Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



бет6/159
Дата18.07.2020
өлшемі0,7 Mb.
#75373
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   159
Байланысты:
Информатиканы окыту адистемеси Койбагарова Ельтинова
жыныс мүшелері
жалпы әдістемелік бөлім – онда информатиканы оқыту әдістемесінің жалпы теориялық негіздері, бағдарламалық және аппараттық жасақтамалар қарастырылады;

жеке (нақты) әдістемелік бөлімінде мектептегі информатика курсының пропедевтикалық, негізгі және бағдарлы оқу кезеңдеріндегі басты тақырыптарды оқыту әдістемесі қарастырылады.

Мұнда қоғамның алға қойған мақсатына байланысты информатиканы оқытудың заңдылықтары анықталып, информатика дамуының нақты кезеңіне сай зерттеледі.

Оқу үрдісінде оқушыларды оқыту нәтижелерінің тиімділігі көбінесе мұғалімдердің кәсіптік дайындығына, педагогикалық шеберлігіне байланысты. Пәнді меңгеру нәтижесінде болашақ информатика пәні мұғалімі білім беруді ақпараттандыру жағдайындағы мектептің жұмысына толық дайындалып шығуы тиіс.

Қазіргі уақытта информатиканы оқыту әдістемесі қарқынды даму үстінде, оның көптеген мәселелері теориялық жағынан әлі де зерттеуді талап етеді.

Педагогика ғылымының осы саласы тұтас, әрі толық бір мәнді болу үшін информатиканың барлық деңгейде оқытылуы зерттелуі керек: мектепке дейінгі кезеңде, мектепте, орта оқу буындарының барлық типтерінде, жоғары мектепте, информатиканы өзінше оқитындар үшін. Жалпы оқытудың негізгі мақсаты – оқушыны дамыту. Осы мақсатқа сәйкес жас және педагогикалық психологиясында, сондай-ақ оқыту теориясында негізгі орын алған мәселе - дамыта отырып оқытуды зерттейтін бағыт.

1.3. Информатика пәнін орта мектепке енгізу кезеңдері

Информатика оқу пәні ретінде барлық типтегі мектептерге 1985 жылдың 1 қырқүйегінде енгізілді. Жаңа оқу пәні «Информатика және есептеуіш техника негіздері» (ИЕТН) деп аталды. Жалпы білім беретін мектепте бұл пән жоғарғы екі сыныпта оқытылды (ол кезде бұл 9-10-сыныптар болды).

Жалпы білім беретін мектептің оқу жоспарына біртіндеп енгізілген, информатика пәні туралы мағлүмат ертеден белгілі болды. Бұл процесс оқушылардың кибернетика және бағдарламалау элеметтерін оқып үйрену тәжірибелерінен басталады. Білім беру тарихында мектептің білім беру жүйесіндегі және қоғамдағы маңызды сапалы қорларды сипаттайтын, толық назар аударарлық бірнеше кезеңдер ерекшеленеді. Бұл жинақталған қорлар (дүниетану, оқуәдістемелік, ұйымдастырушылық) өткен ғасырдың 1980-жылдардың ортасында информатиканың жеке пән түрінде мектепке енуін және қалыптасуын қамтамасыз етті [2,4-б.]. Орта мектептерге ИЕТН пәнін енгізуінің алғы шарттарына қысқартып жалпылама шолу жасайық1.

Мектеп информатикасының дамуында, оқыту парадигмаларының ауысуы және оған сәйкес информатиканы оқыту әдістемелік жүйенің өзгеруі бойынша бірнеше (әдетте үш) кезеңді ерекшелеуге болады.

Бірінші кезеңде (1950 жж. ортасынан 1985 ж. дейін) өндірістік оқыту шеңберінде орта мектепте кибернетиканы және информатиканы оқыту курсының екі – жалпыбілімділік және қолданбалы бағыттары пайда болды. Жалпыбілімділік бағытында оқыту – ақпараттық процестерді, табиғаты әртүрлі жүйелердің құрылысы мен басқарылу принциптері, ақпаратты өңдеуді автоматтандыру мәселелеріне арналды (9-10 сыныптар үшін В.С. Ледневтің, А.А. Кузнецовтың: «Основы кибернетики» факультативті курстары). Қолданбалы бағыты бойынша – жоғарғы сынып оқушыларын есептеуіш техника саласында кәсіби дайындау шеңберінде, ЭЕМ құрылымы және бағдарламалауға негізделген курс (В.М. Монахов, С.И. Шварцбурд және және б.) оқытылды.

Екінші кезең (1985ж. – 1980 жж. аяғы) мектептің оқу жоспарларына «Информатика және есептеуіш техника негіздері» міндетті курсын енгізумен (1985 ж.) сипатталады. Курсты оқыту үшін А.П. Ершов және В.М. Монаховтың жетекшілігімен авторлар ұжымы құрастырған бірінші оқулығы қолданынысқа енді (1.1-кесте).

Үшінші кезең (80-жж. аяғы 90-жж. басы) әртүрлі авторлар ұжымы (В.А. Каймин, А.Г. Кушниренко, А.Г. Гейн) құрастырған үш оқулықтың қолдануымен байланысты. Мектептерде 80-жылдардың аяғында информатика бойынша ЭЕМ-ді қолдануға бағытталған оқулықтардың және оқу бағдарламаларының қажеттілігі өсті. Кеңес одағының мектепті компьютерлендіру мәселесіне көңіл аударғанына «Информатика и образование» (ИНФО) деп аталатын жаңа ғылымиәдістемелік журнал баспасының пайда болуы куә болады, бұл журналдың бірінші саны 1986-1987 оқу жылында шықты. Ал Қазақстанда 1992 жылы Қазақстан Білім министірлігінің ғылымиәдістемелік педагогтік «Қазақстан мектебі» журналының «Информатика, Физика, Математика» атты қосымшасы жарық көре бастады [2, 24 б.].

80-жж. аяғынан бастап білім берудің барлық деңгейлерінде информатиканы оқытудың мазмұны маңызды өзгерістерге түсуде: бағдарламалауға бөлінген сағаттар саны азайып, ақпараттық технологияларды оқытуға бағытталды. «Әр оқушыға – компьютерлік сауаттылық!» деген жаңа мақсат қалыптастырылды.

Шын мәнісінде мектеп информатикасының тарихында жаңа кезең 1993 жылдан басталады. Сол жылы Ресей федерациясында базистік оқу жоспары қабылданды. Онда нформатиканы оқытуды 7-сыныптан бастап оқыту ұсынылды және пәннің атауы «ИЕТН»-нен «Информатика»-ға ауысты. Қазақстан Республикасында жалпы білім беретін мектептерде оқытылатын барлық оқу пәндері бойынша алғашқы білім стандарты мен базистік оқу жоспары (БОЖ) 1998 жылы жасалған болатын. Кейін 2002 жылы қайтадан Мемлекеттік білім беру стандарты жасалынды. Алдағы уақытта Қазақстан мектептерінің 12 жылдық оқытуға көшуіне байланысты информатика аумағында мектепте білім берудің орны және құрылымы мәселесі дами бастады2.

1-кесте. Информатика пәнінің даму кезеңдері



60-70 жж.

- информатика кәсіптік дайындыққа дейінгі арнаулы оқу орындарында оқытылды.

70-нің аяғы

80-нің басы.



- информатиканы мектеп оқу үрдісіне енгізу бойынша жасалған жеке эксперименттер (Мәскеу, Санкт Петербург, Новосибирск, Прибалтика) жүргізілді.

1984 ж.

«Мектептік білім беру реформасы» атты Кеңес Одағының Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің пленумы болды.

Информатиканы мектепте міндетті түрде оқыту мәселесі қойылды.



1985 ж. қыркүйек

- информатика мектептің оқу үрдісіне енгізілді. Осы кезеңде «Бағдарламалау – екінші сауаттылық» атты ұран жарияланды.

1992 ж.

«Әр оқушыға – компьютерлік сауаттылық!» мақсаты қойылды.

1996 ж. шілде

Ресей ЮНЕСКО конгресінде «Білім беру және технологиялар саласындағы саясат» атты баяндама жасады.

1996-

2000жж.


- информатика пәндік саласын технологияландыру

2001жылдан бастап

12 жылдық білім беру кезеңіне көшу басталды. Информатиканы оқытудың 3 кезеңі ұсынылды:

1) пропедевтикалық; 2) базалық; 3) – кәсіптікке дейінгі (сараланған)








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет