Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты


Қорытынды аттестациялаудың ауызша емтихан ұйымдастыру бойынша нұсқаулар



бет84/159
Дата18.07.2020
өлшемі0,7 Mb.
#75373
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   159
Байланысты:
Информатиканы окыту адистемеси Койбагарова Ельтинова

3.2.2. Қорытынды аттестациялаудың ауызша емтихан ұйымдастыру бойынша нұсқаулар

Ауызша емтиханды ұйымдастыру кезінде кез келген мектеп пәні бойынша информатика курсының арнайы ерекшеліктерін есепке ала отырып, емтихан өткізу бойынша қойылған барлық талаптар сақталады. Оқушылардың емтиханға дайындықтарын бірнеше кезеңге бөлуге болады:



Бірінші кезең – оқушылардың емтиханның алдын ала дайындалу үшін қажетті сұрақтарымен кем дегенде емтиханға дейін 2 - 3 ай бұрын танысулары керек. Емтихан сұрақтарымен оқушыларды өздері қиналатын тақырыптарды қайталау үшін жылдың басында да таныстыруға болады. Бұндай жағдай сирек кездеседі. Мысалы, оқытушының ауысуы, баланың басқа мектепке ауысуы, мекенжайдың өзгеруі және басқа объективтік жағдайлар информатика пәні бойынша толық білім ала алмауына септігін тигізеді.

Екінші кезең – оқытушының қайталауды аяқтауды ұйымдастыру үшін оқушының жалпы алған білімінің көрінісін анықтау. Информатиканың негізгі тарауларын жылдың аяғында оқушының білімін тексеріп, кемшіліктерін тауып, түзету үшін қайталауға 4-8 сағат бөлуі қажет. Осы кезеңде информатиканың негізгі тараулары бойынша тесттер пайдаланылуы мүмкін немесе әрбір тараудан кейін немесе бірнеше тарауларды қайталағаннан кейін тестілеу кезеңкезеңмен өтуі мүмкін.

Үшінші кезеңді мынадай жағдайда ұйымдастыруға болады. Стендке сұрақтарды және оқытушының түсініктемелері жазылған машықтану тапсырмаларын, емтиханға қалай дайындалу жөніндегі қысқаша нұсқаулар, оқулықтардың тізімін іліп қою керек және соңында информатиканың тестілеу кезінде айқындалған күрделі тараулары бойынша бірді - екілі кеңестер беру керек. Кеңестер беру кезінде нақтылы емтихан сұрақтарының жауаптары бойынша мысалдар келтіріп отыру керек. Оқытушы өз көзқарасы бойынша қандай да бір топқа қатысты күрделі сұрақтарға байланысты түсініктеме беруі керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет