3.5. Зертханалық жұмыстар
Оқушылардың жаңа тақырыпты түсіну, меңгеруі оқу материалының белгілі бір бөліктерін сабақтастыра жүзеге асады.
Зертханалық жұмыс жүргізу кезіндегі режимі. Бұл жұмыстың қызықтылығы сол, ол компьютерді эксперимент деректерін түгендеу үшін пайдалануға жол ашып қана қоймайды, есептік және табиғи эксперименттерді қиыластыруға мүмкіндік береді.
Техникалық жоғары оқу орындары оқытушыларының пікірінше, компьютерлік оқыту құралдары негізінде физикалық практикум ұйымдастыру оқу-әдістемелік кешен жасауды қажет етеді. Ол кешенге «Оқушылардың есептегіш техника мен эксперименттік қондырғының дағдылы эксперименттерінің тығыз бірлігі негізінде физикалық эксперименттің арнайы ортасын ұйымдастырудың перспективалық бағыттары туралы түсінігін қалыптастыруды көздейтін сабақ мақсатына қол жеткізуіне бағдарланған.
Кез келген радиоэлектрондық қондырғыларды жинағанда қазіргі заман талабына сай физикалық немесе математикалық модельдерді қолдану мәселелері туындайды. Физикалық модельдеу үлкен қаражат жұмсауға алып келеді, себебі қондырғының жобасын жасауда заманға сай технологияны қолданып, зерттеу жұмыстарын жасау керек болады. Мысалы: үлкен немесе аса үлкен интегралдық микросхеманы құруда, физикалық модельдеуде қондырғының құрылысы өте күрделі болатындығынан пайдалану мүмкін еместігін көруге болады. Сондықтан, осы қиыншылықтан шығу үшін есептеуіш техникасының мүмкіндігі мен әдісін қолданып математикалық модельді құру арқылы жол табуға болады.
Оқушыларға зертханалық сабақты қызықты, әрі тиімді өткізу үшін, сонымен бірге зертханалық жұмыстарды орындау барысында теориялық және практикалық қолданысы жағынан мамандырылған ақпарат жүйелерін (есептуіш техникаларын) пайдалану негізгі мәселелердің бірі болып саналады.
Бағдарлама жеңіл игеріле отырып, жұмыста қолданылу тиімділігі артады. Зертханалық жұмысқа қажетті физикалық құралжабдықтар бағдарламаның негізгі менюінің тақталарынан алынады. Қолданбалы бағдарламада электр тізбектерін жинастыру, оның жұмыс істеу тәртібін қалыптастыру, элементтердің параметрлерін әр түрлі шарттарға сай орналастыру, графикалық нәтижелерін бейнелеу жолдары ұтымды шешілген. Бұл бағдарламаға оқу процесін түгелде енгізу қажет деген пікірде емеспіз. Оқушыларға виртуальды зертханалық жұмыспен бірге нақты зертханалық жұмыстарды да қатар жүргізу керек екендігін ескерте кету қажет. Себебі, оқушылар электр тізбегін теориялық жағынан басқаруды біледі де, практика жүзінде бұлар іске аса бермейді. Алғашқы бастамалардан кейін оқушылар практикалық жұмыстың артықшылығын аңғарады.
Достарыңызбен бөлісу: |