Семинар №4 (2 сағ) М.Өтемісұлының өлеңдеріндегі отансүйгіштік тақырыбы
Жоспар:
1.М.Өтемісұлы өмірі, шығармалары.
2.«Ереуіл атқа ер салмай», «Қызғыш құс», «Жайықтың бойы көк шалғын» өлеңдерін жатқа айту, танымдық, тәрбиелік мәнін ашу.
Бақылау сұрақтары:
1. М.Өтемісұлының өмірі, өмір сүрген дәуірі, балаларға арналған өлеңдері
2. Елін, жерін сүю, Отанын қорғау екендігі, ақын өлеңдерін көркемдік ерекшеліктері (ассонанс, аллитерация).
3. XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ халқының ұлы ағартушыларының әлеуметтік саяси, философиялық және этикалық көзқарастары.
Семинар №5 (2 сағ) Ы.Алтынсариннің балаларға арналған өлеңдері.
Жоспар:
1. Ы.Алтынсариннің «Қарабатыр» ертегісін әңгімелеу, тәрбиелік мәнін ашу.
2. «Кел балалар, оқылық» , «Өзен» өлеңдерін жатқа айту.
Бақылау сұрақтары:
1. Ы.Алтынсариннің өмірі, ағартушылық қызметі, балалар әдебиетіне қосқан үлесі, оның шағын әңгіме жазу шебері.
2. Балаларға арналған әңгімелері, олардың тақырыптары еңбек, адамгершілік мәселесі
3. Бастауыш «Әдебиеттік оқу» оқулықтарында берілу жайы мен оқыту жолдары.
Семинар №6 (2 сағ) А.Құнанбаевтың табиғат лирикасы
Жоспар:
1. Абайдың қара сөздерінің тәрбиелік мәніне тоқталу.
2. Абайдың «Қыс», «Жазғытұры», «Жаз», «Күз», «Желсіз түнде жарық ай» өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу.
Бақылау сұрақтары:
1. Абайдың қазақ балалар поэзиясын мазмұн жағынан тереңдетуші, түр жағынан жаңартушы, ірі ойшыл, әдебиетіміздің классигі екендігіне тоқтал.
2. Балаларға арналған табиғат лирикасы, өнер-ғылымға шақырған өлеңдері, қара сөздері, аудармалары, лирика ұғымының мағынасын ашып көрсет..
3.Бастауыш «Әдебиеттік оқу» оқулықтарында берілу жайы мен оқыту жолдарына тоқтал.
Семинар №7 (2 сағ) С.Торайғыров, С.Дөнентаевтың балаларға арналған шығармалары
Жоспар:
1.Бастауыш сыныптарға арналған «Әдебиеттік оқу» оқулықтарындағы аталған ақын жазушылардың шығармаларын мәнерлеп оқу, талдау жасау.
2.С.Торайғыровтың «Туған еліме» өлеңін жатқа айту, С.Дөнентаевтың «Ауырған арыстан» мысалын сахналау.
Достарыңызбен бөлісу: |