Семинар №11 (2 сағ) С.Сейфуллин және І.Жансүгіров шығармаларындағы табиғат лирикасы
Жоспар:
1.С.Сейфуллин және І.Жансүгіровтің табиғатты суреттеуде қолданылған көркем сөздерінің сөздіктерін құрастыру.
2. Сәкен поэзиясындағы поэтикалық бейнелер – аққу, киік.
3. І.Жансүгіровтің табиғатты суреттеудегі өзіндік қолтаңбасы.
4. Ақындар шығармашылығындағы Абай дәстүрі.
Бақылау сұрақтары:
1. С.Сейфуллиннің, І.Жансүгіров шығармаларындағы суреткерлік шеберлік, тіл өрнегі.
2. Ақындар шығармаларындағы табиғат лирикасы және патриотизм тақырыбы.
Семинар №12 (2 сағ) М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы Абай образы
Жоспар:
1.Төрт томдық эпопеядағы Абайдың бейнесі, әр кітаптағы ақын шыққан биіктікті, оның өсу, даму жолын саралай талдау.
Бақылау сұрақтары:
М.Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына тоқтал.
Балаларға арналған қандай шығармасын білесің, тоқталып өт.
Семинар №13 (2 сағ) Ұлы Отан соғысы жылдарындағы балалар әдебиеті
Жоспар:
1. Балалар әдебиетіндегі соғыс тақырыбы соғыс жылдарындағы балалар өмірі туралы шығармалар (С.Мұратбеков «Жусан исі»).
2. Б.Бұлқышевтің публицистикасындағы Отанға сүйспеншілік, жауға өшпенділік мотивтері.
Бақылау сұрақтары:
1.Соғыс тақырыбындағы балалар әдебиетінің өзекті мәселелелері.
2. Отанға сүйспеншілік, жауға өшпендік мотивтері (Ж.Жабаев, Ғ.Мүсірепов шығармашылығы негізінде).
Семинар №14 (2 сағ) Қазіргі балалар поэзиясы
Жоспар:
1. М.Мақатаев, Т.Айбергенов, Қ.Мырзаәлі, С.Жиенбаев, А.Асылбеков т.б. балаларға арналған өлеңдері.
2. Балалар поэзиясындағы тақырыптың әр түрлілігі.
Бақылау сұрақтары:
Балалар әдебиетіндегі тарихи тақырыптарға тоқтал.
Балаларға арналған шығармалардағы бала табиғатына тән мінездердің көрінуі.
Қазақ балалар поэзиясы басты тақырыптары.
Қазақ балалар поэзиясының табыстары туралы не айтуға болады?
Семинар №15 (2 сағ) 1960-2000 жылдардағы балалар прозасының өкілдері
Жоспар:
1. Балалар жазушылары М.Иманжанов, С.Бегалин, Б.Соқпақбаев т.б. өмірі мен шығармашылығы.
2. Қожа образы арқылы балалар әдебиетіне келген тың бағыт.
Дәріс 14. Қазақ балалар драматургиясы
Жоспар:
Балаларға арналған драмалық шығармалар.
Драматургиядағы шығармалар тақырыбы.
Достарыңызбен бөлісу: |