Семинар №1(2 сағ) Тақырыбы: Халық ауыз әдебиетіндегі балаларға арналған үлгілер



бет1/4
Дата22.09.2023
өлшемі69 Kb.
#182023
түріСеминар
  1   2   3   4
Байланысты:
Балалар әдебиеті мәнерлеп оқу практикумымен (семинар )
история моей школы, Ғалым апа, Оқу сауаттылығы

Семинар №1(2 сағ)
Тақырыбы: Халық ауыз әдебиетіндегі балаларға арналған үлгілер
Жоспар:
1.Бастауыш сыныптарға арналған «Әдебиеттік оқу» оқулықтарындағы тұрмыс-салт жырлары, мақал- мәтелдер, жұмбақтар және жаңылтпаштарды тақырып тұрғысынан қарай топтастыру;
2. Тұрмыс-салт жырлары, мақал мәтелдер, жұмбақтар және жаңылтпаштардың танымдық, тәрбиелік мәнін ашу, бала тәрбиесіндегі рөліне тоқталу;
3. Халық ауыз әдебиеті үлгілерінің аталған әр тобынан бес-алты түрін айту.


Бақылау сұрақтары:
1. Тұрмыс-салт жырлары түрлері, олардың ерекшеліктері
2. Балаларға арналған жан-жануарға және наурызға байланысты жырлардың тәрбиелік мәні
3. Бесік жыры, тұсау кесу жырының бала дамуындағы тәрбиелік танымдық рөлі.


Семинар №2 (2 сағ) Ертегілер балаларды адамгершілікке тәрбиелеу мектебі
Жоспар:
1. Балаларды жамандықтан еріншектіктен, жалқаулықтан, өтірік айтудан аулақ болуға құрылған, еңбекке үндейтін ертегілерді талдау, нақты мысалдар келтіру, жүйелі әңгімелеп беру
2. «Байлық пен ақыл», «Жақсылық пен жамандық» ертегілерін оқу,сахналап көрсету.
Бақылау сұрақтары:

  1. Қазақ ертегілерін тақырыбына қарай қанша топқа бөлінеді?

2. Хайуанаттар (жан- жануарлар) жайындағы ертегілер қай сыныптардан бастап оқытылады?
3. Реалистік (тұрмыс-салт) ертегілерге мысал келтір.


Семинар №3 (2 сағ) Батырлар жырының тілдік көркемдік сипаты
Жоспар:
1.«Қобыланды батыр» жырынан қайталауларға, монолог, диалогтарға, гиперболалық бейнелеулерге, әсірелеу мен эпитеттерге нақты мысалдар келтіру.
2.Әдебиеттану сөздіктерінен бұл ұғымдардың анықтамасын жазып келу.


Бақылау сұрақтары:
1. Қазақ фольклорының тарихи сипаты басым құнды саласы – эпостық жырлар туралы не білесің ?
2. Ғалым Ә.Марғұлан қазақ эпосын қалай топтастырған ?




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет