Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты


Оқушылардың ақпараттық мәдениеті ұғымының қалыптасуы



бет14/159
Дата18.07.2020
өлшемі0,7 Mb.
#75373
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   159
Байланысты:
Информатиканы окыту адистемеси Койбагарова Ельтинова
жыныс мүшелері
1.5.4. Оқушылардың ақпараттық мәдениеті ұғымының қалыптасуы

Информатикадан орта мектептерге арналған оқу құралдарының [4], [18], [25] бірнеше нұсқаларына өткізілген байқаудан кейін информатика саласынан оқушыларға білім беру мазмұны, мақсаттары кейбір бөлімдерде әртүрлі баяндалғандығын байқадық.

Мысалы, [25] оқу құралы авторларының бағдарламасына түсіндірме хатта «жалпы білім беретін орта мектепте информатиканы оқытудың негізгі мақсаты - оқушылардың алгоритмдік ойлауын дамыту және курстың орталық ұғымы - алгоритмдер, ал оқу іс-әрекетінің негізгі мазмұны алгоритмдерді құру және талдау» деп айтылған [2,38,4-б.].

Сол кездері басқа оқу құралдарының [4] авторлары өздерінің бағдарламаларында «өмірге қажетті есептерді ЭЕМ көмегімен шығаруды оқушыларға оқыту курстың негізгі мақсаты болып табылатындығын» баяндайды [2,38,32-б.].

Сонымен информатиканы оқытудың мақсаттарына әдеттегіден тыс түсінік беріледі - «ол ЭЕМ-де ақпаратпен жұмыс істеу шеберлігі: ақпаратты жазу, оқу, санау және сурет салу, іздеу, жинау және компьютерлік бағдарламалармен жұмыс істеу» [2].

Информатика курсын оқыту тәжірбиелерін таңдау, мектепте информатиканы оқыту мақсатының жаңа түсінігі – мектептегі оқу процесіндегі ақпараттық мәдениетті қалыптастыру мен информатика негіздерін меңгеруді бірнеше кезеңге бөлу қажеттілігін туындатты.

Сонымен орта мектепте информатикадан үздіксіз білім беру мақсатында оны оқыту төменгі сатыларға түсірілді. 11 жылдық мектепте информатиканы оқытудың жаңа мақсатын жүзеге асыру үш кезеңді қамтиды:

Бірінші кезең (I-VІ) – пропедевтикалық. Бұл кезеңде оқушылар компьютермен алғаш танысады, ойын бағдарламаларын және қарапайым компьютерлік жаттықтырушыларды математика, физикада және т.б. сабақтарда қолдануда ақпараттық мәдениеттің алғашқы әлементтері қалыптасады.

Екінші кезең (VІІ-ІХ) – негізгі курс, оқушылардың информатикадан жалпы білім алуы негізін қамтамасыз етеді. Ол оқушылардың есептерді шешудегі ақпараттық технологияның әдіс- тәсілдерін меңгеруге, кәсіптік, оқу әдістеріне компьютерді тиімді және саналы қолдануға дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Үшінші кезең (Х-ХІ) – оқушыларды информатика саласында қызығушылығына байланысты және кәсіптік дайындық бағыттары көлем бойынша кәсіптік сараланған оқыту ретінде білімнің жалғасуы.

Оқушылардың информатиканы ертерек үйренуіне байланысты мектептегі барлық оқу пәндерін оқып-үйренуде жаңа ақпараттық технологияның әдістері мен тәсілдерін жүйелі қолдану мүмкіндігі жоғарылайды.

Міне, бұл фактор информатика саласында оқушыларға білім берудің мақсатын қайта бөлу мәселесін қамтамасыз етеді. Сондықтан кіші сыныптардан бастап компьютерді барлық пәндерді оқытуға қолдану оқушылардың компьютерлік сауаттылық икемділіктері жалпы оқыту сипатына ие болады және ол тек информатика курсында ғана емес, барлық оқу пәндерінде қалыптасады. Айтылғандардан шығатыны, информатика курсы төмендегенде компьютерлік сауаттылықтың көптеген компоненттері ерте, әрі басқа пәндер арқылы қалыптаса бастайды.

Төменде жалпы білім беретін мектептерде информатиканы оқытудың жобаланған мақсаттарының толық сипаттамасы келтірілген [2]: 1. Ғылыми дүниетаным негіздерін қалыптастыру.

Бұл жағдайда, ең алдымен әңгіме: әлемнің қазіргі кездегі ғылыми бейнесі құрылатын, ғылымның үш негізгі ұғымдарының: зат, әнергия, ақпараттың біреуі ретіндегі ақпарат туралы түсінікті қалыптастыру туралы; табиғаты әртүрлі өзін-өзі басқару жүйелерінің құрылысы және жұмыс істеуінің ақпараттық принциптерінің бірлігі туралы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет