Есік – төр көрсету тойы. Қыздың туған – туысқандары жігіт ауылына қарсы тойға барады. Құда түсу тойындағы кәделер қайталанады
Ұрын той. Күйеу баланың қалындығымен кездесуіне мүмкіндік туғызу үшін ұрын той өткізіледі.
Ентікпе, шатыр байғазысы, балдыз көрімдігі, қыз қашар, күйеу
қашырар, желі тартар, ит ырылдар,
бақан саларо, үйге кірер,кемпір өлді, шымылдық ашар, төсек
салар, қыз құшақтатар, шаш сипар,
көрпе қимылдатар кәделері алынады.
Қыз ұзату тойы. Ат байлар,құдай жолы, шаңырақ көтерер, уық шаншар, туырлық жабар, түндік жабар, отау байғазысы кәделері алынады.Қыз бен жігіт ақ отауда оңаша кездеседі. Некесі
қиылады.Түрлі ойын – сауық өткізіледі, жар – жар
айтылады.Қыз аттанарда «сыңсу» айтады
Келін түсіру тойы. «Беташар» айтылады. Той негізінен қыз
ұзату тойымен бірдей өткізіледі.
Қыз таңдау дәстүрі.
№
|
Қызға қойылатын талаптар
|
Талапқа сай ұлттық түсінік
|
1
|
Қыз бен жігіт арасындағы туыстық жеті атаға толуы
|
Жеті атасын білмеген жетесіз.
Жеті атасын білген жігіт жеті жұрттың қамын ойлайды. Жеті атаға толыстық, жеке ел болыстық.
|
2
|
Қыз бен жігіт арасындағы жас үйлесімі болуы
|
Отау тігер жас – жігеттерде 19 бен 25, ал қыздарға 16 мен 19. Жиырмаға жеткен қыз сары болар, өңі кетіп, шырайы сары болар.
(Шал ақын)
|
3
|
Қыздың ақылдылығы
|
Әйел алсаң, қарап ал ақылдысын, Ол сенің ақыреттік жақың кісің. (Шал ақын)
Жасаулы деп, малды деп байдан алма,
Кедей қызы арзан деп құмарланба.
Ары бар, ақылы бар, ұяты бар,
Ата – ананың қызынан қапы қалма
(Абай)
|
4
|
Қыздың тектілігі
|
Тегіне қарап қызын ал
Соғуына қарап қау ас.
Көріп алған көріктіден,
Көрмей алған текті артық.
Аяғын көріп асын іш,
Шешесін көріп қызын ал.
|
5
|
Қыздың сымбаты мен көркі
|
Әркімдікі өзіне, ай көрінер көзіне.
Сұлу сұлу емес, сүйген сұлу,
Махаббаттың отына күйген сұлу.
Ақылына көркі сай
|
6
|
Қыздың іскерлігі
|
Өнерсіз қыздан без.
Өнегесіз ұлдан без
|
Ер жігітке қойылатын талаптар.
№
|
Халықтық талап
|
Талапқа сай түсінік
|
1
|
Кескін келбеті
|
«Еңсегей бойлы, терең ойлы, өткір көзді, қара қасты, кең маңдайлы, қыр мұрынды, қияқ мұртты, кең иықты, шешен тілді, жау жүректі т.с.с»
|
2
|
Қадір – қасиеті.
|
«Қырандай алғыр, сұңқардай ер, арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қасқырдай өжет, нардай төзімді т. с. с»
|
3
|
Қабілет икемі.
|
Ел басқаратын, дау шешетін, жомарттық жасайтын.
|
4
|
Зерде - зейіні
|
Тылсым сырды ұға алмайтын.
|
5
|
Өнер - өрісі
|
Өмірден әперер сыбағасын
|
6
|
Тапқырлық - ерлігі
|
Дұшпанға найза сұға алатын
|
7
|
Қайрат - қаруы
|
Аяқтан шалғанды жыға алатын
|
8
|
Жігер - күші
|
Қиындықта сыналатын.
|
9
|
Білімі.
|
Биікке бастап шыға алатын
|
10
|
Адалдығы
|
Туған елі мен дос – жарандарына адал болатын
|
11
|
Әділеттігі
|
Қара қылды жаратын
|
12
|
Шыншылдығы
|
Қаймықпастан, турасын айтатан
|
Құдалардың түрлеріне байланысты атаулар.
