Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі "ОҢТҮстік" инновациялық институты бекітілді



бет1/5
Дата12.02.2020
өлшемі0,51 Mb.
#57865
  1   2   3   4   5
Байланысты:
БББ каз МФ 1 06.02 (2)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

"ОҢТҮСТІК" ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

БЕКІТІЛДІ:

"Оңтүстік" инновациялық институтының

Ғылыми Кеңесінің шешімімен

Ректор Е.И.Кистаубаев


Хаттама №___ «____»________20___ ж.

6В01501 – Математика-Физика
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Бағдарламаның циклы: бакалавриат 6 деңгей ҰБШ/СБШ/ХСБЖ

Білім беру саласының коды және атауы: 6B01 Педагогикалық ғылымдар

Даярлау бағытының коды және атауы: 6В015-Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау

Берілетін дәрежесі: 6В01501-Математика-Физика білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры

Жалпы кредит көлемі: 240 академиялық кредит/240 ECTS

Типтік оқу мерзімі: 4 жыл

Бағдарлама типі:

Жаңа

Қолданыстағы
Инновац иялық

Шымкент 2020 ж.

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР:



Аты-жөні

Қызметі

Байланыс деректері

Қолы



Жылысбаева А.Н.

Оқу және инновациялық технологиялар жөніндегі проректор

+7705-413-12-47






Ториева А.Ш.

СМЖ және аккредиттеу бөлімінің меңгерушісі

+7701-320-54-58






Абдрашова Э.Т.

«Математика және техника» кафедрасының меңгерушісі, аға оқытушы, магистр

+7-777-593-43-13






Джунусбеков Д.С.

ф.-м.ғ.к., аға оқытушы

+7-701-578-60-90






Керимбаева К.З.

Аға оқытушы, магистр

+7-705-849-55-13






Касимова Н.А.

Аға оқытушы, магистр

+7-701-349-86-72






Саржанова К.А.

А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназияның директоры

+7-775-720-08-34





САРАПШЫЛАР:



Аты-жөні

Қызметі

Қолы



Мырзалиева Г.Б.

Оқу- әдістемелік бөлімінің меңгерушісі






Леубаев М.

Академиялық қызмет бөлімінің меңгерушісі






Ертаев Е.Ж.

Жаратылыстану және бизнес факультетінің деканы, э.ғ.к.






Иманбаев Н.С.

ОҚМПУ, математика кафедрасының профессоры, ф-м.ғ.к.






Асилов Н.

ЖШС «Жалын» жалпы орта мектебі



Білім беру бағдарламасы «Жаратылыстану және бизнес» факультетінің оқу-әдістемелік комиссиясында қаралып бекітілуге ұсынылды.

Хаттама № __ «___» 2020 ж.

Факультет деканы: ________________ Ертаев Е.Ж.

Білім беру бағдарламасы институттың оқу-әдістемелік кеңесінде қаралып, бекітілуге ұсынылды.

Хаттама № __ «___» 2020 ж.

Институттың оқу-әдістемелік кеңесінің төрайымы: ________________ Мырзалиева Г.
Білім беру бағдарламасы институттың Ғылыми кеңесінде бекітілді.

Хаттама № __ «___» 2020 ж.



МАЗМҰНЫ




Кіріспе

4

  1. 1.

Нормативті құжаттар

5

  1. 2.

Анықтамалар мен қысқартулар

6

  1. 3.

Білім беру бағдарламасының паспорты

7

  1. 4.

Білім беру бағдарламасының сипаттамасы

8-9

4.1 Білім беру бағдарламасының мақсаты

4.2 Білім беру бағдарламасының негіздемесі

4.2.1 Студенттер үшін

4.2.2 Еңбек нарығындағы қажеттіліктер тұрғысынан

4.3 Білім беру бағдарламасының ерекшеліктері

  1. 5.

Бітірушінің біліктілік сипаттамасы

10

5.1 Берілетін дәреже

5.2 Кәсіби қызметінің тізбесі

5.3 Кәсіби қызметінің саласы

5.4 Кәсіби қызметінің нысаны

5.5 Кәсіби қызметінің түрлері және қызметі

  1. 6.

Білім беру бағдарламасының құрамы

11-13

6.1 Бітірушінің құзыреттілік моделі

6.1.1. Бағдарлама мақсаттарын бітірушінің оқу нәтижелерімен сәйкестендіру

14-15

6.2 Бітірушінің білім беру бағдарламасын игерудегі оқыту нәтижесі мен қалыптасатын құзыреттіліктерінің пән модульдерімен байланысы

16-17

    1. Оқу нәтижелерін бағалау саясаты




18

6.4 Кәсіптік практика

19

6.5 Жалпы қалыптасатын құзіреттермен білім беру бағдарламасы бойынша нәтижелерді сәйкестендіру матрицасы (қосымша 2.1)

20

6.6 Пәндер бойынша мәліметтер (қосымша 2.2)

20-34

  1. 7.

Білім беру бағдарламасының құрылымы (бекітілген жұмыс оқу жоспары. Қосымша 2.3)

35


КІРІСПЕ

Білім беру бағдарламасы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына, Жоғары білім берудің Еуропалық кеңістіктегі біліктілік шеңберіне (AFrameworkfor Qualificationsofthe European Higher Edication Area), Дублин дескрипторларына, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына негізделе отырып әзірленген, жоғары білім беру саласындағы халықаралық құжаттармен, «ECTS қолданушысының нұсқаулығы» («ECTS Users’ Guide»), «Еуропалық ЖОО-лардағы білім беру құрылымын баптау» («Tuning Educational Structures in Europe») бағдарламасының ұсынымдарымен үйлестірілген. Қазақстан Ұлттық біліктілік шеңберінің 6 деңгейіне, Еуропалық біліктілік шеңберінің (The European Qualifications Frameworkfor Lifelong Learning) 6 деңгейіне сай.

