздерінен басқа, күнделікті тұрмыстық тұтыну заттарына түсірілген ою-өрнектерінен де көруге болады. Мысалы, түс-киіздегі өрнектер даланың хош иісті гүл бәйшешегін, бұлақ суларын, тау жоталарын бейнелесе, сырмақтарға әшекейлеп салынған қошқар мүйіз, құс тұмсықтар мен қарлығаш қанаттарын көз алдыңа елестетеді.
Табиғат құбылыстарының өзгерісін, жұлдызды, аспанды бақылаудан туған, халықтың көп жылдық тәжірибесінде жинақталған астрономиялық түсініктер мен білімдер негізінде байырғы қазақ күнтізбесі жарыққа шықты.
Қазақ қауымы негізгі планеталардың жағдайын жақсы білген. Олар жайында өлең-жыр, сан алуан аңыздар шығарған. Қазақтардың жұлдыздарға қойған аттары да өздерінің малшылық өмірінен алынған.
Мысалы: жетіқарақшы — қазақтардың бәріне таныс шоқжұлдыз. Ол — шөміш фигурасын қурастыратын жеті жарық жұлдыз тобы. "Жетіқарақшыны таныған жеті қараңғы тунде адаспас" дейді қазақтар.
Қазақтың байырғы күнтізбесі бойынша 12 айды бір жылға, 3 айды бір тоқсанға, 7 күнді бір аптаға; бір күн, бір түні бір тәулікке есептеген.
Жылдың басы кектемдегі күн мен түннің теңелуінен (наурыздың 22-сі) басталады. Бұл күні Жаңа жыл — "Наурыз" мейрамы өткізіледі.
Бұл кез қардың кетіп, малдың төлдеуі, ақтың шыға бастауына сай келеді. Тұрмыс-тіршілік малмен байланысты елдің "Наурыз береке әкелсін, ақ мол болсын!" деп тілек тілеуі де тегін емес.
Қазақ халқы негізінен мал шаруашылығымен айналысты. Сонымен қатар ертеден-ақ қазақ егіншілікпен де айналысқан. Бірақ оны кең көлемде дамыта алмады. Балық аулау да, аңшылық та қазақта бар кәсіп, бірақ олар негізгі тіршілік амалына айналмаған-ды.
Қазақ өзінің малын қой-ешкі, жылқы, түйе, сиыр деп төрт түлікке беледі.
Қазақ төрт түліктің бәрінің бағып-қағуын, шаруашылық кәсіптегі олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін аңыз, әңгіме, ертегі-жырларда, әсіресе төрт-түлік туралы ертегілер мен өлең-жырларда, мақал-мәтелдерде ерекшс суреттеп отырған.
Қамбар ата — ислам дініне дейінгі нанымдардың бірі, бабаларымыздың сыйынған пірі. Бұл нанымның өзінше поэзиясы, философиясы бар. Кезінде олар халқымыздың ұлттық мінезін қалыптастыруға зор үлес қосқаны даусыз.
Жазда болатын ас-тойлардың бір қызығы — бәйге. Жүйрік аттары барлар жорғаларын, сәйгуліктерін баптап жарататын болған. Аты бәйгеден келген қазақтың қуанғаннан тебесі көкке жеткендей болады. Бәйгені ауылдастары, туған-туысқандары, жолдас-жоралары бөлісіп алған. "Ағайынның аты озғанша, ауылдастың тайы озсын" деген мақалдың шығуына осы дәстур де себеп болуы мумкін.Бұл қазақтың ұлттық мінезінің бір көрінісі.
Қазақтың халық педагогикасындағы аса бай мұра — батырлық жырлар. Ол жырларды жыраулар шығарған. Оларды жыраулар мен жыршылар домбыраға қосып, өз әусндерімен айтады.
Батырлық жырларда ел қорғау, басқыншыларға қарсы күресу кезінде көрсеткен батырлардың ерліктері жырланады, батырлардың отбасына, еліне, Отанына деген суйіс-пеншілігі — шынайы патриоттығы дәріптеледі, көбінесе бірегей ұлға зар болған қарт ата-аналардың арман-тілегінің орындалуы жырланады (Алпамыс, Қобыланды, т.б.).
Батырлық жырлар жастарға тәрбиелік әсер етумен қатар, өткен замандардан мәлімет береді. Оймен бірге тілді де дамытады. Халықтың тұрмыс-салтын, ой-арманын айқындайды, жеке адамдардың өзін-өзі тәрбиелеуіне, мінез-құлықтарының қалыптасуына себепші болған.
Ғашықтық жырлар жастарды адалдыққа, мөлдір махаббатты құрметтеуге, үй болудағы үйлесімділікке тәрбиелейді.
1.3. Үйлену және үй болуға байланысты салт-дәстүрлер.
Отбасы — қоғамның бір бөлшегі. Үйлену, өз алдына отау тігіп, түтін түтету ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан тарихи салт, құбылыс. Қазақ халқында « Бірінші байлық — денсаулық, екінші байлық — ақжаулық, үшінші байлық — он саулық" деген үш тармақты, бір бүтін аталы сөздің бар екені мәлім. Мұны өмір пәләсапасы деуге болады.
Мұндағы "ақжаулық" деген әйел мағынасындағы сөз екені түсінікті. Ежелден ата-аналар балаларын кезінде үйлендіріп, жақсы келін тусіруді мұрат тұтып, мұны тікелей өз қолдарына алып отырған. Оның орынды себебі де бар. Бір үйлі жанның, тіпті бір ауылдың тіршілігін алдымен келетін келін бастайды. От бар жерде өмір бар, жылу-береке бар. Сол отты жағуды халқымыз келінге сеніп тапсырған. Бүгін жас келін — ертең өмірді жалғастырушы, ұрпақ әкелетін ана. Халқымыз ананың өнегелі, өнерлі, сабырлы, салмақты, сыйласымды, тәрбиелі болуын мақсат еткен. Қандай әке-шеше болмасын бәрінен бұрын айттыратын қызының ажар-көркіне ғана емес, адамгершілігік қасиеті қандай дегенге ерекше көңіл бөліп, оның "көргенді, өнегелі" жерден шығуын қалаған. Келіннің сүйген жарына адал, ата-енесіне мейірімді, еңбексүйгіштігіне, елгезек болуына назар аударған. Сондықтан көргенді жермен құда болуды мақсат тұтқан.
Достарыңызбен бөлісу: |