№
|
Атауы
|
Түсінік
|
1
|
Құда
|
Күйеу мен қалыңдықтың аталары мен әкелері, аға – інілері мен туған туыстары
|
2
|
Құдағи
|
Қарама – қарсы жақтың, әжелері, шешелері, апалары
|
3
|
Құдаша
|
Қарама – қарсы жақтың сіңілері
|
4
|
Бел құда
|
Туылмаған (белдегі) балаға ниет құдалар
|
5
|
Бесік құда
|
Құданың бұл түрі ел ішінде «Қызылдай құда», «қарын құда», «құрсақ құда» деп те аталады.
|
6
|
Қарсы құда
|
Ұлы мен қызын бесіктегі кезінде атастырған құдалар, кейбір жерде «бесік кертпе құда», «бесік кертті құда» делінеді.
|
7
|
Бас құда
|
Бір – бірімен қыз алысып, қыз беріскен қат – қабат құдалар
|
8
|
Жанама құда
|
Екі жақтың сөзін сөйлер құдалар.
|
9
|
Бауыздау құда
|
Мал бауыздағанда бата берген құда.
|
Кіндік кесу дәстүрі.
Р/с
|
Кіндік шешенің атқаратын міндеті.
|
Кіндік кесуге байланысты салт – дәстүрлер
|
1
|
Жүкті болған әйелді күту
|
Екі жас үйленіп жатқан кезден кіндік шеше болуды қалап алатын әйелдер болады. Ол үшін алдымен екі жасты арнайы қонаққа шақырып, өз дастарханынан дәм тарттырады. Осыдан кейін екі үй арасында да қарым – қатынас жиілеп,, жарастық орнайды. Жүкті әйелді күтімге алады.
|
2
|
Босану кезінде басы- қасында болу
|
Толғақ мерзімі жақындағанда жеке үй дайындалады. От жағып, су жылытылады. Үйдің іші – сырты дүние мүлкі мұнтаздай тазаланады. Осы істердің, басы – қасында кіндік шеше ұйтқы болып, жүреді. Жүкті әйелді толғақ үстінде кіндік шеше демеп тұрады және олай – бұлай жүруіне де рұқсат етіледі.
|
3
|
Кіндігін кесу
|
Кіндікті ақбалтамен кесіп, таза жіппен байлап, түбіне күл сепкен. Ақ балтаны өзге нәрсеге пайдаланбай, сақтап қойған. Ер баланың кіндігін ырымдап «үй күшік болмасын» деп қырдан асырып лақтырған. Ал қыз баланың кіндігін «үйдің құты болсын» деген оймен от басы, ошақ түбіне көмеді. Оқымысты болсын днп кітаптың, ат құлағында ойнасын деп аттың жалына байлайды.
|
4
|
Балаға қамқорлық жасау.
|
Дүниеге келген сәбиді емізбестен бұрын таза суға малынған қасқырдың жүнімен ауыздандырған. Бала ер жетіп ел қатарына қосылғанша кіндік шеше өз назарынан тыс қалдырмай әрдайым қамқор болып жүрген.
|
Балаға ат қою дәстүрі.
№
|
Балаға ат қоюдағы салт – дәстүрлер
|
Түсінік.
|
1
|
Артық саусағына қарай ат қою
|
Артық, Артықәлі, Артықбай, Қосекен.
|
2
|
Балаға тіл – көз тимейді деген ниетпен ат қою.
|
Жаманбай, Қойшыбай, Ошақбай, Тезекбай т. Б
|
3
|
Баланың дені сау, жаны берік болуы үшін ат қою.
|
Тасболат, Тастемір, Шымырбай.
|
4
|
Баласы шетіней берген үйде жас сәбиге ат қою.
|
Аман, Амангүл, Есен, Жүрмін, Тұрсын, Тұрсынгүл, Тоқтар.
|
5
|
Бала – шағаларының өмірі ұзақ болсын, көп жасасын деген ниетпен ат қою.
|
Жанұзақ, Жүзбай, Жүзжаса, Мыңжасар, Өмірбек, Сексенбай, Тоқсанбай, Ұзақбай.
|
6
|
Бұрын – соңды болған қару – жарақ аттарына байланысты.
|
Қылышбай, Мылтықбай, Найзабек, Садақбай, Шоқпарбай т. б
|
7
|
Елдің ардақты азаматтарының атын солардай батыр, дана, өнерлі болсын деген ниетпен жаңа туылған балаға ат қою.
|
Абай, Абылай, Ғабит, Жәнібек, Исатай, Сәкен, Сәбит, Сырым, Төлеби, Ыбырай, Махамбет, Қазыбек т. б
|
8
|
Ерекше көзге түсетін белгілеріне қарай ат қою.
|
Анарбай, Қалдыгүл, Қалдыбай, Құдірет, Меңдібай, Сүндет т. б
|
9
|
Ислам дінінің әсеріне байланысты ат қою.
|
Ғали, Жамая, Зылиха, Иса, Мұхамбет, Омар, Оспан, Хадим, Сүлеймен т. б
|
10
|
Қыз аттарына аспан әлемінің, аңдардың, асыл тастардың қымбат металдың нәзік өсімдіктердің атын қою.
|
Айман, Алтын, Еңлік, Жібек, Жұлдыз, Күміс, Құралай, Мақпал, Меруерт, Раушан, Шолпан, Шынар т. б
|
11
|
Мерзімінен бұрын дүниеге келген балаға ат қою.
|
Лекер, Шалабай, Шалабек.
|
12
|
Мұрат – мақсатыма жеттім – ау деген ниетпен.
|
Арман, Бақыт, Мақсат, Мұрат
|
13
|
Соңғы балаға ат қою.
|
Кенжебай, Кенжетай, Кенжегүл
|
14
|
Төрт түлік мал, аң мен құстарға байланысты.
|
Арыстан, Алабай, Бота, Ботагөз, Бүркіт, Қойшыбай, Сандуғаш.
|
15
|
Ұлы жоқ үйде қыз туғанда
|
Болған, Тойған, Ұлболсын, Ұлжан, Ұлту, Ұлтуған т.б.
|
Шілдехана тойы.
№
|
Шілдеханада орындалатын салт – дәстүрлер.
|
Түсінік.
|
1
|
Бала дүниеге келген күні кешке ауыл жастары шілдеханаға жиналады..
|
Әйел аман – есен босанған күні кешке ауыл жастары шілдеханаға жиналады. Шілдехана кейде үш күнге созылады.
|
2
|
Өнерлі жастар таң атқанша жаңа туған баланы, оның анасын ардақтап ән салып, күй тартады.
|
Бұған өерлі жастар шақыртпай келіп, таң атқанша көңіл көтереді.
|
3
|
Қыз – келіншектер мен бозбалалар айтысады.
|
Қыз – келіншектер мен бозбалалар айтысып, жеңгендері тоғызын алады.
|
4
|
Әртүрлі ойындар ұйымдастырылады.
|
Жастар түнді қуаныш қызықпен өткізеді.
|
5
|
Шілдеханаға тек қана жастар қатысады.
|
Шілдеханаға ауыл үлкендері қатыспайды. Жаңа туған нәрестені әртүрлі жын – шайтан, перілердің салқынынан қорғап, күзету халық сенімі бойынша тек қана жастардың міндеті.
|
Баланы бесікке салу дәстүрі.
№
|
Баланы бесікке салуда орындалатын салт – дәстүрлер.
|
Түсінік
|
1
|
Бесіктің жабдықтарын орын – орындарына қою
|
Кіндігі түскен баланы бес күннен кейін бесікке салады. Бұл томалаққа жиналған ауылдың көрші – қолаң әйелдері шашуларын ала келеді. Баланы бесікке салардан бұрын ауылдың жасы үлкен, беделді әйелі бесік жабдықтарын орын – орындарына қояды. Содан кейін бесікті адыраспанмен аластап шығады.
|
2
|
Адыраспан түтінімен бесікті аластап шығу.
|
Баланың ұйқысы тыныш болу үшін және жын – шайтанды қуу мақсатымен адыраспанды отқа жағып, түтетіп, баланы бесікке бөлерден бұрын бесікті айналдыра ырымдайды. Кейде бесіктің бел ағашына қыздырылған темір тигізіп, те ырымдайды.
|
3
|
«Тыштыртыма» ырымын жасау.
|
Баланы бесікке бөлерден бұрын тыштырма ырымы жасалады. Бесіктің түбек тесігі арқылы бауырсақ, кәмпит және басқа тәтті дәмдер жапа тарамағай астына тосылған алақандарға тасталады. Басқарушы әйел, «тышты ма» дегенде, қасындағы әйелдер іле – шала «тыштым» деп шу ете түседі. Әрбір жақсылықты үнемі шашу шашумен қарсы алатын халқымыздың бұл дәстүрі балаға бесік құт дарытсын деген ниетпен туған рәсім.
|
4
|
Бала бөленген бесіктің үстіне жеті нәрсе жабу.
|
1 – бесік көрпе, одан кейін шапан, кебенек, тон жабу, жүген және қамшы сияқты бұйымдармен жабады. Тон, шапан жабу ержеткенде халықшыл болуына, жүген тез өсіп, ат үстіне ойнақ салсын. Кебенек пен қамшы – ел қорғайтын ер болсын деген тілек.
|
Баланы қырқынан шығару дәстүрі.
№
|
Баланы қырқынан шығаруда орындалатын салт – дәстүрлер.
|
Түсінік.
|
1
|
Ұл баланы қырқынан шығару мерзімі.
|
Ұл баланы қырқынан 37, 39 күнде шығарады. Бұл ұл баланың қызға төлейтін қалың малы аз болсын деген ниетте істеледі.
|
2
|
Қыз баланы қырқынан шығару мерзімі.
|
Қыз баланы қырық күннен асырып 42 – 44 күнде қырқынан шығарады.
|
3
|
Баланы шомылдыру.
|
Бұл кәдеге жиналған ауыл әйелдері ыдысқа 40 қасық су құйып, теңгелер салған суға баланы шомылдырады.
|
4
|
Сүт тырнағын алу
|
Баланың тырнағын алғаннан соң адам баспайтын жерге көміп тамтайды.
|
5
|
Қарын шашын алу.
|
Бұл шашты шүберекке түйіп, тұмарша етіп, тігіп, баланың оң иығына қадайды. Жалпы баланың шашын еш уақытта ашық – шашық жерге тастамайды. Адам аяғы баспайтын жерге көміп отырады. «Қарын шаштың қарғысы қатты болады» деген мақал да осы салтқа байланысты.
|
6
|
Ит көйлегін ауыстыру.
|
Баланың қырқынан шыққанша киетін «ит көйлегіне» сәбиді қырқынан шығару үстінде түрлі тәттілерді түйіп, бір иттің мойынына байлап қоя береді. Жас балалар итті қуып жетіп, тәттілерді өзара бөлісіп алады. Бойныа бала бітпей жүрген әйелдер қалап алатын дәстүр бар. Баланың анасы ит көйлекті жыртып береді.
|
Нәрестені тіл – көзден сақтау дәстүрі.
№
|
Нәрестені тіл – көзден сақтау дәстүрлері.
|
Түсінік.
|
1
|
Нәрестені тіл – көзден сақтау дәстүрлері.
|
Нәрестені тіл – көзден сақтау үшін нәрестенің бесігіне, киіміне тұмар ретінде, жылан басын, үкі, тоғыз моншақ, күміс тиындарды іліп қойған.
|
2
|
«Көз тиді» деп секем алу.
|
Егер «көз тиді» деп секем алған жағдайда сол адамның үйінен бір нәрсесін әкеліп түтетеді. Осылайша қас күштердің беті қайтады. Баланы тіл – көзден сақтайды деген сенім болған.
|
3
|
Нәресренің ата – анасы әлде біреудің нәрестеге сұқтана қарағанын, «балаң балпақтай» екен деген сөзін көңіліне алу.
|
Егер нәрестенің ата – анасы көңіліне алған жағдайда, іле – шала оған түкірту ырымын жасатады. «Көзінде қалы бар адамның қарағаны тегін жібермейді» деп осындай белгісі бар адамның келуінен қатты сақтанады.
|
4
|
Нәресте сұлқ түсіп, қатты ауырып қалған кезде.
|
Осының «көзі тиді - ау» деген адамды таптырып алып, оған түкіртеді. Басқа да сан түрлі ұшықтау ырымдарын жасайды.
|
5
|
Нәрестеге жұрттың назары түспеуі үшін.
|
Нәрестені көзден тасалап, оған көбінесе жаман – жәутік, ескі – құсқы кигізіп, бет аузына әдейі күйе жағып қояды.
|
Достарыңызбен бөлісу: |