Оқытудың нәтижелері Дублин дескрипторларының деңгейлерінің негізінде анықталып, құзыреттіліктер арқылы көрсетілді. Қалыптасатын құзыреттіліктер кәсіби стандарттарға, бітіруші және еңбек нарығының қажеттіліктерін терең зерттеу нәтижелеріне, сондай ақ ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлауға және біліктілігін көтеруге негізделген.

Білім беру бағдарламасында оқыту және бағалау әдістері құзыреттілік бағыт идеологиясына сәйкес келтіріліп оқытудың соңғы нәтижесіне негізделіп жасалған.

Білім беру бағдарламаларының құрылымы мен мазмұны толықтай сəйкестендірілген. Білім беру бағдарламалары жұмыс берушілердің сұраныстарына сəйкес жаңартылып отырады.

НОРМАТИВТІК ҚҰЖАТТАР

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жыл 30 тамыз.

2. Еуропалық білім және өмір бойы білім берудің біліктілік шеңбері (EQF). Еуропалық Парламенттің және Еуропалық Одақ Кеңесінің ұсынысы бойынша мақұлданған. 2008 жылғы 23 сәуір

3. Еуропалық жоғары білім аумағы үшін біліктілік шеңберлері. Болон процесіне қатысушы мемлекеттердің министрлері мақұлдады. 19-20 мамыр 2005 жыл

4. ҚР "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 13-1) тармақшасына сәйкес.(01.01.2019 жылғы жағдайындағы жаңа өзгертулер мен толықтырулармен)

5. Ұлттық біліктілік шеңбері. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 24 қыркүйектегі және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 444 бірлескен бұйрығы. ҚР БҒМ-нің жанындағы әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу туралы РТК хаттама.

6. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін кадрларды даярлаудың жіктеуіштік бағыттарын бекіту туралы ». Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 13 қазандағы № 569 бұйрығы.

7. «Білім берудің барлық деңгейлеріндегі мемлекеттік білім беру стандарттарын бекіту туралы». Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы.

8. «Білім берудің кредиттік технологиясы бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы». Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 563 бұйрығы

9. «Білім беру ұйымдарының тиісті типтері бойынша үлгі ережесін бекіту туралы». Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 Бұйрығы.



10. Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 29 қазандағы № 592 бұйрығы.
11. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 988 қаулысы

АНЫҚТАМАЛАР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
Еуропалық біліктілік шеңбері (EQF) – ұлттық біліктіліктерді салыстыратын және білім терминінде, құзыреттілік және дағды терминдерінде әр қайсысы сипатталған, бір біліктіліктің екінші біліктіліктен сапалық артықшылығын көрсететін сегіз деңгейден тұратын құрылымдық кестені көрсетеді.

Ұлттық біліктілік шеңбері - сегіз біліктілік деңгейінен тұрады, бұл Еуропалық біліктілік шеңберіне және 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған білім деңгейлеріне сәйкес келеді. ҰБШ салалық біліктілік шеңберін, кәсіби стандарттарды әзірлеу үшін жалпы кәсіби құзыреттердің біліктілік деңгейлерінің бірыңғай уәкілін айқындайды.

Дескрипторлар - студенттердің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің тиісті деңгейінің (сатысының) білім беру бағдарламаларын аяқтаған соң ие болатын білім, білік, дағды және құзыретінің деңгейлері мен көлемінің сипаттамасы.

Құзыреттер – студенттердің оқыту процесі кезінде алған білім, шеберлік және дағдысын кәсіптік қызметте практикалық тұрғыдан қолдана білу қабілеті.

Негізгі (түйінді) құзыреттілікНегізгі құзыреттілік сала ерекшелігіне қарамастан барлық мамандар бойынан табылу керек деп қарастырылған, себебі құзыреттілік маман біліктілігінің негізін құрайды

Оқу нәтижелері - білім, дағды, қабілеттер, құзыреттілік тілінде көрсетілген және білім беру бағдарламасының барлығын немесе бір бөлігін аяқтау арқылы білім алушылардың түлектердің не істей алатындығын сипаттайтын студенттер мен түлектердің күтілетін және өлшенетін нақты жетістіктері.

6B – бакалавриат

БББ – білім беру бағдарламасы

ЖОО – жоғары оқу орындары

ЖК – жоғары оқу орнының компоненті

ТК-таңдау компоненті

ОН-оқу нәтижелері

ХСББЖ-Халықаралық стандарттық білім беру жіктеуіші

ҰБШ-Ұлттық біліктілік шеңбері

СБШ-Салалық біліктілік шеңбері

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ПАСПОРТЫ

Жоғары білім беру – бакалавриат даярлау бағдарлама циклы:

Бірінші цикл бакалавриат 6В деңгей

Білім беру саласының коды және атауы:

6B01 Педагогикалық ғылымдар


Даярлау бағытының коды және атауы:

6В015 – Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау

Білім беру бағдарламасының атауы

6В01501 – Математика-Физика

Халықаралық стандарттық

білім беру жіктеуішіндегі код



0114

ХСББЖ бойынша деңгей


6

ҰБШ бойынша деңгей


6

СБШ бойынша деңгей


6

Жалпы кредит көлемі:

240 академиялық кредит/ECTS

Берілетін академиялық дәрежесі:

6В01501 – Математика-Физика білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры

Типтік оқу мерзімі:

4 жыл


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет