3.2. Қорытынды бақылау
3.2.1. Қорытынды бақылаудың негізгі нысандары
Қорытынды бақылау информатика пәнінің негізгі курсына оқытудың нәтижелерін бағалауға мүмкіндік береді және оқушылардың білімдері мен іскерліктеріне түзету енгізуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде қорытынды бақылаудың әртүрлі нысандары мен әдістері жүзеге асырылады, оған ауызша емтиханды, жазбаша аттестациялау жұмыстарын, тестілеуді, жобалар немесе рефераттарды қорғау нысандары түріндегі аттестациялауды жатқызуға болады.
Жазбаша емтихан оқушылардың қорытынды аттестациялауының дәстүрлі нысаны болып табылады. Әртүрлі сыныптардың билеттері тапсырмалардың дәрежесі мен көлемі бойынша әртүрлі болып келеді. 9 - сыныптар үшін- бір ауызша сұрақ және тәжірибелік жұмыс; 11 сыныптар үшін - екі ауызша сұрақ және бір тәжірибелік жұмыс.
Жазбаша аттестациялау жұмысы көптеген таңдауы бар жабық түрдегі тестік тапсырмалардан, теориялық негіздер бойынша сұрақтардан, машықтану тапсырмалары мен есептерінен тұрады.
Тестілеуге бақылау жұмысы жатады және үш бөлімнен тұрады: балама жауаптары бар жабық түрдегі тестілеу, ашық түрдегі тестілеу тапсырмалар, олар толықтыруды және тиісті түрде қалпына келтіруді талап етеді, тестілеу стиліндегі машықтану тапсырмалары.
Жобалар мен рефераттарды қорғау түріндегі аттестациялау бойынша осы жұмыстар алдын ала дайындалып, ұсынылады.
Ауызша емтихан
Ауызша сұрақтарды құрастыру келесі түрде жүзеге асырылады:
Біріншіден, негіздемені, пайымдауды, талдауды талап ететін теориялық сұрақтар қойлады. Екінші сұрақ – теориялық-тәжірибелік, оған оқушы компьютерді пайдалану арқылы жауап береді. Машықтану тапсырмасы бағдарламалық құралдармен жұмыс істеу дағдыларын, іс-әрекеттердің негізгі тәсілдерін (немесе тиімді) тексеруге, берілген тапсырманы орындау кезіндегі алған білімді пайдалана білуге бағытталады.
Оқушылар нақтылы мысалдар арқылы бағдарламалық құралдардың мүмкіндіктерін көрсете алады деп ойлаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |